208
еңбегінің дағдылары отбасында қолданылады және керісінше. Ерекше еңбек түрі ретінде табиғаттағы еңбекті бөліп
қарастыруға болады. Осындай еңбектің мазмұны өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау, ауладағы көкөністерді өсіру, аумақтарды көгалдандыру, аквариумды тазалауға қатысу және т.б. болып табылады.Табиғаттағы еңбек тек жұмыс дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен бірге моральдық сезімдерді тәрбиелеуге де әсер етеді, экологиялық білім негіздерін қалыптастырады.
Кіші топтарда балалар назарын өсімдіктер мен жануарларға аударады. Тәрбиелеуші жануарларды бақылауды
ұйымдастырады және сонымен бірге балалардың қызығушылығын қолдауға тырысады. Ересек адаммен және оның басшылығымен бала тірі нысандарға қамқорлық жасайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жауапкершілігі әлдеқайда жоғары. Және бұл түсінікті де: бала көп нәрсені істей алады, көбірек біледі.
Табиғаттағы еңбектің өз ерекшеліктері бар. Оларға толығырақ тоқталайық.
Бұл еңбектің нәтижесі материалдық өнім болуы мүмкін (бала өзі еккен көкеністер, отырғызған ағаштар және т.б.). Бұл бала еңбегін ересектердің өндірістік еңбегімен жақындастырады.
Табиғаттағы еңбек көбінесе кешіктірілген нәтиже береді:
тұқымды егеді, біраз уақыттан кейін шыққан нәтижені, ал уақыт
өте жемісті алады. Бұл ерекшілік ұстамдылық пен шыдамдылықты тәрбиелеуге көмектеседі.
Жануарларға күтім жасау, өсімдіктер өсіру арқылы бала әрқашан тірі заттармен айналысады. Сондықтан еңбек барысында ерекше ұқыптылық, аса қамқорлық, жауапкершілік қажет. Бұл факторлардың болмауы тірінің опат болуына әкелуі мүмкін.
Табиғаттағы еңбек бір мезгілде танымдық мүдделерді дамытуға мүмкіндік береді. Балалар тірі заттардың өсуі мен дамуын қадағалайды, кейбір өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері туралы біледі, тәжірибе жасайды, жансыз табиғатпен танысады.
Еңбектің бұл түрі балаларға басқа адамдарға қуаныш сыйлау мүмкіндігін береді (өсірген жемістерінен дәм татқызу, гүл сыйлау).
Осылайша, табиғатта еңбек еңбек тәрбиесіне ғана емес,
|