470
Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы сабақтастық
Мектепке дейінгі мекемеде балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты анықтау үшін мақсатты жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыстың келесі бағыттары бар: мазмұны, әдістер, оқыту түрі.
Балабақша мен мектеп аталған үш бағыт бойынша жұмысты нақтылау үшін біріңғай бірлескен жоспар құрады. Жоспар екі бөліктен тұрады: тәрбиеші мен мұғалімнің бірлескен жұмысының мазмұны; балаларды мектеппен таныстыру.
Дайындық тобының тәрбиешісі және бірінші сынып мұғалімі бір-бірінің жұмысымен, балалардың қандай жағдайда екендігін және қандай жағдайда болатындықтарымен танысады.Тәрбиеші мұғалімге балалармен танысуға, олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын танып білуге көмектеседі. Балаларды бірнеше жыл бақылай отырып, тәрбиеші мұғалімге белгілі-бір балаға ыңғайлы тәрбиелеу мен оқытудың әдісін анықтауда кеңес бере алады. Ол отбасылық тәрбиенің оң және теріс жақтарын айтып бере алады. Мұндай ақпараттың, егер ол шынайы болса, мұғалім үшін пайдасы зор, әрі жаңа оқушылармен танысуға кететін уақытты қысқартады. Мұғалімнің балаларды мектепке дейінгі мекемеге барып жүрген кезінде-ақ сырттай бақылауға алып, өз көзқарасын тәрбиешінің ойымен сәйкестендіріп, оны талқылауы өте пайдалы. Мұғалім тәрбиешіге мектепке дайындықтың қандай жақтарына көбірек көңіл бөлу керектігін анықтауға көмектеседі.
471
Бірлескен жұмыс жоспары, мұғалім мен тәрбиешінің жұмыс түрлері және тәсілдерімен танысу мақсатында балабақша мен мектепке баруын, педагогикалық кеңестерге қатысуын, өзара кеңес алмасуын, конференцияларды ұйымдастыруын, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиелеу бағдарламаларын және бірінші сыныптағы оқыту бағдарламаларын оқып білуін қамтиды. Бұрыңғы тәрбиеленушілері бірінші сыныпта оқып жүрген кезінде тәрбиешінің мектепке барып тұруының пайдасы зор. Балаларды жақсы көретін жақсы тәрбиеші, әдетте өзі тәрбиелеген бүлдіршіндерді көзінен таса қылмай, олардың бірінші сыныптан бастап әрі қарай жеткен жетістіктерін бақылап жүреді.
Осылайша, тәрбиеші мен мұғалімнің арасындағы мейрімді іскерлік қарым-қатынас, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту жұмыстарының тиімділігінің негізгі шарты болып табылады.
Жоспардың екінші бөлігі – балаларды мектеппен таныстыру. Тәрбиеші балалар оқитын мектептің даярлық тобына баруды жоспарлайды. Барлық балалар міндетті түрде сол мектепке бармаса да, осындай экскурсия олар үшін пайдалы болады. Бірінші баруды 1 қыркүйекте ұйымдастыруға болады. Балалар тәрбиешісімен бірге жаңа оқу жылының бірінші күнінің салтанатты рәсімін бақылайды. Бірінші сыныптағылардың арасында мектепке дейінгі жастағы балаларға балабақшаның таныс бұрынғы түлектері де болуы мүмкін. Мектепке барғаннан кейін балалармен осындай оқиға оларды да келесі жылы күтіп тұрғандығы туралы әңгімелесуге болады. Пайда болған
эмоционалды ыңғайлануды тәрбиешінің балабақшада ұйымдастырған бастап келе жатқан оқушылармен кездесу де қолдайды.
Мектептерге бару, жаңа оқу орындарын көру оқу бағдарламасынның мазмұныменымен танысып, білумен тікелей байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, балаларды сабаққа апарудың қажеті жоқ. Қалыптасқан жүйедегі мектептеп оларды
472
кітапханмен таныстырып тиімдірек. Болашақта балаларды кітапханаға жүйелі түрде баруын қамтамасыз етіп, кітаптарды балабақшада оқуға жағдай жасау керек. Кейде оқу залында отырған оқырмандардың және студенттердің кітаптарды қалай оқитынын көрсету қажет. Жана жүйе бойынша сабақ кезінде спорт залына барып, оқушыларды бақылап, содан кейін спорттық іс-шараларды өткізе аласыз. Егер мектепте балаларға арналған театрланған қойылымдар көрсетілетін концерттік зал болса, оларға баруға болады. Балалармен бос сыныпта жүріп, үстелде отыруға рұқсат етіңіз. Мамыр айында мұғалім мектеп туралы балалармен әңгімелесіп, пікір алмасқан дұрыс. Мұның бәрі жыл бойы біркелкі жүргізіледі. Мұндай жұмыстар жиі қайталанбауы керек. Балаларды басқа да жаңа нәрсені үйренуге бос уақыттары болу керек. Бала жаңа ғимаратта өзін еркін ұстауы керек. Дегенмен, оқушының бойында жаңалықтың әсері, таңданыс, тартымдылықтың да болғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |