МАЙМЫЛ ШЕШЕКТІ ЖҰҚТЫРУ ОҚИҒАЛАРЫ ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ КӨП КЕЗДЕСЕДІ? - МАЙМЫЛ ШЕШЕКТІ ЖҰҚТЫРУ ОҚИҒАЛАРЫ ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ КӨП КЕЗДЕСЕДІ?
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, Африканың он шақты елінде жылына мыңдаған адам маймыл ауруын жұқтырады. Солардың көпшілігі жыл сайын шамамен 6,000 жағдай жайында хабарлайтын Конгода тіркеледі. Ал, Нигерияда бұл індет былтыр шамамен 3,000 тұрғыннан анықталған.
- Дегенмен, кейбір сарапшылардың пікірінше, денсаулықты бақылау жүйесіндегі кемістіктер салдарынан бұл ауруға шалдыққан көптеген адам есепке алынбай жатқан тәрізді.
- Маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары кейде Африкадан тыс жерлерде, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда сирек байқалады. Бұл фактілер әдетте "Қара құрлыққа" саяхаттаушылардан немесе сол континенттің осы вирус кең тараған аймақтарында жануарлармен байланыста болғандардан анықталады.
- 2003 жылы АҚШ-тың алты штатында 47 адамның маймыл шешекке шалдыққаны расталды. Олар қауіпті вирусты Ганадан әкелінген кішкентай сүтқоректілердің қасында болған үй иттерінен жұқтырған.
Инкубациялық кезең - Инкубациялық кезең
- Инфекция уақыты мен симптомдардың басталуы арасындағы алшақтық 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін, бірақ әдетте 6-13 күн.
Тәуекел топтары - Тәуекел топтары
- Бір шаңырақ астында онымен бірге тұратын адамдар, мысалы, отбасы мүшелері, адамнан жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, ортопоксвирустармен жұмыс істейтін медициналық мекемелер мен зертханалардың қызметкерлері қауіпті.
- Өлім ықтималдығы
- Әр түрлі штаммдар үшін вирустың өлімі (жағдайлардың жалпы санынан қайтыс болғандардың пайызы) 0% - дан 11% - ға дейін бағаланады. Соңғы уақытта эндемиялық аймақтарда бұл диапазон 3-6% деңгейіне дейін төмендеді. Еуропада басталған індет әлі өлімге әкелген жоқ.
- БҰЛ ЖАҒДАЙЛАР НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?
- Ерекшелік сол - маймыл ауруы Африкаға бармаған адамдар арасында алғаш рет таралып жатқан сияқты. Бұл оқиғалардың көпшілігі ерлермен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдарға қатысты болып отыр
- Африкалық инфекция Еуропаның Ұлыбритания, Италия, Португалия, Испания, Франция, Германия, Бельгия, Швеция тәрізді елдерінде табылды.
- Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі елдегі жұқтыру жағдайларының бір-бірімен байланысты еместігін айтады. Ал, Португалияда бұл инфекция жыныстық денсаулық клиникасында анықталды: оған барған ер пациенттер жыныс мүшелері зақымданғаны үшін көмек сұраған.
- Сәрсенбі күні АҚШ үкіметі Канадаға жақында барып қайтқан ер адамнан маймыл шешек анықталғанын хабарлады. Канаданың қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі болса, екі жағдайды растап отыр. Бұған дейін Квебектің медицина қызметкерлері Монреаль аймағында 17 оқиғаға күдіктенетінін мәлімдеген еді.
- Испанияның денсаулық сақтау органдары індетпен күресу үшін шешекке қарсы мыңдаған дәрі сатып алды, деп хабарлайды жергілікті El País газеті.
- Виктория денсаулық сақтау департаментінің дерегінше, Австралиядағы алғашқы жағдай Ұлыбританияға барғаннан кейін ауырып қалған ер адамнан анықталған.
- Жалпы алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауру әлемнің 11 еліне жетіп, 80-ге жуық жұқтыру оқиғасының расталғанын хабарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |