С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет108/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Оқу қызметі дегеніміз не? К.Л. Рубинштейн бойынша


білім мен ептілікті меңгеріп алуға тікелей және тура


бағытталған үйренудің түрі. Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың келтірген оқу қызметінің талдауы оның өз құрылысы спецификалық құрылысы бар екенін көрсетті: оқу мақсатынан, оқу әрекеттерінен, бақылау және бағалаудан тұрады. Қызмет құрылымының орталық орынды оқу мақсаты алады. Оқу мәселесін бала сабақ кезінде орындауы тиіс тапсырма ретінде түсінуге болмайды. Оқу мәселесі - ол мақсат. Мақсат болмысының мәнісі жалпыланған әрекеттер тәсілін иеру, ол аналогтық тапсырмаларды орындауға, осы түрдегі мәселелерді шешуге көмектеседі. Дәл солай, педагог мақсат қояды - балаларға жапырақты ағаштың суретін салуды үйрету. Негізгі назар заттың маңызды белгілерін жеткізу ептілігіне дағдылануда аударылады: дің бұтақтар, олардың орналасуы. Ағаштың суретін салудың жинақталған тәсілін меңгеріп бала оны кез-келген осыған ұқсас мазмұндағы тапсырманы орындаған кезде қолданылады («Күзгі ағаш», «Гүлдеген алма ағашы», «Қысқы сквер») тақырыптарына сурет салған кезде. Балаларға жұмбақ құрастырудың жинақталған тәсіліне үйретудің арқасында, тәрбиеші оқу мәселесін шешудің әр-түрлі материалдарын ұсынып тапсырмаларды түрлендіріп отырады: адамдардың еңбек етуіне қажет заттар туралы, жануарлар туралы, бақ өсімдіктері туралы және т.б. туралы жұмбақтар құрастыру.



241

Оқу мәселелерін шешушіге көмектесетін оқу іс-әрекеттері көптеген оқу операцияларынан тұрады. Балалар оқу іс-

әрекеттерін меңгеріп алуы үшін басында барлық операциялардың толық жайылған кезінде орындау қажет. Бастапқы кезде операциялар не материалды түрде белгілі бір заттардың көмегімен немесе заттанған түрде (материалданған


түрде) - бейнелер арқылы, олардың таңбалық алмастырғыштардың көмегімен орыдалады. Мысалы, заттар топтарының теңдік немесе теңсіздік ұғымдарын теріп, бала заттардың орнын алмастыратын. Ойыншықтар, суреттер, фишкалар немесе олардың бейнелерін пайдаланып әрекет жасайды. Тек біртіндеп, операцияларды өңдеуіне қарай әрекеттерді орындау процесі біртұтас нәрсе ретінде ұйысып жасалынады.


Оқыту сауатты түрде құрылған кезде де, оқу қызметінің қалыптасуы - ұзақ процес екенін айта кету керек. Мектепке дейінгі жаста оқыту қызметінің алғышарттары қойылып, оның жеке элементтері қалыптасады. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың сабақ кезінде өз қызметінің мақсатын қою қабілетін қалыптастыру қажет (2-ден 3 жасқа дейін), түрлі қызметтің тәсілдерін меңгеруге үйрету (3-4 жас аралығында) қабілеттерін қалыптастыру қажет. 4 жастан кейін баланың қызметіні соңғы нәтижеге дәл бағыт алады. Педагог балаларға түсіндіруді тыңдауға, тапсырмаларды бір-біріне бөгет болмай орындауға үйретеді; білім мазмұнына қызығушылығын демеп отырады, іждаһат пен белсенділікті ынталандырады. Бұның бәрі оқу қызметінің одан арғы дамуы үшін маңызды.


Мектепке дейінгі үлкен жастағы баланың оқу қызметінің мынандай элементтері қалыптасады:





  • алдағы қызмет мақсаттарын, және оған жету тәсілдерін анықтай білу, нәтижеге жетуге тырыса білу;




  • алынған нәтижені үлгімен, эталонмен салыстыру кезінде өзін-өзі бақылау;




  • аралық нәтижелерді алу процесінің қызмет барысында ерікті бақылау жасай білу;

242

  • нәтижеге бағдар ұстап қызметті жоспарлай білу.

А.П.Усованың зерттеуі көрсеткендей, баланың оқу қызметі алғышарттарының дамуы үшін оқу тапсырмасын орындау кезінде тәрбиешіні тыңдай және ести білуді, оның көрсеткенін көре және қарай білуі, оның иннерцияларына ере білу керек. Дамып келе жатқан оқу қызметініңмаңызды көрсеткіші ретінде баланың педагогтің бағалауына қатынасын есептейді. Егер бала оқу тапсырмасын орындауына қойылған жақсы не жаман бағасына еш елең етпесе, ол балада өзін-өзі жетілдіруге Жетістікті бекіту қажеттілігін, қатені түзеу, тәжірибе алу ұмтылыстың жоқтығын білдіреді, ал бұл оны оқытудың мүмкіншілктерін төмендетеді.


Оқу қызметінің табысты қалыптасуы ол қандай мотивтармен жанданатындығына қатысты. Егер бала оқығысы келмесе, оны оқытып қажет жоқ. Сырттан қарағанда балалардың сабақ кезіндегі қызметі, іс-әрекеті бірдей көрінгенімен, бірақ іштей, псиxологиялық жағынан, ол әртүрлі болады. Қызмет көбінесе алып жатқан білім мен баланың немен айналысып отырғанына байланыссыз сыртқы мотивтермен оянады. Балаға математика ұнамайды, бірақ сабақ кезінде ол бала педагогтың наразылығын тудырмау үшін барлық тапсырмаларды орындауға тырысады. Бала сурет салуды ұнатпайды, бірақ суретті апасының туған күніне сыйлау үшін салу мүмкін. Балабақшада балалар жиі «болуы керек», «солай тапсырды», «ұрыспасын» деп ойлағандықтан оқиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет