Калькулезды холецистит
Жедел панкреатит
Асқазанның ойық жара ауруы
Созылмалы колит
Жедел гастрит
!38. 10 жастағы қыз. 2 жыл бойы бала сол жақ қабырғаастындағы ауырсынуға, ауру сезімі арқасына беріледі, белдемелі түрде ауырады. Ауырсыну бірнеше рет құсумен бірге жүреді. Майлы тағамнан кейінн қоздырылады. Төсекте мәжбүрлі қалыпта, тізесін ішіне қарай қояды. Тілі ақ жабынмен қапталған. Іші кепкен, эпигастрий аймағында, Шоффар аймағында, Дежарден, Майо - Робсон нүктелерінде өткір ауырсыну.
Ең ықтимал алдын-ала диагноз қандай?
Калькулезды холецистит
Созылмалы панкреатит
Асқазанның ойық жара ауруы
Созылмалы колит
Жедел гастрит
!39. 13 жастағы бала жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш қатуға шағымданады. Тексеру кезінде: тілі дымқыл, сәл ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында орташа ауырсыну, ішек бойымен шу байқалады. Жиі іш қатулар болады. ЖҚА, ЖЗА, копрограмма қалыпты, ирригография, ректороманоскопияда ерекшеліктері жоқ.
Ең ықтимал диагноз қандай?
Созылмалы колит
Тітіркенген ішек синдромы
Жедел аппендицит
Созылмалы энтерит
Жіті ішек инфекциясы
!40. 14 жастағы қыз, іштің төменгі бөлігіндегі және сол жақ жартысындағы ауырсынуға шағымданады, нәжіс аз мөлшерде, сұйық, кейде қанмен, дефекация кезінде ауырсыну, ентігу. Қатты әлсіздік, шаршаудың жоғарылауы алаңдатады. 2 жыл бойы ауырады. Объективті: дене температурасы 37,30 с. тері астындағы май тіндері нашар дамыған. Тілі дымқыл, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, тоқ ішек аймағы орташа ауырады. Диагноз: Бейспецификалық жаралы колит.
Биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Гипербилирубинемия
Гипопротеинемия
Гиперпротеинемия
Гипокалиемия
Гипонатрийемия
!41. Қыз, 3 жаста. Температураның 38,7 С дейін көтерілуіне, іштің және белінің ауырсынуына шағымданды. Тері сарғыш реңкпен бозғылт. Гепатоспленомегалия. Зәр мен нәжіс қара қоңыр түсті. Эритроциттер-3,0 х 1012/л, Hb -72 г/л, ЦПК - 1,0; лейкоциттер 14,0 х 109/л; СОЭ - 50 мм / сағ, ретикулоциттер - 232‰. Тромбоциттер-210 х 109/л. анизоцитоз. "Аутоиммунды гемолитикалық анемия" алдын-ала қойылған диагноз.
Диагнозды қай зерттеу сенімді түрде растайды?
Қара зәр және нәжіс
Ретикулоциттер саны
Осмотикалық төзімділік көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: |