Мектеп педагогикасы әртүрлі оқу орындарында (бастауыш және орта мектепте, лицейде, гимназияда және т.б.) оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтары туралы бай ғылыми мәліметтерді жинақтаған, педагогикалық ғылымның ең ежелгі салаларының бірі болып табылады.
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы жоғары білікті жұмысшыларды дайындауды қарастырады.
50
Арнайы орта білім беру педагогикасықалыптасу кезеңінде тұр.Олар арнайы орта білім беру оқу орындарындағы оқытудың мазмұны мен формаларын және кәсіби тәрбиелеудің проблемаларын қарастырады.
Жоғары мектеп педагогикасы жоғары оқу орындары жағдайында оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, жоғары білім алудың нақты проблемаларын қарастырады.
Түзету педагогикасы дамудың түрлі бұзылулары мен ауытқулары бар балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін және құралдарын әзірлейді. Құлағы естімейтіндер мен нашар
еститіндерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерін сурдопедагогика қарастырады, алкөзі көрмейтіндерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерін — тифлопедагогика, сөйлеу тілінде мүкісі барларды — логопедия, ақыл-есі кем адамдарды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін олигофренопедагогика қарастырады.
Педагогиканың тарихы әртүрлі тарихи дәуірде педагогикалық тәжірибемен бірге педагогикалық идеяларды дамытуды зерттейді.
Педагогикалық ғылымдардың арнайы тобын білімнің нақты бағыттарын оқытудың (мектептегі оқу пәндері) заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін жеке әдістер құрайды.
Қоғамдық мұқтаждықтардан өмірге келген, соңғы уақытта отбасылық педагогика , этнопедагогика, өндірістік педагогика, әлеуметтік педагогика және т.б. сияқты педагогика салалары қалыптасуда.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика басқа ғылымдар секілді өзге ғылымдармен, әсіресе адамтану ғылымымен тығыз қарым-қатынаста дамып
келеді. Жоғарыда айтылғандай, педагогика соңғы философияның тереңдігінде пайда болып, жеке ғылым ретінде
бөлініп шықты. Жеке ғылымға айналса да, педагогика философиямен және оның салаларымен байланысты үзбейді.
Сол немесе өзге философиялық ұғымдар кез келген
педагогика теориясының негізі болып табылады. Философиялық ғылымдардың одағы педагогикаға тәрбиелеудің мақсаттарын анықтауға, адамның мәнін түсінуге, табиғат пен қоғамның және т.с. даму заңдарын ұғуға көмектеседі. Педагогика адамгершілік, эстетикалық тәрбие проблемаларын шешуге ықпал ететін этика, эстетика сынды философия салаларымен тікелей байланысты.
Әлеметтану туралы мәліметтер - заманауи қоғамның жай-күйі туралы философиялық білімдердің басқа саласы - педагогикада білім беру мен тәрбиелеудің «ауыр» проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді шоғырландыру үшін қажет. Мысалы, әлеуметтанушылар Ресейдің әртүрлі өңірлерінде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен балалардың жоғары деңгейде жеткіліксіз қамтылғанытуралы куәландырады. Соның салдарынан балалардың мектепте оқу дайындығының төмендеуі байқалды. Педагогиканың алдында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың даму деңгейін қалай
көтеруге болады деген сұрақ туындады. Балалары үйде тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсетудің әртүрлі түрлері зерттеліп жатыр, балалар қысқа мерзім болатын топтар ашылып жатыр, халыққа қосымша қызмет көрсету саласы дамып келеді.
Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін психологиямен органикалық түрде байланысты. Өз кезегінде, педагогика психикалық үдерістердің тиімді өзгеруіне, балалардың мінез-құлқына ықпал ету мақсатында білім мен тәрбие беруді қалай ұйымдастыру керектігін зерттейді.Барлық педагогикалық мәселелердің психологиялық негіздемесі бар. Сонымен, ақыл-ойды тәрбиелеу мәселесі тану үдерістері мен ақыл-ой дамуының теориясына негізделген; жеке тұлғаның психологиялық теориясын ескере отырып, тәрбиелеудің үлгісі
анықталды. Педагогикалық қызметтің нәтижелері психологиялық көрсеткіштерге негізделген. Мысалы, оқытудың нәтижелері білім көлемі, олардың беріктігі, бейнесі, жалпылығы, психикалық белсенділіктің қалыптасуы дәрежесіне қарай бағаланады.
Балаларды тәрбиелеу іс-әрекеттердің себептері, оларды түсіну шарасы, дербестік деңгейі және т.б. сияқты көрсеткіштермен анықталады. Білім беру мен тәрбие саласындағы кез келген мәселені шешу психологиялық-
52
педагогикалық тұрғыдан қажет. Психология мен педагогиканың
интеграциясы шекаралық салалар – психологиялық педагогиканың, педагогикалық психологияның пайда болуына әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |