2. Конференцияларды өткізу және ұйымдастыру тәртібі



бет1/5
Дата19.12.2023
өлшемі169 Kb.
#487112
  1   2   3   4   5
Форум; ереже, акпарат хат


Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназя» КММ-сі
Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі
Молдабекова Рәзия Асқарқызы атындағы облыстық
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумын өткізу

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

    1. Облыстық жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған форум ережесі(бұдан әрі - Ереже) Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі атағының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабекова Рәзия Асқарқызы атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы (бұдан әрі - Форум) Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының ( бұдан әрі - гимназия) қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бойынша ғылыми-практикалық конференция, эксперттік симпозиум, шеберлік сағаттары мен ашық сабақтар алаңшасы, тақырыптық семинарлар ұйымдастыратын және өткізетін шараларды реттеп отырады.

    2. Гимназия базасында өткізілетін форумның негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ғылыми, әдістемелік, тәжірибешілік жағынан ауқымды қарастыру, пәнді оқытудың педагогикалық, әдіснамалық, инновациялық жетістіктерін тарату, тәжірибе алмасу, ана тілінің, көркем әдебиеттің құндылығын насихаттау

    3. Форумның ғылыми ерекшелігі ЖОО-дарымен әрiптестiк байланыста болу, бiлiмнiң бiрiгуi, эксперт ретінде ғалым пікіріне жүгіну, жас ғалымдармен, желілік Абай мектептерімен серіктестік орнату

1.4. Форум мәртебесi тақырыптың маңыздылығына және оның қатысушыларының (баяндамашылар, сарапшылар) тұрақты мекен жайына байланысты анықталады.
2. Конференцияларды өткізу және ұйымдастыру тәртібі
2.1. Форумды ұйымдастыру облыстық білім басқармасымен, білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен,   жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, гимназияның ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен қабылданады, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы басшысы бұйрығымен бекітіледi.
2.2. Форумды ұйымдастыру және өткiзу бойынша негiзгi шаралар:
- форумды өткiзу және оның шығыны мен жоспарын бекiту туралы бұйрық шығару;
- ақпарат хабарларды шығару және тарату;
- форум бағдарламасына және жинағына ендіру үшiн (мәлiмдеме, баяндамалар, тезистер) материалдар жинау;
- пленарлық және секциялық мәжiлiстерiн өткiзу үшiн мәжіліс залы және кабинеттерді дайындау;
- бағдарлама және форум материалдарының жинағын (баспа, электронды) шығару;
- форум қатысушылары үшiн шақырулар шығару және тарату;
- форум қатысушыларын тiркеу;
- пленарлық және секция мәжiлiстерiн өткiзу;
- форум нәтижелерi бойынша (қарар ) шешiм дайындау;
- мәдени бағдарламаны жүзеге асыру;
- форум өткiзілуін қамсыздандыратын бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
- форум материалдарының шығарылған жинақтарын қатысушыларға тарату.
2.3. Форумды ұйымдастыру алқасы жұмысы:
- негiзгi бағыттарын анықтау;
- іс-шаралар, жауапты тұлғалар нұсқауы бар, орындалу мерзімі көрсетіле отырып форум дайындығы мен оны өткiзу бойынша жұмыс жоспарын бекiту;
- форум талаптары, форма және мәлiмдеменiң тапсыру мерзiмі, пошталық реквизиттер, мақалалар немесе тезистердi ресiмдеу талаптары өткізу мерзімі көрсетілген ақпараттық хаттарды тарату;
- форум өткiзу жөнiндегi жұмыс құжаттарын әзiрлеу (салтанатты процедуралар рәсiмiнің, сценариін өткізу тәртібі);
2.4. Форумның бағдарламалық алқасы:
Форумның бағдарламалық алқасы құрамына С. Торайғыров университеті, Павлодар педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті, филология бағыты бойынша жетекші ғалымдары мен мамандары кiре алады.
Форум бағдарламалық алқасының жұмыстары:
- баяндамаларды бағалау белгiлерiн жасау;
- негiзгi бағыттарын анықтау;
- ой бөлісетін, идея айтатын, тәжірибе тарататын мамандарды іріктеу;
- пленарлық баяндамаларды іріктеу;
- форум қарарын әзiрлеу.
2.5. Форумның ұсыным-баяндама тезистерi ақпарат хабарда көрcетiлген талаптарға және мерзiмге сәйкес ұйымдастыру алқасына ұсынылады;
2.6. Тезистердi қабылдау кезінде келіп түскен материалдарды бағалау үшiн сараптау тобы арқылы іріктеледі.
2.7.Сараптау тобының ұсынысы бойынша форум бағдарламасын жасайды.
Бағдарламаның құрылымы:
- негізгі бет;
- ұйымдастыру құрамы;
- регламент;
- орны және өткiзу уақыты белгіленген пленарлық бөлім;
- бағыттары көрсетілген секция атауы, модератор және ұсыныс жинақтаушы, жауапты қызметкер (қарарға ұсыныс беруші);
2.8. Форумның ашылуы аталған форум Молдабекова Рәзия Асқарқызы атындағы форум болғандықтан, форум тұсаукесерінен басталады, бұдан кейінгі жиындарда да ұстаз туралы мәліметтермен басталады, форум түрі хабарланып (әр форум түрі: конференция, эскперттік симпозиум, шеберлік сағаттар мен ашық сабақтар, эксперименттік алаң түрінде болады), жоспары түсіндіріледі.

2.9. Форум бір бөліктен тұрады: өзекті мәселелерді қамтитын тәжірибе алаңы. Әр форум белгілі қарармен, үндеумен аяталып отырады Қарар шығару – форум қорытындысын баяндап, форумды аяқтау, марапаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет