С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Режиссерлік ойындар дамуының педагогикалық жағдайлары



бет157/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Режиссерлік ойындар дамуының педагогикалық жағдайлары

Режиссерлік ойындарға басшылық ету жеке формаларының басым болуына, сонымен қатар оларға нәзік сырлас сипат тән болуына байланысты қиындық тудырады. Сондықтан режиссерлік ойындарды дамытудың маңызды жағдайы – балаларға жеке кеңістікті жасау, ойынға арналған уқыт пен орынды қамтамасыз ету. Әдетте бала ойынға бақылаушылардың


356
(балалардың, ересектердің) назарынан қорғанған бұрышты іздейді. Үйде балалар үстелдің астында ойнағанды ұнатады, әсіресе егер де оған көрпе жапса, маңайына орындықтар мен креслолар қойса. Мектепке дейінгі мекемеде балалар ойнау үшін жатында, шешінетін бөлмеде, ал учакеде – бұталардың, веранданың артына және т.б. жекеленуге тырысады. Өкінішке орай, ғимараттың типтес жобалары баланың жеке ойынындағы қажеттілікті ескермейді. Көптеген мектепке дейінгі мекемелерде (біздің және шетелде) ойынды дамыту үшін тиісті жағдайларды ұйымдастыру талпыныстары жасалады: топтық бөлменің бірыңғай кеңістігін жиһаздың арнайы қойылымымен «бөледі»; балалар өз қалауы бойынша қоятын жеңіл перделерді,

экрандарды енгізеді. Басқа да архитектуралық жаңашылдықтарды ендіреді: топтық бөлмеде галереямен, сүйеніштері бар баспалдақтармен біріктірілген бір, екі және үш қабатты құрылғылар, жайлы текшелер, подиумдар және т.б. орнатылады. Ірі ойын жабдығы пайдаланылады (үйшіктер, қоршаулар, террасалар, вагоншалар), ол болса, балаға өзін құрдастарынан толығымен оқшаулануды сезбей, жекеленуге мүмкіндік береді.


Режиссерлық ойындардың басым жеке сипатын ескере отырып, педагог бала әрекетіне жанама басшылық етуге мәжбүр болады. Ойын материалын шебер таңдау, нәрестенің мүдделеріне жауап беретін жаңа ойыншықты ендірумен ойынның пайда болуына жағдай жасалады. Сөйтіп, Саша кеше зообаққа барғаны туралы қызығушылықпен айтып отырғанын естіп, педагог оған ұсақ жануарлардың жинағын ұсынып, сұрақ қояды: «Сен қандай жаунарларды көрдің? Айтып, көрсет». Зообақ ойыны пайда болады, жануарларға арналған торды жасау қажет етіледі, құрылыс материалы қолданысқа енеді, содан кейін адамдардың пішіні пайдаланылады (келушілер, қызметкерлер).


Ықыласты педагог балалардың мультфильмді, оқыған кітапты талқылап жатқан жағдайын оларды режиссерлық




357
ойында әсерлері менбілімдерін бейнелеуге итермелеу үшін пайдалануға тырысады.

Кейде балаға: «Винни-Пух Үй қоянында қонақта не болғанын көрсетші, өтініш»,- деу ақылға сыярлық. Баламен кітаптағы иллюстрацияларды көруге, содан кейін персонаждар туралы айтып беруді, не істеп жатқанын көрсетуді сұрауға болады. Мұндай педагогикалық тәсілдер балада ойыншықтар, заттар көмегімен жағдаятты жеңіп шығуға ықпал етеді.


Балалар ойынды оның басталған уақытынына дейін «көруі» үшін оларды педагогпен бірге шығармашылық жасауға тартқан мақсатқа сай. Бірге шығармашылық жасауға шықару әр түрлі көрінуі мүмкін: «Ойыншық қораз туралы ертегіні бірге құрастырайықшы»; «Маша қуыршағының туган күнін қалай тойлайтынымызды екеуміз бірге ойластырайықшы»; «Мен ертегіні бастаймын, ал сен оны аяқтайсың»; «Мен бір оқиғаны айтамын, ал сен оны көрсетесің» және т.б.


Режиссерлік ойындар үшін ойын материалдарын іріктеу – олардың дамуы үшін қажетті жағдай. Сюжеттік ойыншықтар, олардың мазмұнының бала тәжірибесіне жақындығы, бала әсерлеріне байланысты жаңа ойыншықтарды шұғыл ендіру – осының барлығы ерте және ішінара орта мектепке дейінгі жастағы балалардың режиссерлық ойынын педагогикалық басқару щеңберіне енеді. Мазмұнына қарай жаңа ойыншықты педагог оны таныс сюжетке енгізу үшін алдымен өзі жеңіп шығады. Мысалы, тәрбиеші К.Чуковскийдің ертегісін оқып болғаннан кейінАйболит ойыншығын ұсынып, дәрігер образымен байланысты әрекеттерді көрсетеді. Жоғары мектепке дейінгі жаста балалар ойын алаңына жақсы келісетін, біршама детальді, мазмұнды болатын ұсақ ойыншықтарды пайдалануды қалайды. Атаулы кезеңде қоршаған әлемнің көптеген құбылыстары, заттары туралы жалпыланған ұғым қалыптасады. Сондықтан балалар ойыншық-орынбасарларды, көп қызметті ойыншықтарды шын көңілімен пайдаланады.


Осындай көпқызметті материал ретінде режиисерлік ойындар




358
үшін Е.М.Гаспарова сызбалық безендірілген түрлі көлемдегі текше пішінді балалар ойыншығын алуды ұсынады (көтеріңкі көңіл-күй, көңілсіздік белгілері бар адам келбеттері). Е. Е. Кравцова осы текше пішінді балалар ойыншығының мазмұнын трансформациялады: олар балаларға көлік құрлдарының әртүрін, жиһаз заттарын, жануарларды, телефон және т.б. алмастырады. Шығармашылықты дамыту мақсатында Е. Е. Кравцова 6-7 жастағы мектеп жасына дейінгі балаларға «бос кубиктерді» беруді ұсынады. Сонда балаларда оларды ресжиссерлық ойын сюжетінің дамуына сәйкес безендіру мүмкіндігі пайда болады.

Осындай кубиктерді, режиссерлық ойындарға арналған басқа да заттарды сияқты мектеп жасына дейінгі балалар өздері қолдан жасап шығара алады (педагогтің ұсынысы бойынша, атаулы жұмысқа өздерінің ата-аналарын тарта отырып, оның қатысуымен және т.б.). тәрбиеші ойын материалын сақтап қоюды ойластырады. Балалардың барлық қажетті заттарды өздері таңдап (адамдардың, жануарлардың кішкентай фигуралары, үйшіктер, көше жабдықтары және т.б.), ойын аяқталған соң оны орнына қойғандары маңызды.


Ойнап жатқан балаға тура нүсқауларды, ескертулерді айтудан алшақ болған мақсатқа сай. Проблемалық тапсырма («Сенің Дымбілмесің Айдан қалай бірақ шықты деп ойлайсың?»), ой салатын сұрақ («Қуыршақ Машаның ұйықтайтын уақыты болған жоқ па?»)қойылымына жүгінген абзал. Алайда режиссерлық ойынға осылай араласу да баланың ойынын бұзбайтындай, тактикалық, оның ерекшеліктерін ескеретіндей болуы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет