С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет34/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Орта кәсіптік білімді орта арнайы білім беру мекемесінде (училище, колледж) немесе жоғары оқу орнында жоғары кәсіби білімнің бірінші кезеңінде алуға болады.

Ресейдегі жоғары мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің ең қарқынды дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Ол білім


беру мекемелерінің келесі түрлерімен ұсынылған: университеттер (олар іргелі ғылыми зерттеулер орталықтары болып табылады және түрлі салаларда мамандарды даярлауды жүзеге асырады), академиялар, институттар, консерваториялар, жоғары кәсіби мектептер. Жоғары мектеп реформасы



67

мамандарды көп сатылы оқытуды енгізуге негізделген, ол білім берудің мазмұны мен мерзімдері бойынша кейінгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Әрбір деңгейде оқуды аяқтағаннан кейін түлек кәсіптік қызметпен айналысуға немесе білім берудің келесі кезеңіне өтуге құқық беретін диплом алады. Мұндай жоғары білім беруді қайта құрылымдау еліміздің біліктіліктің әртүрлі деңгейдегі мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен жоғары білікті мамандарды «барлық уақытқа» дайындау мүмкін емес болып отыр, сондықтан жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі бар: біліктілікті арттыру институттары мен курстары, аспирантура, ординатура, адъюнктура (ғылыми біліктілікті арттыру).Жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін көтеру үшін маңызды ынталандыру аттестация болып табылады, бірыңғай тарифтік жүйе бойынша оған жоғары санатты немесе дәрежені тағайындау мақсатында ол маман жұмысының сараптамалық бағалауы негізінде жүзеге асырылады.


Соңғы жылдары кадрларды қайта даярлау қажеттілігі туындады, яғни жаңа немесе аралас мамандықты алу үшін жағдай жасау.


Білім беру ұйымдары өздері арасында шарттар жасауға, ғылыми, өндірістік және өзге де мекемелер, ұйымдар мен


кәсіпорындардың қатысуымен оқу-тәрбиелеу кешендері(балабақша- бастауыш мектеп,лицей - колледж - жоғары оқу орындары) және оқу-ғылыми- өндірістік бірлестігін (қауымдастығын) біріктіруге құқығы бар. Білім ді өндірістен бөліп және бөлмей, отбасы немесе тұрмыстық білім және экстернат түрінде алуға болады.


Барлық білім беру ұйымдары қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады және халықтың


қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларының анықталған мәртебесінен тыс қосымша білім беру қызметтерін көрсете алады.



68

Жеке және баламалы білім беру ұйымдары

1991 жылдан бастап Ресейде жеке білім беру ұйымдарын ашу


рұқсат етілді. Ресей мемлекеттік емес білім беру
қауымдастығының Жарғысы қабылданды. Білім беру басқармасы жеке мектеп ашу үшін рұқсат береді (балабақша, университет және т.б.), ол үшін қажетті құжаттарды (оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы, ғимараттың бағдарламасы мен жарғысы, педагогикалық ұжымның құрамы туралы мәлімет, ғимаратты ұстауға кететін қаражаттар туралы анықтама) тапсыру керек. Жеке білім беру ұйымдарын бағыты мен мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:



  • артықшылықты, онда өте жоғары ақыға оқытудың жоғары сапасы қамтамасыз етіледі;




  • жақсы бейімделмегендіктен, олардың мінез-құлқын және іс-әрекетін қатаң реттеуді, білім беру мекемесінің ырғағының қарқындылығын қиындықпен игеретіндіктен, оқыту мен жеке

даму үшін ерекше жағдайларға мұқтаж балалар үшін; даму


үшін ерекше атмосфераны және арнайы оқыту бағдарламасын қажет ететін дарынды балалар үшін.


Ресейдің білім беру жүйесін дамытудың жаңа үрдісі дәстүрлі емес оқыту-тәрбиелеу мекемелері, балама жалпы мектептер, балабақшалар пайда болды. Дәстүрлі емес оқыту-тәрбиелеу мекемелері үшін білім беру мақсаттары мен мазмұнын ерекшелігі; ата-аналар мен олардың балалары белгілі бағдар беру институтын таңдаған кезде ерікті болу; салыстырмалы әкімшілік тәуелсіздік; баланы жақсы бейімдеуге, оның көп жақты дамуына ықпал ететін ерекше атмосфера мен моральдық жағдай сияқты сипаттамалар сай келеді.

Альтернативті білім беру ұйымдарына оқытудың өз профильдері мен үлгілері бар кейбір гимназияларды, лицейлерді жатқызуға болады (ағылшын және басқа да шет тілдерін, соның ішінде ежелгі тілдерді тереңдетіп оқытатын Мәскеу лингвистикалық гимназиясы; М.В. Ломоносов атындағы ММУ жанындағы медициналық және философиялық мектеп-лицейі және т.б.).


Альтернативті білім беру ұйымдарына Р.Штайнердің

балабақшалары мен мектептері, немесе вальдорв деп аталатын мектептер жатады, вальдорв үлгісі бойынша әлемнің 25 елінде,


69
оның ішінде Ресейде оқыту-тәрбиелеу мекемелері жұмыс істейді. XX ғасырдың 20-шы жылдарының басында діни және
философиялық оқыту негізінде құрылған. (антропософия) Рудольф Штайнердің (1861-1925 жж.) педагогикалық тұжырымдамасы баланың рухани дамуына, оның жеке жаттығулары арқылы қабілеттерін ашуға бағытталған.Білім беру тұжырымдамасының негізін бала қызметінің еңбек, өнер, театрландырылған түрлері құрайды. Вальдорф мектебінде тұрақты оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар жоқ; сондай-ақ оқушылардың өмірін қатаң реттеу де жоқ. Балалар бағалаусыз оқып, мектептен шығып қалудан, екінші жылға

қалудан қорықпайды. Тәрбиеленушілердің отбасылары вальдорф мектебінің жұмысына белсенді түрде қатысады.


Дәстүрлі емес білімнің тағы бір мысалы - Мария Монтессоридің мектебі (1870-1952). Бұл мектепте тәрбиелеудің басты мақсаты өз іс-әрекеттеріне жауапты, қиындық туындаған кезде қорытынды жасауға және өздігінен дәстүрлі емес шешімдерді қалай қабылдауға болатындығын білетін адамның қалыптасуын жариялайды. Баланың педагогпен өзара әрекеттесуінің қағидасы: «Бұны өзіме істеуге көмектес». Білім беру үдерісінде маңызды орынды ол автодидактизм қағидаты бойынша ұйымдастырылған М. Монтессоридің дидактикалық материалдарымен баланың жұмысы алады.


Дәстүрлік емес барлық жерде пайда болатын ұлттық оқу орындарында (Мәскеудегі,Санк-Петербургтегі татар, армян, еврей балабақшалары, «Таза жүрек» христиан мектебі және т.б.) балалармен жұмыс істеуді ерекшелендіреді. Көрсетілген мекемелер өз жұмысында ұлттық тәрбиенің идеялары мен дәстүрлерін іске асырады, оқуды ана тілінде жүргізеді, халықтың мәдениетімен, тарихымен, дінімен таныстырады.


Баламалы білім беру – тәрбиелеу мекемелері мемлекеттік білім беру жүйесінің шеңберін толықтыра және кеңейте отырып, білім беру мен тәрбиелеудің модельдерін таңдау үшін зор мүмкіндіктер ұсынады. Алайда мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының дамуы орын алған елдердің қоғамдарында мұндай мекемелерді құру ағарту ісін демократизациялау принциптеріне қайшы келмей ме, олар қоғамның жіктелу факторы болмай ма екен деген қауіп туғызады.



70





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет