123
Ерте шақтағы және мектеп алды жастағы балалар адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесі
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен әдістерін оқып білуге кірісер алдында әуелі өзімізді ескере отырып, еркін тұлғаны тәрбиелеудің жетістігі, біз дәл осындай тұлғаны қалыптастыруға баланы қай жағынан қадағалау керек, яғни алғашқы әдістемелік ұстанымға байланысты болып табылады. Егер кез келген адамнан (ата-ана, тәрбиеші немесе т.б. болса да) бақытты баланы тәрбиелеп жатқанымызды ол қалайды ма деп сұраса, мүмкін ол бастапқы кезде таңғалар, кейін қанағатты жауап береді.
Біздің отандық мектеп алды педагогикада ешқашан да бақытты баланы тәрбиелеу мақсаты қойылмады. Мүмкін жас тәрбиешіге ол туралы ойлану керек шығар? Балаға көзқарас пен оны дамуында өзінің рөлін қалай өзгертуге болады деп ойлау қажет. Америкалық педагогикада – «Бақытты тұлғаны тәрбиелеу» қағидаты бар. Адам өмірге келгеніне, өмір сүріп жатқанына бақытты болу керек. Отаңдық концепция: баланы тәрбиелеуде, біз оған арналған келешекті құрастырамыз: үлкендерді тыңдасан, жақсы оқысан және т.б. – бақытты адам
боласын. Ал американдықтар барлығын «аударды»: сент бақытты адам болып тудың, соңдықтан жақсы оқи аласын, көңілді өмір сүре аласын, сенде барлығы болады, сенің қолынан келеді.
Өзің бақытты сезу үшін, бала қандай адамгершілік қасиеттерге тиісті болу керек. Педагогикалық әсер ету арқылы бақытты тұлғаны құрастыруға шыныңда болады ма?
Бақытты бала бейнесін құрастыратын қөптеген қасиеттерді белгілеуге болады. Бақытты бала өзіне сенімді, ол адамдармен оңай, рақаттанып, ашық және сенімді қатынасалады – ересектермен және балалармен. Ол оптимист, барлығын қуана қабылдайды, ол білімқұмар және т.б. Бірақ та, бұндай баланы тәрбиелеуге болады, егер ата-аналар мен тәрбиешілер бөбектің жеке басын шексіз құрметпен мойындаса және оны өте маңыздыға үйретсе: өз қадірін сезу мен адамдар арасында өмір сүруді білу.
Келесі мағыналық бөліктер бойынша адамгершілік тәрбиенің
мазмұнын қарастырайық: тұлғаның қасиеті ретінде
124
адамгершілікті тәрбиелеу; еңбекқорлық, еңбектенуді білу және ынталану; отаншылдық; азаматшылық; ұжымшылдық. Әр мағыналық бөлікте екі өзара байланысты бағыттар бойынша мақсатты шешу керек: балада сәйкес адамгершілік қасиетті тәрбиелеу және балалар бір-бірімен және басқа адамдарға осы қасиеттерді білдіретін жағдайларды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |