Тәрбиелеу педагогикалық мағынада – бұл тұлғаның дамуына ықпал ететін арнайы ұйымдастырылатын және басқарылатын үрдіс.
«Ресей Федерациясындағы білім туралы» Заңында (2012)тәрбиелеу тұлғаны дамытуға, әлеуметтік -мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтар менадам, отбасы, қоғам және мемлекеттің мүддесіүшінқоғамда қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелер негізінде білім алушыны өзін-өзі анықтау мен әлеуметтендіруге жағдай жасауға бағытталған қызмет ретінде анықталады.
Тәрбие берудің мақсаты тұлғаны жалпы алғанда дамыту болуы мүмкін (тұтас тәрбие беру балабақшада, мектепте, жанұяда жүзеге асырылады). Мұндай жағдайда әдетте кең тұрғыдағы педагогикалық мағынада тәрбиелеу туралы айтады. Ересектер балаға белгілі психикалық және тұлғалық қасиеттерді (ұқыптылықты, жанұяға деген махаббат пен бауырмалдылықты, кітапқа деген қызығушылықты және т.б.) қалыптастыру мақсатында оған бағыттала отырып әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда тәрбие тар педагогикалық мағынада ұғынылады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегітәрбие берудің ерекшелігі оның адамзат қоғамының қалыптасу кезеңінен бастап пайда болуында, қоғам қанша өмір сүреді, ол да сонша өмір сүріп жатыр, және қоғам барда, ол қызмет етеді. Тәрбие беру – балалардың өмірін сақтап қалу, олардың өсуін қамтамасыз ету, ұрпақтар арасында сабақтастықты орнату қажеттілігімен
43
туындаған мәңгі және жалпы категория.
Тәрбие берудің мазмұны мен сипаты әртүрлі тарихи кезеңдерде өзгеріссіз қалмайды. Өзгерістер қоғам өмірінің экономикалық жағдайлары, материалдық игіліктерді өндіру тәсілдері, сонымен қатар, саясат, мәдениет, діннің әсерінен туындайды. Демек, тәрбие беру – тарихи құбылыс.
Алайда бір тарихи дәуірдегі қоғамның әртүрлі таптарына жататын балаларды тәрбиелеу әртүрлі болады. Үстем таптар тәрбие беруді өзінің билігін, қоғамдағы өз жағдайын нығайту үшін пайдаланады. Сөйтіп, тәрбие берудің таптық сипаты туралы айтуға болады.
Тәрбие беру – бұл әрқашан тәрбиелетінге сырттай әсер ету. Алайда барлық сыртқы ықпал ету балаға тәрбиелік әсер ете бермейді.
Шын мәнінде сыртқы факторлар ішкі жағдайлар арқылы, яғни, қалыптастып жатқан психиканың, тұлғаның ерекшеліктері арқылы икемделеді. Бала кейбір әсерлерді белсенді, басқаларын пассивті қабылдайды.
Педагогтің серуеннен кейін қолын жуу қажет екендігі туралы қарапайым еске салуы әрбір тәрбиеленушісінде өз сезімдерін, іс-
әрекеттерін, жүріс-тұрысының формаларын тудырады (кейбіреулері суды жақсы көргендіктен немесе педагогтан мақтау естігісі келіп жүгіріп кетеді; басқалары мұны әдетінше орындайды; біреулері бұл процедуран қашыға тырысады). Демек, ересектердің тәрбиелік ықпалын балалар өмірлік тәжірибесінің призмасы арқылы өткізеді, қабылдамайды немесе қабылдайды және осыған байланысты өз мінез-құлқын қалыптастырады.
Адам өзіне-өзі талап қойып, белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында нақты әрекет арқылы өзіне әсер еткісі келген жағдайда, тәрбиелік әрекеттер ішкі де болуы мүмкін. Өзімен осылай жұмыс істеу өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. В. А. Сухомлинский шынайы тәрбие беру «өзін-өзі тәрбиелеу болған жағдайда ғана жүзеге асырылады» деп жазған (Су-хомлинский В.А. Рождение гражданина. — М., 1971. — 49-б.).
Мектеп жасына дейінгілерге қатысты айтатын болсақ, дербестіктің пайда болуының арқасында, ересектер мен құрдастарының мінез-құлқының үлгісіне саналы түрде еліктеу негізінде өзін -өзі тәрбиелеу элементтері туралы айтуға болады («Мен өзім»).
44
Қарапайым тұрғыда алғанда, өзін-өзі тәрбиелеу өзінің денесін, қозғалыстарын реттеуден, дұрыс емес әрекеттерден, дөрекі сөздерден аулақ болудан, бірақ ең бастысы мінез-құлықтың оң әдеттерін қалыптастырудан басталады. Мектеп жасына дейінгі бала үшін өзін-өзі тәрбиелеу – бұл жақсы қылықтарды жасау (биязы болу, артынан ойыншықтарын жинап жүру, кішкентай балаларға көмектесу және т.б.) және жаман қылықтардан бас тарту (қыз балаларды ренжітпеу, біреу құлап қалған, үстін бүлдіріп алған жағдайда күлмеу).
Кішкентай балалармен жұмыс жасау барысында оларға одан да жақсы болуға ниеттену ынтасын дамыту, мұның олардың қолынан келетініне сендіру, азғантай да болса жетістіктеріне қуану өте маңызды. Мектепте оқу олардың мінез-құлқындағы, әрекетіндегі кемшіліктерді анықтайды, және бала оларды түсіне бастайды. Балалар эпизодтық өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса алады: күшті болу үшін таңертең жаттығу жасау; жазу дағдыларын жетілдіру үшін сызықтар арасында жазып жаттығу. Педагогтің міндеті – балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне мақсатқа бағытталған және жүйелі сипат беру, баланың өз тұлғасын бірізді жақсартуына ықпал ету.
Тәрбие беру мен өзін-өзі тәрбиелеу органикалық өзара байланысты. Балада өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін туындататын тәрбие ғана тиімді. Бірақ, бір жағынан, бала қаншалықты өзімен көп жұмыс жасаса, соншалықты ол ересектердің тәрбие беру
әрекетіне әсерлі болады. Осыған байланысты Ш.А.Амонашвилидің сөздерін еске түсірген жөн: «Шындығында гуманистік педагогика - бұл баланы өздігінен жасау үдерісіне қосуға қабілеті бар педагогика»(Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! — М., 1988. — 43-б.).
Баланың (сыртқы және ішкі) тәрбие беру әсеріне сезімталдығы пластика, жеке қасиеттердің ауысуы, сезіну, меңгеру, сақтау, қайта құру, басқа адамдардың тәжірибесін жеткізу, яғни дамытуға қабілеті арқылы анықталады.
Даму дегенде адамның психикасы мен оның биологиялық табиғатында болып жатқан жүйелі және заңды өзгерістер түсініледі.
Даму –бұл қозғалыс, өзгеріс үдерісі, ескіден жаңа сапалы жағдайға көшу. Педагогикада жас ерекшелігі (әр жасқа тән даму ерекшеліктері мен заңдылықтары), жеке (жеке даму ерекшеліктері) және тұлғалық даму (балада жеке қасиеттерінің
45
дамуы, олардың ерекшелігі) туралы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |