С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Эстетикалық тәрбие беру жағдайлары мен құралдары



бет86/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Эстетикалық тәрбие беру жағдайлары мен құралдары

Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, бұл, бала өмір сүріп, дамып жатқан орта. Ол балаға


өз күші мен маңыздығына қарай басқалармен салыстырылмайтын әсер етеді. Егер ахуал эстетикалық, әдемі болса (бай болу міндетті емес), егер бала адамдар арасындағы әдемі қарым-қатынасты көріп, көрікті сөз естісе және т.б., онда ол кішкентай кезінен эстетикалық ортаны норма ретінде қабылдайды деп сенуге негіз бар, ал осы нормадан ерекшелетіннің барлығы онда қабылдамаушылық тудырады.


Тұрмыс эстетикасы бірнеше бөлшектерден құралады. Бұл тұрмыс-ахуалдың, атап айтқанда, баланы қоршайтын және ол пайдаланатын заттардың, ойыншықтардың, сәбидің және оны қоршаған адамдардыңкиімдерінің эстетикасы:, үй-жайдың дизайны және т.б. Әдемі заттар «көзді қуантады», оң эмоцияларды, оларды сақтап қалу ниетін шақырады. «Ақ дастархан» теориясы толығымен әділ: егер де біз ұқыптылыққа ғана емес, сонымен қатар, эстетикалық айнала қажеттілігіне де тәрбиелегіміз келсе, біз эстетикалық еместікті санамыздан шығаруымыз керек. Бала өмірінің бірінші жылдарынан бастап үйінде де, мектепке дейінгі мекемеде де тұрмыс эстетикасына назар аудару қажет. Үстелдің үстіндегі әдемі майлық, ыдыс,гүл


– осының барлығы эмоционалдық көңіл-күй жасап, әдемілікке шақырады. Балалар әдемі заттарға әсер етіп, оларды алғысы келеді. Сөйтіп, мектепке дейінгі мекемеде тостағандардың (басқа ыдыстың) арасында барлығы бірдей емес, одан әдемірегі кездессе, балалар оны бірден байқайды және өзіне немесе болмаған жағдайда досының алдына қояды да, сол арқылы оған



190

өзінің сүйіспеншілігін білдіреді.
Ахуал эстетикасы – бұл кейбір жағдайда (қонақ келуіне байланысты) емес, тұрақты болуы тиіс нәрсе. «Тұрмыс эстетикасы» ұғымы балаларды қоршайтын адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың әдемілігін де қамтиды.Ол қандай сөзді, қандай интонацияларды еститіні өте маңызды. Мәселе сөздің дұрыс болуында ғана емес, ол бейнелі, интонациялық бай және тілектес болуы қажет (мұнда эстетикалықтың этикалықпен тығыз байланысы байқалады). Қария болған арғы әже кейбір сөздерді дұрыс емес, өзінше айтады, бірақ сөзі мақал-мәтелге, әзілге, еркелетуге толы –міне, дәл осы балада ана тілінің образдылығы мен көркемдігіне деген қызығушылықты тәрбиелейтін болады.

Тұрмыс эстетикасы – бұл адамның сыртқы келбеті де. Киіміндегі ұқыпсыздық, салдыр-салақтығы, түсті таңдаудағы үйлесімсіздік, өз стилін таба алмауы – бұның барлығы сұлулық заңдарына қайшы келеді. Ата-аналар, әдетте, өз баласының киіміне, әсіресе, ол кішкентай болған кезінде, көп көңіл бөледі. Бірақ олар жоғарыда айтылғандар туралы әрдайым естерінде сақтай ма? Осы талаптар мерекелік, дала киетін киімге ғана емес, сондай-ақ, күнделікті, үй киіміне де қатысты. Егер анасы үйінде кір халатта жүріп, шашын дұрыстауды ұмытса, онда баланы ұқыпты болуға дағдыландыру қиынға соғады («қарама-қайшылықтан» механизмі іске асса ғана, оның өзі мектеп жасына дейін емес, біршама ересектеу жаста болуы мүмкін).


Сонымен, тұрмыс эстетикасы баланы эстетикалық тәрбиелеудің міндетті түрдегі шарты, онда қалыптасып келе жатқан сұлулық туралы ұғымды бекітетін немесе бұзатын фон болып табылады.


Егер ересектер баланың назарын тұрмыстың эстетикалық жағына аударса, тұрмыс эстетикасы эстетикалық тәрбие беру құралы болып шығады. Балалардың сұлулықты өз айналасында әр түрлі көріністерінде көруі жеткіліксіз (жоғарыда айтылғандай, бұл өте маңызды болса да). Олардың назарын осы әдемілікке аудару керек: «Біз сенімен тазарту жұмыстарын аяқтадық. Өте әдемі болды. Мына жерге тағы да гүлдерді қояйық!»; «Шашымызды ұқыпты тарайық, қыз бала әрдайым әдемі болуы керек». Осындай сөздер үнемі айтылуы мүмкін. Олар ақырындап эстетикалық сананы қалыптастырады.


Тұрмыс эстетикалық тәрбие берудің құралы болып ересектер

191

баланы көркемдік үшін талдау жасау және әрекет етуге тарту кезінде де байқалады: «Айнадағы өзіңе қара, әдемірек болу үшін нені дұрыстау керек, қалай ойлайсың?»; «Біздің жасыл диванға қай түс көбірек келеді – сары ма әлде қара ма?». Бұл жерде бала не деп жауап беретіні маңызды емес, мұнда ересектің оның назарын түстердің үйлесуі немесе үйлеспеуі мүмкін екендігіне, бала да әдемілікті жасауға қабілетті екендігіне аударады.
Сонымен, үш ереже: әдемілікте өмір сүру, әдемілікті байқау, маңайында әдемілікті қолдау және жасау тұрмыс эстетикасын баланы эстетиалық тәрбиелеудің құралы етеді.

Сөзсіз, эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы болып табиғат саналады. Осыдан үйлесімділікті – сұлулықтың негізін көруге болады: бояулардың, пішіндердің, дыбыстардың олардың үйлесуіндегі әртүрлілігі. Өз бетінше табиғат – бұл баланың жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай. Ересек оның «тәрбие беру мүмкіндіктерін» мақсатқа сай пайдаланып, балаға көрнекі қылып жасағанда ғана ол құралға айналады. Әдемі саябақта бірнеше рет жүріп, оның сұлулығын байқамауы мүмкін, ал бір рет қана жүріп өтіп, тоқтап, ондағы ағаштардың қаншалықты әдемі және ерекше екенін, олардың жоғарғы ұшы күнмен қалай сәулеленіп тұрғанын, жасыл шөп аясында қызғалдақтар қандай ашық түсті екенін көруге; құстар қалай көңілді сайрайтынын естуге болады. Қысқы мерзімде қардың астындағы ағаштар қалай маңғаз екенін тамашалауға болады, ал көшедегі шамдардың жарығы барлық айналаны жұмбак етеді және бізді ертегі әлеміне апарады. Жоғарыда сипатталғандардың барлығын және басқа көптеген нәрселерді баламен бірге байқаған өте маңызды. Және осы кезде көп сөздің де керегі жоқ. Тек поэтикалық қана болмаса.


Есенин сөздері жаныңа тебірене еніп, эстетикалық сезімдерді тудырады. Және тәрбие беруде табиғат құралдарымен пассивті түрде қиялға берілу ғана емес, сонымен қатар шынайы бастама да керек (табиғатт ықорғау, оған көмектесу).


Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып өнер табылады: бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, сәулет өнері, театр. Балаларды нағыз жоғары өнерге ертеден тарту бала жүрегінде шындықты расында эстетикалық қабылдаудың туындауына ықпал етеді. Неге екенін білмейміз, бірақ кішкентай бала ұлы суретшілердің шығармаларын дұрыс түсінбейді, оларға ерекше, жеңілдетілген «өнер» керек деген пікір бар. Ал 4 жасар қыз бала



192

Третьяков галереясының залдары бойынша өтіп бара жатып, аяқ астынан өзі, ересектер тарапынан ешқандай көмегінсіз «Князь қызы Тараканова» атты картинаның қасына тоқтайды. Ол суреттелгенге таң қалып, көп сұрақтар қояды, суретке қайта-қайта орала береді. Бұл сонда не болды? К.Д.Флавицкий өз шығармасын балаларға арнамаған еді ғой. Және бірде-бір әдістемелік кітапта сіз оны балалармен бірге қарау ұсыныстарын кездестірмейсіз. Ал әсершіл бала князь қызының келбетінен қорқыныш пен бейнетті байқады, онымен бірге су мен көртышқаннан қорқады. Өте күшті әсер. Баланы одан алшақтату керек пе? Болмас. Өнер күші қыз балада ең жақсы адами сезімдер – бірге қайғыру мен бірге жанашырлықты оятты.

Әуез әлемі бала үшін өте тартымды. Анасының құрсағында жатып болашақ адам музыка дыбыстарына еліктейді, және дәл осы кезеңде музыкаға бейімділігін қалыптастыруға болады деген пікір бар. Баланың қабылдайтын және оған құлақ аударатын өнердің алғашқы түрі – бұл музыка екені сөзсіз. Бесік әндері әуезі, сөйлеу дыбыстары, оның тембрі арқылы сәби өзін қоршаған әлемді ажыратып, даралап қана қоймай, оны сезіне де бастайды. Ол біраз уақытқа дейін музыканың осы әсерін сезіне алмайды, бірақ тиісті түрде жауап береді: мұңды әуезді естіп, мұңайып қалады, кейде жылап жібереді; көңілді, ритмі бар әуезге күліп жібереді, қимылдайды.Тұлғаның эмоциялық тұрпатына музыканың әсер етуісөзсіз, алайда оның әсер ету механизмі соңына дейін ашылмаған. Біреуі ғана күмән тудырмайды – балаларды халық және классикалық музканың үздік үлгілерімен таныстыру қажет. Бұл баланың кішкентай кезінде танысатын өнердің кез келген түріне қатысты болады. Кезінде В. Г. Белинский: «Олар үшін (балалар) жаман таңдалған кітаптарды оқу - ештеңе оқығаннан гөрі нашар және зиянды»», - деп жазды.


Өнердің әр түрі тұлғаның дамуы үшін құнды. Ғалымдардың аиап өтуінше, өнердің белгілі бір түрін бала жасының түрлі кезеңінде әр түрлі қабылдайды. Л. С. Выготский «Балалық шақтағы қиял мен шығармашылық» атты еңбегінде мектеп жасына дейінге кезеңде балалар музыканы қабылдауға біршама бейім, оларға балшықтан фигура сомдау, сурет салу ынтасы тән, олар сөйлеуге үйренеді. Баланы эстетикалық тәрбиелеу мен дамытуға арналған біздің бағдарламаларда өнердің әр түрінің әсер етуі жеке қарастырылады. Ал сол арада кез келген өнер бір



193

міндетті шешу барысында түрлі өнерді гармониялық үйлестіру мүмкіндіктерін жинақтайды. Бейнелеу өнері шығармаларын қабылдауға, мысалы, музыка, көркем сөз әсер етуі мүмкін.Өнердің үйлесуі арқылы ғана «полифониялық қиял» дами алады (Б.П.Юсов). оқшауланағн емес, өзара байланысқан өнер негізінде құрылған эстетикалық дамыту бағдарламасы кішкентай баланың табиғатына біршама сәйкес келеді (Н.А.Ветлугина, Е.А.Дубровская).
Эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен құралы болып

мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешімен ұйымдастырылған, сондай-ақ, өзіндік көркем қызметі саналады. Әрекет етуде баланы тәрбиелеу – тәрбие берудің заңдылықтарының бірі екені белгілі. Қызмет өнердің басқа түрлерімен, мысалы, театрландырылған ойындар, көркемсөз шығармашылығы, музыка ойнау, бейнелеу және декоративтік-қолданбалы практика, дизайнмен тікелей байланыста болғанда ғана көркем болып табылады.


Көркем қызметінде, әдетте, шығарушы (репродуктивтік) және шығармашылық фактор болады. Екеуі де қажет және өзара байланысты екенін атап өту керек: бала көрсете білуге, қайта қалпына келтіруге үйренбей тұрып, шығармашылықпен айналыса алмайды.


Эстетикалық тәрбие берудің жоғарыда аталған барлық құралдары – тұрмыс, табиғат, өнер, қызмет – өз бетінше де, өзара байланыста да тиімді болып келеді. Құралдарды таңдау барысында тәрбиеші құралдың өзінің ерекшелігіне, оның педагогикалық мүмкіндіктеріне сүйенеді, міндеттің сипатын ескереді, оны шешу үшін құрал сайланады, және, әрине, балалардың дамуының жас және жеке ерекшеліктерін назарға алады. Соған қоса, әсер ету құралдарын пайдалану барысында шама сезімін ұмытуға болмайды. Алтын ортасын іздеп, табу керек. Эмоциялық әрекет етудің жетіспеушілігі сияқты, тым асыра кету де даму үшін зиян.


Түрлі құралдардың табысты үйлесу мысалын келтірейік.


Сабақ

Балалар залға келіп, отырады. А.Хачатурянның «Бүгінгі күні қыдыруға тыйым салынады» пьесасының фрагменті (орта



194

бөлімі) орындалады. Балалар пьесаның қалай аталатынын, авторы кім екенін айтады, музыкалық шығарманың сипаты туралы баяндайды.

Пьеса орындалып болғаннан кейін, балалардың назарын залдың шетіндегі сурет салуға қажетті барлық нәрсе орналасқан үстелдерге аудартады.


Педагог: «Ал енді сендерді қыдыруға жібермеді және сендер жалғыздықтан іштерін пысып отыр деп елестетіп көріңдерші. Сендер көңілсізсіңдер және сарғайып отырсыңдар. Суретке өз көңіл-күйлеріңді білдіріңдер. Сендермен бірге тағы кім суретте болуы мүмкін, ойланыңдар. Аспан, жер қай түсті? Жаңбыр аяқталып, күннің көзі пайда болуы мүмкін бе? Сендерде тиісті көңіл-күй болу үшін, мен пьесаны тағы да ойнаймын. Музыка сендерге барлығын еске түсіреді және айтады. Тек қана мұқият тыңдаңдаршы: қайталанатын дыбыстар не жайында айтады, ал төмен интонация – мотив – терең дем алған сияқты... Ал пьесаның соңында музыка қалай «жарқырай бастайды». Көңіл-күйге сәйкес келетін бояуларды таңдап алуға тырысыңдар»,-дейді.


Музыка ойнайды, балалар сурет салады. Сурет салып болғаннан кейін, жұмыстарын стендіге орналастырады. Оларды талқылау жүргізіледі. Жұмыстарды талқылау барысында картинаның бала пайдаланған көңіліне, реңкіне негізгі назарды аударып барып, заттық бейнеленуін бағалау керек.


Атаулы мысалда келесіні атап өту керек. Қызметтің жетекші (доминантты) түрі болып тыңдау-қабылдау саналады. Көркем қызметтің басқа түрлері оны белсендіруге көмектеседі. Алайда оларды сұрыптап алу кездейсоқ емес, ол педагогикалық мақсатқа сай. Мысалы, сурет салу пьесаны тыңдау барысында балалардың эмоциялық жағдайын белгілі «түс – көңіл-күй»


әдістемесі бойынша түсінуге көмектеседі (Е.А.Дубровскаяның«Раз ступенька, два ступенька — будет... песенка». — М., 1997 кітабын қараңыз).


Эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің әр тобына өз әдістері сәйкес келеді.


Жоғарыда айтылғандай, міндеттердің бірінші тобы балаларды өнергеөнерге баулуға, мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғамды дамытуға, әдемілікті түсінуге бағытталған. Осы міндеттерді шешудің жетекші әдістері болып






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет