191
өзінің сүйіспеншілігін білдіреді.
Ахуал эстетикасы – бұл кейбір жағдайда (қонақ
келуіне
байланысты) емес, тұрақты болуы тиіс нәрсе. «Тұрмыс
эстетикасы» ұғымы балаларды қоршайтын адамдар арасындағы
күнделікті қарым-қатынастардың әдемілігін де қамтиды.Ол
қандай сөзді, қандай интонацияларды еститіні өте маңызды.
Мәселе сөздің дұрыс болуында ғана емес, ол бейнелі,
интонациялық бай және тілектес болуы қажет (мұнда
эстетикалықтың этикалықпен тығыз байланысы байқалады).
Қария болған арғы әже кейбір сөздерді дұрыс емес, өзінше
айтады, бірақ сөзі мақал-мәтелге, әзілге, еркелетуге толы –міне,
дәл осы балада ана тілінің образдылығы мен көркемдігіне деген
қызығушылықты тәрбиелейтін болады.
Тұрмыс эстетикасы – бұл адамның сыртқы келбеті де.
Киіміндегі ұқыпсыздық,
салдыр-салақтығы, түсті таңдаудағы
үйлесімсіздік, өз стилін таба алмауы – бұның барлығы сұлулық
заңдарына қайшы келеді. Ата-аналар, әдетте, өз баласының
киіміне, әсіресе, ол кішкентай болған кезінде, көп көңіл бөледі.
Бірақ олар жоғарыда айтылғандар туралы әрдайым естерінде
сақтай ма? Осы талаптар мерекелік,
дала киетін киімге ғана
емес, сондай-ақ, күнделікті, үй киіміне де қатысты. Егер анасы
үйінде кір халатта жүріп, шашын дұрыстауды ұмытса, онда
баланы ұқыпты болуға дағдыландыру қиынға соғады («қарама-
қайшылықтан» механизмі іске асса ғана, оның өзі мектеп
жасына
дейін емес, біршама ересектеу жаста болуы мүмкін).
Сонымен,
тұрмыс
эстетикасы
баланы
эстетикалық
тәрбиелеудің міндетті түрдегі шарты, онда қалыптасып келе
жатқан сұлулық туралы ұғымды бекітетін немесе бұзатын фон
болып табылады.
Егер ересектер баланың назарын тұрмыстың эстетикалық
жағына аударса,
тұрмыс эстетикасы эстетикалық тәрбие беру
құралы болып шығады. Балалардың сұлулықты өз айналасында
әр
түрлі
көріністерінде
көруі
жеткіліксіз
(жоғарыда
айтылғандай, бұл өте маңызды болса да). Олардың назарын осы
әдемілікке аудару керек: «Біз сенімен тазарту жұмыстарын
аяқтадық. Өте әдемі болды. Мына жерге тағы да гүлдерді
қояйық!»; «Шашымызды ұқыпты тарайық,
қыз бала әрдайым
әдемі болуы керек». Осындай сөздер үнемі айтылуы мүмкін.
Олар ақырындап эстетикалық сананы қалыптастырады.
Тұрмыс эстетикалық тәрбие берудің құралы болып ересектер
192
баланы көркемдік үшін талдау жасау және әрекет етуге тарту
кезінде де байқалады: «Айнадағы өзіңе қара, әдемірек болу үшін
нені дұрыстау керек, қалай ойлайсың?»; «Біздің жасыл диванға
қай түс көбірек келеді – сары ма әлде қара ма?». Бұл жерде бала
не деп жауап беретіні маңызды емес, мұнда ересектің оның
назарын түстердің үйлесуі немесе үйлеспеуі мүмкін
екендігіне,
бала да әдемілікті жасауға қабілетті екендігіне аударады.
Сонымен, үш ереже:
әдемілікте өмір сүру, әдемілікті
Достарыңызбен бөлісу: