С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет178/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тапсырма



  1. Құрылыс материалдарымен ойнаудың үлкен тәрбиелік құндылығ бар екенін дәлелдеңіз.




  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды сенсорлық тәрбиелеу мақсаттарын еске түсіріңіз, құрылыс материалдарымен ойнауда олар қалай шешілетіндігін талдаңыз.




  1. Құрылыс материалдарымен ойын ойнауда балаларды біріктірудің тәсілдерін анықтаңыз (кіші, отраша, үлкен жастағы, мектепке дайындық және түрлі жастағы топтарда).

410

  1. Сіз практиканы өтіп жатқан мектепке дейінгі мекемедегі топта құрылыс материалдарымен ойын онау үшін жасалған жағдайларды талдаңыз. Сіздің көзқарасыңыз бойынша нені құптайсыз, нені өзгеркіңіз келеді. Өз ұсыныстарыңызды тұжырымдаңыз.




  1. Келесі әдебиетті оқыңыз:



Давидчук А. Н. мектепке дейінгі жастағы балаларда конструктивті шығармашылықты дамыту.. — М., 1976.


Лиштван З.В. құрылыс материалдарымен ойнайтын ойындар мен сабақтар. — М., 1971.

411
XXIII ТАРАУ


ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


Дидактикалық ойындардың мәні

Дидактикалық ойындардың негізгі ерекшелігі олардың атауынан білінеді: бұл үйретуші ойындар. Олар үлкендермен балаларды тәрбиелеу мен оқыту мақсатында жасалады. Бірақ


ойнап отырған балалар үшін дидактикалық ойындардың тәрбиелік, білім беру мағынасы ашық шықпайды, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ережелер арқылы жүзеге асады.


А.Н.Леонтьев айтқандай, дидактикалық ойындар өздері дайындайтын ойындық емес қызметтке өтпелі форма болып табылатын «шекті ойындарға» жатады. Бұл ойындар оқытудың негізі болатын танымдық әрекеттердің, интеллектуалдық операциялардың дамуына әсер етеді. Дидактикалық ойындарға оқу сипатындағы мақсаттың – оқыту мақсатының болуы тән. Оны , бір дидактикалық ойын құру кезінде, үлкендер басшылыққа алады, бірақ балаларға қызықты формаға ауыстырады. Оқыту мақсаттарының мысалдарын келтіреміз: балаларды түстерді («Отшашу», «түрлі-түсті кілемшелер») немесе геометриялық фигураларды («Ледоход») дұрыс ажыратуды және атауды үйрету, асханалық ыдыс-аяқ туралы («Катя қуыршақ түскі ас ішіп жатыр») немесе киім туралы («Катя қуыршақ серуенге барады») түсінікті нақтылау, сыртқы белгілеріне, кеңістіктегі орналасуына қарай заттарды салыстыра білуді қалыптастыру («Не өзгерді», қос суреттер), көз мөлшерін және ұсақ қимыл-қозғалыстардың координациясын дамыту («Балықты ұстап ал», «Ұшатын қалпақтар»). Оқыту мақсатын ойынды жасап шығарушылар сәйкес мазмұнында орындалады, балалар орындайтын ойын әрекеттерінің көмегімен іске асады. Баланы тартатын ойындағы оқыту мақсаты емес, белсенділік,


412
ойын әрекеттерін орындау, нәтижеге қол жеткізуге, жеңу мүмкіндіктері қызықтырады. Бірақ та, егер ойынға қатысушы оқыту мақсатына қойылған білімді, ой операцияларын меңгермесе, ол ойын әрекеттерін сәтті орындай алмады, нәтижеге жете алмайды. Мысалы, «Түрлі-түсті фондар» дидактикалық ойынында әр ойыншы кілемшеге білгілі бір түстегі ойыншықтарды және сол түсті заттарды қою керек. Ойын әрекеттерін сәтті орындау, баланың түс ажыратуды үйренгеніне, айналадағы жағдайда сол белгі бойынша заттарды іздеп табуына байланысты.

Сонымен, белсенді қатысу, әсіресе дидактикалық ойындағы жеңіске жету, баланың оның оқыту мақсатында көрсетілген білімді және машықтарды қаншалықты игергеніне байланысты. Бұл баланы мұқият болуына, еске сақтауына, салыстыруына, өз білімін топтастыруға, нақтылауға себеп болады. Дидактикалық ойын балаға жеңіл, еркін формада бір нәрсені үйренуіне көмектеседі. Осылай байқаусыз оқыту автодидактизм деген атау алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет