С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ресейдегі қазіргі педагогикалық білім (әлемнің көптеген



Pdf көрінісі
бет18/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Ресейдегі қазіргі педагогикалық білім (әлемнің көптеген 
елдеріндегідей) көп деңгейлі жүйені білдіреді, ол «Ресей 
Федерациясындғы білім туралы» заңда бекітілген. 
Бұл жүйе оқытудың мазмұны мен мерзіміне қарай әртүрлі 
сабақтас тиісті деңгей мен бағыттағы Федералдық мемлекеттік 
стандарттар мен білім беру және кәсіптік бағдарламалар арқылы 
жүзеге асырылады. Орта кәсіптік білім беру мамандықтары 
бойынша негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру 
құқығына орт кәсіптік және жоғары білімнің білім беру 
мекемелері басшылық етеді. 
Көптеген уақыт бойы орта педагогикалық білімнің білім беру 
бағдарламалары 
педагогикалық 
училищелерде 
жүзеге 
асырылған. Соңғы он жылдықтарды барлық жерлерде 
жоғарылатылған 
үлгідегі 
мекемелерді 
білдіретін 
педагогикалық колледждер құрылуда. Олар кадрларды 
ұзартып даярлау жеке оқу жоспарлары бойынша орта кәсіптік 
білімнің тереңдетілген білім беру бағдарламалары негізінде 
мамандарды 
дайындауды 
жүзеге 
асырады. 
Осылайша, 
педагогикалық колледждер білім алушыларға біліктіліктің 
жоғары деңгейін қамтамасыз етуге міндеттелген. Орта 
кәсіптік білімді дамытудың жаңа алғышарттары 050144 – 
Мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша орта кәсіптік 
білім берудің Федералдық мемлекеттік білім беру стандартында 
белгіленген (РФ Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 5 
қрашадағы № 530 бұйрығымен бекітілген). 
Педагогикалық колледждер жеке білім беру мекемелері 
немесе жоғары оқу орнының (университеттің, академияның, 
институттың) құрылымдық бөлімшесі ретінде қызмет етеді. 
Толық емес жоғары педагогикалық білімді жоғары оқу 
орнында, егер онда кәсіби-педагогикалық даярлықтың тиісті 
бағдарламасы жүзеге асырылса (18 айға дейін), алуға болады. 
Оқу бітіргеннен кейін студентке жоғары білімін жалғастыру 
немесе толық емес жоғары білім туралы дипломды алу таңдауға 
беріледі. 
Жоғары педагогикалық білім беру университеттерде, 
академияларда, институттарда жүзеге асырылады. Жоғары 
педагогикалық білімнің бірнеше сатысы бар. Әр сатыны 
бііргеннен кейін белгілі біліктілік тағайындалады (бакалавр, 


32
магистр). Орта педагогикалық білімі бар тұлғалар қысқартылған 
жеделдетілген бағдарламалар бойынша жоғары кәсіби білімді 
алады.
«Мектепке дейінгі білім беру» мамандығы бойынша орта 
кәсіптік те, және жоғары білім беру шеңберінде болашақ 
мамандарды қызметтің мына түрлеріне даярлайды: 

баланың денсаулығын нығайту мен оның физикалық дамуына
бағытталған шараларды ұйымдастыру;

қызметтің әр түрін және балалармен қатынас жасауды
ұйымдастыру;

мектепке дейінгі білімнің негізгі жалпыға білім беретін
бағдарламалар бойынша сабақтарды ұйымдастыру;

ата-аналар және білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен
өзара әрекет ету;

білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету.
Қызметтің осы түрлерінің орындалуы студенттің, болашақ
педагогтің жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді игергендігін 
талап етеді, олардың тізбесі Федералдық мемлекеттік 
стандарттарда (ЖКБ-нің ФМБС-і және үшінші буындағы ОКБ-
нің ФМБС-і) қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет