С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ортақ, бірлескен, ұжымдық еңбек



бет97/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Ортақ, бірлескен, ұжымдық еңбек. Егер тапсырмалар мен кезекшілік топтарда еңбекті ұйымдастырудың жүйелі, тұрақты түрері болса және балалар белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда күрделірек түр - орта , бірлескен, ұжымдық еңбекке көшкен дұрыс болады. Еңбекті ұйымдастырудың бұл түрлерін Р.С.Буре, Д.В.Сергеева, В.Ф.Кушина, С.А.Козлова, Л. В.Крайнова және т.б. зерттеді.

Балалар еңбегін ұйымдастырудың аталмыш түрі алдымен адамгершілік тәрбиенің міндеттерін шешуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде игерілген еңбек дағдылары мен қабілеті тек бекітіледі, ал жаңаны оқыту бұрынғыдай жеке жүзеге асырылады. Тәрбиеші жалпы еңбек мазмұнына балалардың істей алмайтын әрекетін енгізе алмайды. Мысалы, егер балалар ойыншықтарды дұрыс жууға мүмкіндіктері болмаса, тәрбиелеушіде жеке оқыту мүмкіндігі болмағандықтан, бұл жұмысты жалпы қызмет түріне қосуға болмайды.


Ортақ, бірлескен және әсіресе, ұжымдық еңбек балаларда өз әрекеттерін келісу қабілетін қалыптастыру үшін, бір-біріне көмектесуге, жұмыстың бір қарқынын орнатуға және т.б. қолайлы жағдай жасайды.



217

Ал, енді терминдерге көңіл бөлейік. Ортақ, бірлескен, ұжымдық еңбек дегеніміз не? Бұл түсініктер синонимдер болып келмей ме? «Ортақ», «бірлескен», «ұжымдық» деген түсініктерді не біріктіреді және олардың қандай айырмашылығы бар?

Ортақ, бірлескен және ұжымдық еңбекті балалар қызметінің қоғамдық бағытталған мақсатыбіріктіреді. Бұл еңбек нәтижесі әрқашанда барлығы үшін пайдалы дегенді білдіреді. Үй-жайды, алаңды жинау, топтық бөлмені мерекеге безендіру және т.б. — бұнын барлығы тек бір қатысушыға ғана емес, олардың барлығына керек.


Айырмашылығы ұжымдық өзара қарым-қатынасты бекіту мен тәрбиелеуге арналған жағдайларда жасалады. Ортақ еңбек әр бала жұмысының бір бөлігін жеке мақсатта жүзеге




асыратын жалпыға ортақ мақсатта балаларды ұйымдастыруды білдіреді. Мысалы, тәрбиеші балаларға топтың үй-жайларын тәртіпке келтіруді ұсынады және олардың міндеттерін бөледі: «Саша мен Сергей, құрылыс материалдарын қораптарға салыңдар. Наташа мен Лена, сендер қуыршақтарға таза киімдерді кигізіңдер. Біз, Дима мен Оля үшеуміз орындықтарды сүртеміз» және т.б. Жұмыс аяқталуынан кейін, ол балалардың назарын әрқайсысының жақсы жұмыс істегеніне аудартады және міне, нәтижесі - бөлме таза және әдемі болды. Жұмысты ұйымдастырудың бұл түрінде әрбір баланың өз алаңы болады және ол өзі үшін ғана жауапты. Тіпті екі балаға бірдей тапсырма берілсе де, сонда да әрқайсысы оны бөлек атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет