түрлендіру. Бұл кезең балалардың заттарға қызығушылық
көрсете отырып, оларды зерттегісі, олар неден құралғанын,
қандай қасиеттерге ие екенін, қандай мақсатта жұмыс істейтінін
білгісі келетінімен сипатталады, яғни олар өздерін қоршаған зат
әлемін саналы зерделеуге тырысады (сондықтан да жиі жағдайда
ойыншықтарды сындырады). Екінші ерекшелігі болып
балаларда өз бетімен заттарды жасағысы келу немесе ескілерін
қайта түрлендіргісі келу ықыласының пайда болуы саналады.
Осы екі ерекшелік мектепке дейінгі жоғарғы жастағы балаларда
320
көрнекі-бейнелілік және логикалық ойлау, басқа адамның
әрекетін бағалау қабілеті пайда болуының (А. Н.Леонтьев, М.
И.Лисина, Д. Б.Эльконин және т.б.), «қол шеберлігінің» одар әрі
дамуының (Т.С.Комарова), шығармашылық қызметтің қайта
өңдеу түрлеріне талпынысының байқалуының (Н.А.Ветлугина,
Г.Н.Пантелеев, Л.Е.Одерий және т.б.) қиялының дамуының (О.
М. Дьяченко, Л. А. Парамонова және т.б.) дәлелі. Ересек
адамдарға деген қатынас, олардың қызметін бағалау іскери
сипатқа ие бола бастайды.
Үшінші кезеңде педагогтің алдында келесі міндеттер тұрады:
■
балалардың
заттар,
олардың
қасиеттері,
сапалары,
қолданыстық мақсаты, қызметі туралы ұғымын кеңейтуді
және тереңдетуді жалғастыру;
■
заттарды қайта өңдеп түрлендіру ынтасы мен іскерлігін,
шығармашылық ойын, қиялын дамыту;
■
адамдар заттарды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
жасайтыны туралы ұғымды қалыптастыру.
Міндеттерді шешу үшін түрлі әдістер, әдістемелік амалдар
пайдаланылады. Ойыншықтарды таңдағанда, педагог, алдымен
топта осы кезеңге сәйкес келетін заттардың болуына назар
аударады. Осы ойыншықтардың ерекшелігі: олар жұмыс істеуі
керек, кішкентай бөлшектерден құрылып, «құпиясы» болуы
керек (мысалы, дыбыс шығарады). «Олардың жас кезіндегі»
ойыншықтар – сылдырмақтарды да паййдалануға болады.
Сондай-ақ, бүгінгі күнді де көрсететін ойыншықтар болуы тиіс.
Топта тұрмыстық техниканы болуы қажет: шаңсорғыш,
үнтаспа, сағат. Егер де олар болмаса, оларды уақытша топқа
әкеліп, тұрмыстық техника қалай жұмыс істейтіндігін, әрекет
ету механизміне қандай қағида алынғандығын қарастыру керек.
Мысалы, кофе ұнтақтағыш алып келіп, қауіпсіздік
шараларын қолдана отырып, түйіршіктерден ұнтақталған кофе
қалай жасалатынын көруге болады.
Сөйтіп, тәрбиеші балалардың назарын әрдайым әртүрлі
заттарға
аударып,
олардың
қызығушылығын
заттың
құрылысына, қызметіне, қолданылу мақсатына аударады.
321
Күнделікті өмірде балалардың топшасымен мына тұрғыдағы
ойындарды жүргізуге болады: «Жылуды қалай сақтауға
болады?», «Қандай заттардың көмегімен жылуды сақтап қалуға
болады?», «Қандай заттардың көмегімен жылы бөлмені
жарықтандыруға болады?» және т.б.
Тәрбиеші балаларға белгілі бір затты әр түрлі негіз бойынша
саралауды ұсынады. Осы типтегі бірінші міндетті шешуге ата-
аналар белсенді тартылады. Тәрбиеші оларға мұндай жұмыстың
қажеттілігін түсіндіреді, балаларға үйде тұрмыстық техниканы
пайдалануды үйретуді ұсынады.
Үйде де, мектепке дейінгі мекемеде де балаларды үй-жайды
безендіруге тарту қажет. Бұл балалардың заттарды қолданылу
мақсатын, олардың адам өміріндегі рөлін түсінуге ықпал етеді,
баланы заттық ортаны түрлендіруге практика жүзінде қатысуға
үйретеді.
Екінші міндет өзіндік ретінде және келесісін шешуге
даярлаушы ретінде қарастырылуы мүмкін. Өзіндік ретінде бұл
міндет жаттығу-оындар, логикалық тапсырмалар, дидактикалық
ойындар, бақылаулар ретінде шешіледі. Мысалы, «Неге
ұқсайды?» ойыны: балалар заттың неге ұқсайтынын ойлап
табады, бұлттар, сия тамшысы, бұтақ, бүршік және т.б.;
«Сызықты жалғастырып сал, суретті салуды жалғастырып, оны
өзгерт», «Зат өзі туралы не айтады?», «Жұбыңды тап»: бірдей
әрекет ететін немесе қолданыс аясы, зыметі бір затты тап –
сыпыртқы мен шаңсорғыш, шот пен калькулятор және т.б.).
Осы кезеңде жұмыстың маңызды және қызықты бөлімі
болып балаларды заттың қазіргі жағдайымен, өткені және
болашағымен таныстыру саналады.
Кез келген затты мысалға ала отырып, тәрбиеші
балалардыадамның затқа деген қажеттілігін қанағаттандыра
отырып, оны өзерткені туралы таныстыру жұмыстарын жүгізе
алады. Педагогикалық үдеріске балаларды әр түрлі қызметі мен
олармен жұмыс жасаудың түрлі формалары енеді. Мысалы,
тәрбиеші балаларды иненің, киімнің, жиһаздың және т.б. қайдан
322
пайда болғандығымен таныстыра алады. Алдыңғы кезекте,
жұмыс мектеп оқушылары емес, мектеп жасына дейінгі
балалармен жүргізілетінін ұмытпай отырып, танымдық
материалды сұрыптау қажет. Содан кейін қай материал сабақ
беруді қажет ететінін, ал нені балалармен еңбек әрекетінде,
ойын барысында, тәжірибе жасауда игеруге болатынын, қандай
ойын-сауық, мереке ұйымдастыруға болатынын, барлық
балаларды олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере
отырып, қалай белсендіруге болатынын ойластыру керек. Бір
затпен таныстыру 1-2 апта бойына жүргізілуі мүмкін. Бұл
тәрбиешіге табиғи, қызықты іс-әрекетте баланың когнитивтік,
эмоционалдық саласын дамытуға мүмкіндік беретін жұмыс
болып табылады.
Басты міндет «жоғалып кетпеуі» маңызды – балаларды
затпен жай ғана емес, ал адамның затқа дегенқажеттілігін, оның
түрлендіретін қызметін қанағаттандыратын әрекет ретінде
таныстыру керек. Бала тұлғасының шығармашылық бастауын
дамыту үшін қорытынды бөлім де маңызды – заттың болашағы.
Балалар зерттеп жатқан затын бүгінгі күнгі түрінде
қарастырады, және бүгін онда не қанағаттандырады, нені
өзгертуге болады (қағаз жыртылады, қаламда пастасы бітіп
қалады және т.б.) деген тұрғыдан талдау жасайды. Тәрбиеші
балаларға «егер мен өнертапқыш болсам, осы затпен не істер
едім» деген ұстанымда болуға, қиялдауға, ойын шарықтатуға
мүмкіндік береді. Арманын суретте, қолдан жасалған бұйымда
іске асыруға болады.
Сөйтіп, зат әлемінде бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін бай
мүмкіндіктер бар, бірақ ол педагогтің осы үдеріске ұқыпты,
сауатты қараған жағдайында ғана жүзеге асырыла алады.
|