ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Т А Р А У
ПЕДАГОГ: МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒА
Мамандықтың тарихы
Педагог мамандығы – адамзат тарихындағы ежелгі және құрметті мамандықтардың бірі. Алайда оның пайда болуының нақты мерзімін анықтау қиындық тудырмайды. Педагог мамандығының мазмұны өскелең ұрпақты тәрбиелеуден құралады, сондықтан адамзат қоғамында балаларды тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік қашан туындағанын анықтау үшін аздаған тарихи экскурс жасаған жөн.
Тәрбие аға буынның кіші буынмен табиғи өмірлік қатынасы барысында қомақты тарихи уақыт аралығы бойына кәсіби даярлығы бар мамандарсыз жүзеге асырылғандығын атап өтуіміз керек.
Археологиялық қазба материалдары, этнография деректері ғалымдарға тәрбие объективті үрдіс ретінде алғашқы қауым адамының хайуанат кейіпті іс- әрекет түрінен еңбек, құрал-сайманмен жұмыс жасау түріне ауысу аралығында қалыптаса бастағандығы туралы болжамды жасауға мүмкіндік берді.
Қарулы қызмет адамның биоморфологиялық дамуына әсер етіп, оның санасының өзгеруіне, анық сөйлеуінің пайда болуына ықпал етті. Шаруашылық қызметтегі эволюция адамдардың өмірінің жалпы жағдайларынан сезілді: тамақтану жақсарды, тұрақты қоныстар пайда бола бастады. Осы өзгерістер артынан балалар санының өсуіне, балалық шақ мерзімінің ұзаруына
8
әкелді.
Қоғамда тәрбиеге деген объективті қажеттілік қалыптаса бастады: балаларға қарулы-еңбек қызметінің тәжірибесін жеткізу қажеттілігі туындады, оның себебі, бір жағынан - осы тәжірибені сақтап қалу үшін, екінші жағынан, оларды болашақ жеке өміріне дайындау үшін қажет еді.
Басында бұл қажеттілік ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде қанағаттандырылды. Ересектердің кіші буынды шаруашылық қызметіне ерте тартуы еңбектің өзі де (тамырлар мен жемістерді жинау ; аң аулау, балық аулауға және т.б. қатысу), оны жүзеге асырған құралдардың да біршама қарапайым болғандығымен жеңілдетілді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлықты қауымның барлық ересек мүшелері көрсетті. Кейін ол тәжірибе жинақтаған аға буынның өкілінің қолына шоғырланды.
Ересектер мен балалар арасындағы тәрбиелік қатынастар еңбек саласымен ғана шектеліп қалмады. Ересектер қауымда
қалыптасқан ережелерді, талаптарды және салынған тыйымдарды сақтауға үйрете отырып, балалардың жүріс-тұрысын да бағыттап отырды. Бұл жағдай тәрбие түрлерінің туындауын болжады, оның мақсаты еңбек әрекетінің тәжірибесін жеткізу ғана емес, сонымен қатар, балаларға
қоғамның талаптарына, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріне сәйкес келетін мінез-құлық қасиеттері мен формаларын дамыту еді.
Көптеген уақыт бойы баланы өмірге дайындау оның қоғамдастықтың ұжымдық және еңбек өміріне практикалық қатысуынан ажыратылмады. Алайда, зерттеуші-этнографтардың тұжырымдауынша, алғашқы қауым кезеңіне тәрбие беру мен оқытудың эмпирикалық құралдарының (ойыншықтар, салт-жоралар, ырымдар, халық ауыз шығармашылығының шығармалары) пайда болуы мен жинақталуы жатады.
Неке қатынастарын ретке келтіру, жұптық некелердің пайда болуымен, тәрбие беру қызметін ата-аналар мен туысқандар атқаратын тәрбие берудің отбасылық-үй формалары туындайды.
Шаруашылық қызметінің, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеудегі өзгерістерге әкелді. Адамзат тарихында алғашқы рет тәрбие беру мен оқытудың жаңа түрі – инициация пайда болады. Инициация – бұл бозбалалар мен қыздарды ересектер тобына
9
жатқызуға арналған әдет-ғұрып. Бұл ересек өмірге деген өзіндік емтихан болды (көптеген халықтарда осы күнге дейін сақталған). Емтиханды табысты тапсыру үшін белгілі білім, практикалық іскерліктер , дене, әдет-ғұрып, әлеуметтік-адамгершілік даярлықтан тұратын кең бағдарламаны игеру керек болды. Ер балаларды дайындауда негізгісі, оларға ересек өмірде күтілетін қызметтің дағдылары мен іскерліктерін (егін шаруашылығы, аң аулау , мал шаруашылығы, әскери іс және т.б.) қалыптастыру болды. Қыз балалар үй шаруашылығы құпияларын игеріп, тоқымашылыққа, құмыра жасау ісіне, тоқуға үйренді және т.б.
Инициация талап ететін іскерліктердің басым көпшілігін балалар отбасында, қауымда игерді. Алайда ер балалар мен қыз балаларды инициацияның тура алдында жастардың арнайы үйлері мен лагерьлеріне (жеке) жинап, кезең бойынша дайындық жүргізді. Бұл үйлерді мектептің болашақ үлгісі деп санауға болады. Сол уақытта қауымда өз өмірін жастарды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған адамдар бөлініп шықты. Әрине, бұлар толыққанды мұғалімдер емес, бірақ, олар кәсіпқой-педагогтердің тарихи негізін салушылар болып табылды.
«Педагог» сөзі Ежелгі Грецияда пайда болды. Адами өркениеттің осы бесігінде әл-ауқаты жақсы отбасыларда балаларға қарау біршама білімі бар құлға тапсырылды, ол өз қожайынының баласын мектепке апаратын болды, оқуға қажетті барлық заттарды алып жүрді, өзінің қарамағына алған баланың соңынан иба тұта еріп, оны үйіне жеткізіп салу үшін, сабақтың аяқталуын күтті. Үйде құл балаға қарады, оның жүріс-тұрысын байқап жүрді, әр түрлі қауіптерден сақтап отырды. Осындай құлды педагог деп атады, грек тілінен (paidagogos)тікелей аударғанда бала жетектеуші дегенді білдіреді.
Кейінірек педагог қарапайым құлдан үйдегі тәрбиелеушіге айналды. Сөйтіп, «педагог» сөзі өзінің бастапқы мағынасынан айырылды. Педагогтар деп кәсіби тәрбиешілерді, кейін оқытушылар мен мұғалімдерді де атай бастады.
Білімқұмарлар үшін
Ежелгі орыс тілінде «мұғалім» сөзі оның жоғары мағынасында - өмір жолындағы тәлімгер, «ілім», Құдай сөзін уағыздайтын адам ретінде қабылданды. Оқушы мұғаліміне өмір бойы құрмет, ілтипат, алғыс сезімдерін сезуге міндетті болды. Кирилл Туровскийдің «Өз мұғалімдеріңді ұмытпа»
10
сөзі Киев Русі заманынан бері қолжазбадан-қолжазбаға қайта жазылды: «Егер сен иерей емес, қарапайым адамнан үйренсең, онда сен ол туралы естелікті өз жүрегің мен ойыңда жаның таусылғанша сақта...»(А. С.Уваровтың қолжазбасы. — СПб., 1858. — 2-т. — 131-б.).
Русте балаларды сауаттылыққа үйретумен кәсіби айналысатын адамдарды әдетте, көптегенжағдайда «мұғалім» емес, «сауаттылық шебері» немесе жай ғана «шебер» деп атаған. Мұндай шеберлерге оқыту қызметтің негізгі түрі болып саналмады. Оларға сауаты бар түрлі мамандықтың адамдары – кітап жазушылары, икон жазушылар, хатшылар және т.б. жатқызылды. Балалар кәсіби дағдыларды отбасында немесе жақын орналасқан сословиелік аймақтарда игерді. Кейде баланы кәсіпқой-шеберге оқуға беріп отырды. Сөйтіп, оқу халық екбек «педагогикасы» мен сословиелік дәстүр шеңберінде жүзеге асырылды.
В.И.Дальдің «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» «мұғалім» сөзінің мағынасы тәлімгер, оқытушы ретінде беріледі.
Тәлімгер қалай өмір сүру керек екендігін, нағыз адам болып қалыптасу үшін өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді, яғни тәрбиелейді. Оқытушы балаларды біліммен қаруландырады, әр түрлі мәдениеттердің элементтерін, адами құндылықтарды игеруге көмектеседі, яғни оқытады. Өскелең ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені жеткізу, құндылық бағыт-бағдарларын қалыптастыру және оны өмір сүру мен еңбек етуге даярлау жөніндегі осы екі құрамдас бөлшекті (тәрбие беру мен оқытуды) бір адам ғана жүзеге асырды – ол мұғалім. Сөйтіп, қазіргі түсінік бойынша мұғалім – бұл мазмұны оқыту мен тәрбие беруден құралатын мамандық.
Педагогикалық мамандықтардың өзара тығыз әрекеттесетін ошағында лайықты орынды тәрбиеші алады. Тәрбиеші – тәрбие берумен айналысатын, басқа адам тұлғасының өмірі мен дамуына жасалатын жағдай үшін өзіне жауапкершілік алатын адам. Тәрбиеші мамандығы, жоғарыда аталып өткендей, антика уақытынан бері танымал. Орта ғасырлар мен Жаңа уақытта кейбір оқу-тәрбие беру мекемелерінде (гимназия, асыл әйелдерге арналған институт, кадет корпусы және т.б.) тәрбие қызметін ерекше лауазымы бар тұлғалар атқарған – класс ханымдары, класс бақылаушысы, тәлімгер және т.б. Әл-ауқаты бар отбасыларға үй тәрбиешілері – гувернерлер, бонналар және т.б. шақырылған (қазіргі уақытта да шақырылады).
Қоғамдық тәрбиелеудің қазіргі жүйесінде тәрбие беру қызметтерін жүзеге асыратын арнайы лауазымдар бекітілген.
11
Бұл балалар үйіндегі, интернаттағы, мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші. Алайда педагогикалық үрдісте оқыту мен тәрбие беру өзара тығыз байланысты екенін ескеруіміз керек, осының арқасында тәрбие беру қызметін балалар бақшасында, мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында жұмыс істейтін педагог жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |