С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Педагогикалық жүйелердегі дидактикалық ойындар



бет180/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

416
Педагогикалық жүйелердегі дидактикалық ойындар

Халық педагогикасында қалыптасқан дидактикалық ойындарды балаларды тәрбиелеу және оқыту мақсатымен кеңінен пайдалану, ғалымдардың зерттеулерінде және көптеген педагогтардың практикалық қызметтерінде өз дамуын тапты. Негізінде, мектепке дейінгі тәрбиелеудің педагогикалық жүйесінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады.


Мектепке дейінгі тәрбиелеудің алғашқы педагогикалық жүйелерінің авторы Фридрих Фребель бастапқы білім берудің мақсаты тек оқытудың қарапайым мағынасында емес, ойынның ұйымдастырылуында екендігіне сенімді болған. Ойын болып қалғанымен, сабақ ойынға толық енуі қажет. Ф.Фребель балабақшадағы балаларға тәрбиелік-білім беру жұмысының негізі болып табылатын дидактикалық ойындар жүйесін әзірледі. Бұл жүйеге оқыту мақсатттары мен ойын әрекеттерінің күрделенуінің өсу қағидасымен қатаң орналасқан әртүрлі ойыншықтармен, материалдармен (доп, кубиктер, шарлар, цилиндрлер т.б.) ойналатын дидактикалық ойындар кірді. Ойындардың оқыту әсерін күшейту мақсатымен Ф. Фребельдің және оның оқушыларының жазған тақпақтары, өлеңдері, рифмалық әңгімелері көптеген дидактикалық ойындардың міндетті элементі болып табылады.


Бала тәрбиешілеріне көмек ретінде, Ф.Фребельдің


дидактикалық ойындарын толық сипаттайтын, ойын әрекеттерінің реті көрнекті түрде көрсетілген иллюстрациялық материалдары, сөздік және әндік сүйемелдеудің текстері мен ноталары бар оқу құралдары шығарылды.


Ф.Фребельдің өзі және оның шәкірттері мен ізбасарлары алғашында Германияда, кейіннен басқа мемлекеттерде өздерінің ұсынған дидактикалық ойындар жүйесін жоғары бағалаған. Алайда бала қызметінің қатаң реттілігі, білім алудың көңіл көтеруге зиян келтіруі, балалардың тәрбиешінің іс-әрекеттеріне, сөздеріне еліктеуге негізделген ойын жүргізу методикасы,




417
фребелдік балабақшалардың жұмысымен танысқан атақты педагогтардың критикалық сын-ескертулерін тұғызды (К. Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л. Н. Толстой, Е.И.Тихеева).

Авторы Мария Монтессори болып табылатын дүниежүзіне белгілі басқа дидактикалық жүйе де әртүрлі бағаланды. Балабақшаның білім беру процессінде ойынның алатын орнын анықтау бойынша М.Монтесорридің ұстанымсы Ф.Фребельдің ұстанымына жақын болды: ойын оқытушылық болу керек, олай болмаған жағдайда ол баланың дамуына ешқандай әсері жоқ «бос ойын» болып табылады. Ол ойын-сабақтарды оқытушыларға сенсорлық тәрбилеу үшін қызықты дидактикалық материалдар жасады. Соңғысы, Монтесорридың ойынша мектепке дейінгі жастағы және кіші жастағы баллаларды оқытудың негізін құрайды. Бұл материалдар (пернелік тақтайлар, сандық штангалар, түймелері бар рамкалар,


куб-вкладыштар және т.б.) баланың өз ерік-жігерін, шыдамдылығын, бақылаушылық пен өзіндік тәртібін дамыта отырып, білім ала отырып, белсенділігін жаттықтыра отырып, өз қателіктерін тауып оларды жоялатындай етіп жасалған.


Мектепке дейінгі тәрбиелеудің отандық педагогикалық жүйелерінің алғашқы авторы Е.И. Тихеева дидактикалық ойындардың жаңа тәсілін жария етті. Тихееваның ойынша олар оқу, әңгімелесу, сурет салу, ән айту, гимнастика, еңбекпен бірге балалармен жасалатын тәрбиелік-білім беру жұмысының компоненттерінің тек бірі болып табылады. Балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігін Е.И.Тихеева, баланың қызығушылықтарымен қаншалықты үндес болатындығымен, оған қаншалықты қуаныш силайтындығымен, баланың қаншалықты белсенділігі мен дербестігін көрсете алатындығымен тікелей байланыстырады. Е.И.Тихееваның ұсынған ойындарында оқыту мақсаттары сыртқы сезім жаттығуларының, бала сенсорикасының шеңберінен асады. Олар ойлау операцияларының (салыстыру, жіктеу, жалпылау) қалыптасуын, сөйлеуді жетілдіруді(сөздікті




418
байыту, заттарды сипаттау, жұмбақтарды құрастыру), қашықтықта, уақытта, кеңістікте бағдарлана алу қабілетін дамытуды көздейді. Осы және тағы басқа мақсаттардың орындалуы (есте сақтау қабілетінің, зейінінің, коммуникативты білімдерінің дамуы) ойын мазмұнының өзгеруін, дидактикалық материалдардың арсеналының кеңеюін талап етті. Табиғат әлемінің , әлеуметтік қарым-қатынастардің, қолөнер заттарының байлығымен бірге айналадағы қоршаған өмір дидактикалық ойындардың мазмұнына айналды. Е.И.Тихеева бүгінгі күнде мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын дидактикалық материалдарды, үстел ойындарын әзірледі. Ол мезгілдік киім комплектісі, тұрмыс ыдыстары бар қуыршақтар, бірдей суреттер мен геометриялық мозайкалар қағидасымен құрастырылған үстелдік ойындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет