С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет89/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

драмаландыру- ойындары.Бұл ойындар тәрбиешінің жетекшілігімен өтеді (аталы құралдың «театрландырылған ойындар» тарауын қараңыз). Метепке дейінгі мекемелердің педагогикалық үрдісінде және балалардың өмірінде маңызды орынды мерекелер мен ойын-сауықтар алады.

Ойын-сауықтар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың түрі ретінде екі аптада бір рет өтеді. Ойын-сауықтардың мазмұны әртүрлі. Бұл тақырыптық әдеби және музыкалық кештер болуы мүмкін. Мысалы, К.Чуковскийдің ертегілері бойынша викторина (викториналарды және басқа да ойын-сауықтарды ұйымдастыруға арналған материалды мына кітаптардан қараңыз: Гриценко З.А. Пришли мне чтения доброго. — М., 1997; Дубровская Е.А. Раз ступенька, два ступенька — будет... песенка. — М., 1997).


Эстетикалық тәрбие беру үшін өнердің әр түрін үйлестіретін ойын-сауықтар пайдалы. Бір тақырыптағы әдеби де, музыкалық та, бейнелеу өнеріне де қатысты әртүрлі материал іріктеледі, мысалы: «Қыс шырқайды – уілдейді...» балалар тақпақ оқиды, ән айтады, дөңгеленіп жүреді және т.б.


Ойын-сауықтардың осындай кештері мектеп жасына дейінгі
балаларға қуаныш сыйлайды, ұлттық мәдениетке

199

дағдыландырады, эстетикалық сезімді тәрбиелейді.
Мектеп дейінгі мекемедегі мерекелер біздің елде қабылданғандарға сәйкес келеді. Оларды қоғамдық өмірмен байланысты мерекелерге (23 ақпан – Отанды қорғаушылар Күні, 9 мамыр – Жеңіс Күні, 12 маусым – Ресей тәуелсіздігі Күні) және халық пен дін дәстүріне байланысты мерекелерге (Пасха, Масленица, Рождество, Жаңа жыл ) бөлуге болады. Жергілікті маңызы бар оқиғаларды білдіретін (Қала күні), сонымен қатар, өзіндік, балабақшалық мерекелер де (мектепке дейінгі мекеме мерейтойы, топтың туған күні және т.б.) болуы мүмкін. Мерекелерді өткізу барысында тәрбие беру міндеттерінің, атап айтқанда, адамгершілік, интеллектуалдық, сондай-ақ, дене тәрбиесін дамыту міндеттерінің кешені шешіледі. Әрине, эстетикалық тәрбие беру міндеттері жүзеге асырылады.

Мереке эмоционалды байытылған болуы керек. Тұрмыс-жағдайдың көркемдігі, музыканың салтанаттылығы, жалпы көтеріңкі көңіл-күй – осының барлығы шындық өмірдің эстетикалық жағына деген әсерлілікті көтереді. Балалар мерекеге белсенді қатысқысы келеді, оларды бақылаушылардың рөлі қанағаттандырмайды. Тәрбиешіге баланың ынтасын қанағаттандандыру мүмкіндігі мен әр баланың белсенділігіне қажеттілік ұсынылады. Тәрбиеленушілердің әрқайсысы үшін белсенділікті көрсету түрін дұрыс таңдап алу қажет. Біреуі тақпақ оқиды, екіншісі ән айтады, үшіншісі билеп береді.


Балалардың ешқайсысын оның неге қабілеті бар екенін көрсету, жалпы қуаныш атмосферасында өзін тең құқылы екенін сезіну мүмкіндігінен айыруға болмайды.


«Истоки» атты мектепке дейінгі мекеменің бағдарламасына («Базисная программа развития ребенка-дошкольника». — М., 1997) «Көркем декоративтік қызмет. Балалар дизайны » атты бөлім енгізілді. Педагогикалық жұмыстың жаңа бағыты табиғи қоршаған ортаға, тұрмыс дизайнына эмоционалдық қатынасын тәрбиелеуді болжайды.


Бағдарламаның осы бөлімін іске асыру формалары әртүрлі. Біршама ұқсасы – (қуыршақ, балалар, ересектер) интерьерді көркейту және декоративті безендіру жағынан бірлескен-бөлек дизайн-қызмет.


Сонымен, мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу әр түрлі формада ұйымдастырылуы мүмкін және,


жоғарыда аталып өткендей,осы формалардың өз

200

классфикациясы

бар.

Оларды

бірыңғай

кестеде

қорытындылайық.
















































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет