С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ересек адам – бала мен қоғамның арасындағы дәнекер



бет38/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Ересек адам – бала мен қоғамның арасындағы дәнекер

Ересек адамсыз (жақын және алыс) бала тірі организм ретінде өмір сүре алмайды және әлеуметтік тұлға ретінде дамымайды. Ересек адам баланың тұлға болып қалыптасуына екі негізгі функцияны атқаратыны белгілі: ол өзі құндылықтар мен адам тәжірбиесінің тасымалдаушысы болып қызмет етеді және үлгі ретінде «пайдаланады»; тәрбиелеу және оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы болып табылады.


Баланың қасында қандай ересек адам болғанына, «оны кімнің өмірге жетелегеніне» (В. А. Сухомлинский) көп нәрсе байланысты. Егер бала кішкентайынан мейірімді, қайырымды, ұстамды адамдар жанында болса, егер олар бір-бірімен құрметпен қарым-қатынас жасай алса, егер олар еңбексүйгіш және жайдары болса, - оның әлеуметтік тажірибесі дәл осындай адам әрекетінің үлгілерімен толығады. Бұл адамдар әлемінен алғашқы әсерлер болғандықтан, олар нағыз мықты болады. Егер бала қобалжу, қатыгездік, дөрекілік жағдайында өмір сүрсе,

76

онда ол тиісті әлеуметтік тәжірибеге ие болады. Әрине, бұл тек осы тәжірибеге сүйене отырып, баланың өмір сүретіндігіне көз жеткізбейді. Қарақшыотбасы міндетті түрде қарақшыны өсірмейді, бірақ мұндай жағдайда бейәлеуметтік болу ықтималдығы басқа эмоционалдық климатқа ие отбасынан жоғары. Сондай-ақ, өкінішке орай, бақытты отбасында тәрбиенің толықтай табысты нәтижесіне кепілдік берілмейді. Адам болу үдерісі өте күрделі және көптеген кейде көрінбейтін немесе бейсаналық әсерге ұшырайды.


Бірінші функция — ересек — құндылықтар иесі— іске асырылуы мүмкін және мақсатты түрде жүзеге асырылуы

мүмкін. Бұл ата-аналар, тәрбиешілер балаға өзінің бағалауларын, қарым-қатынастарын, әрекеттерін әдейі көрсетіп, өзін еліктеу үлгісі, ерекше «көрнекі құрал» түрінде көрсеткен жағдайда болады. Мұндай көрсету, әсіресе іс моральдық құбылыстарға қатысты болған кезде, үлкен әдептілікті, шамасын сезуді талап етеді.


Педагогика мен психология тұрғысынан бұл бірінші функция дамушы тұлға үшін өте маңызды. Балаға әсер ету механизімінің негізінде еліктеу және ересектер әлеміне араласу қажеттілігі сынды балалықтың ерекшеліктері жатыр.Бұл функцияны мақсатты түрде жүзеге асыруға көмектесетін жетекші әдіс, бала үшін — бақылау, ал ересек адамдар үшін — бірлескен қызметті ұйымдастыру, педагогикалық жағдайлар, көрсету.


Балаға арналған бірінші функциядағы әлеуметтік тәжірибені берудің өздігінде, байқау маңызды болып қала береді, ересек адам үшін бұл ішкі әлеуметтік және моральдық әлемнің иллюстрациясы.Тәрбиелеуші баланың оны үнемі бақылап отырғанын, бала әркез елітеуге дайын екендігін есте сақтауға


міндетті және бала оны бақылап, қабылдай алатынды, сондықтан ересек адамның оның алдындағы жауапкешілігі зор.


Бала тұлғасын қалыптастырудағы ересек адамның екінші функциясы— ересек адам әлеуметтік тәжірибені беру үдерісінің ұйымдастырушысы болып табылады. Және бұл функция мақсатты түрде, стихиялық түрде де іске асады.


Бұл функцияны педагог өз кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында мақсатты түрде іске асырады. Педагогтың біліктілігі жоғары болған сайын, ол өз мамандағын терең меңгерген сайын, ол балаға оның дамуында үлкен көмек көрсетеді. Ата-аналар да өз балаларының тәрбиелеу және оқыту үдерісін



77

мақсатты түрде ұйымдастыра алады, ол арқылы баланың әлеуметтік тәжірибесін жетілдіреді және кеңейтеді. Бұл ата– аналар өз балаларын қалай тәрбиелеу жөнінде ойлана бастаған кезде, саналы түрде психиологилық-педагогикалық әдебиеттерді оқығанда, мамандардан кеңес алған жағдайда мүмкін. Шындығында, өкінішке орай, көбінесе ата-аналар мұндай қадамдарды баланың дамуында қандайда бір ауытқуларды бақылаған кезде қолданады, ал баланың даму үдерісі дұрыс, тыныш жүріп жатқанда олар бұл үдерісті қалыпты жағдай деп санайды және балаларды әлеуметтендіруде оларға стихилық түрде көмектесуді ұйымдастыруға биім келеді.
Алайда, әлеуметтік тәжірбиені беру үдерісін стихилық түрде

ұйымдастыру тәрбиелеуші оған педагогикалық импровизациядақажеттілік болған жағдайда, күтпеген жағдайда тез шешуге және т.б. жүгінген кезде, жемісті болады. Бұл форманы стихилық деп шартты түрде атауға болады, өйткені қандай да бір педагогикалық импровизация педагог кәсіби шеберлікті меңгерген кезде мүмкін болады — дәл ол ерекше жағдайдан дұрыс жолды «көрсетеді».


Бала тәрбиесі мен оқыту үдерісінің ұйымдастырушысы рөлінде ересек адам да өзін әртүрлі көрсете алады. Барлығы оның біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты. Ересек адамның үйретуінсіз бала өмірлік іс-әрекет тәсілдерін игере алмайды. Ересек адам балаға жеке шығармашылығы үшін және сайып келгенде, адамзаттың үдерісі үшін уақытты бөліп, ол үшін әлемді игеру үдерісін тиімдірек етеді.


Егер әр ұрпаққа барлығын жаңадан жасау, табиғаттың заңдарын қайта ашу керек болса, егер адамдар жиналған тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беретін ұлы мүмкіндіктен айырылатын болса не болады?


Сонымен, ересек адам бала мен оны қоршаған әлеуметтік әлем арасындағы жетекші, дәнекер болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет