ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1. тақырып «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылысының ерекшеліктері»
Сабақ мақсаты:
жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия синдромының даму себептері және тетіктерін меңгеру
Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия синдромының даму себептері және жағдайына сипаттама беруді
жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия, синдромының патогенезіне сипаттама беруді
ситуациялық есептерге қортынды жасауды
асқазан сөлденісінің көрсеткіштерінің өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.
Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері.
Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары
Асқазанның шырышты қабатының зақымдануының себептері және дамуы
Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.
Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.
Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш қату және іш өту, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.
Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы мен патогенезі.
Үйрету мен оқытудың әдістері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: ситуациялық есептерді шешу, «мылқау» кестелерді толтыру.
Машықтық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |