336
байыта, тереңдете отырып,оның сезімі мен көңіл-күйіне кіреді.
Иемденіп алудың кез келген ойынында балаға оң мәні бар
деп ойлауға болмайды. Қыздар жанұя ойынын ойнап жатыр деп
елестетейік: Лиза мейірімді, қамқоршы ананы ойнайды, Настя –
балаларға билікпен команда береді, өзінің күйеуіне айғайлап
қояды. Егер біз «аналар» ойындарында сезілетін сезімдерді, олар
жаттығатын қатынас құралдары мен тәсілдерін салыстыратын
болсақ, осындай
ойындар мінездің қалыптасуына, қоршаған
өмірге қатынасына әртүрлі әсер ететіні белгілі болады.
Н. К. Крупская қызметтің мазмұнына байланысты ойынның
баланың дамуына полярлық әсер етуін атап өтті: ойын арқылы
аңды тәрбиелеуге болады, сондай-ақ,
қоғамға қажет тамаша
адамды да. Көптеген психологиялық және
педагогикалық
зерттеулерде ойын ағымында баланың жан-жақты дамуы болады
деп дәйекті дәлелденген.
Бір жағынан, ойын – баланың өзіндік әрекеті, басқа жағынан,
ойын оған бірінші «мектебі», тәрбие беру мен оқытудың құралы
болуы үшін ересектердің ықпал етуі қажет. Ойынды тәрбие беру
құралы ету оның мазмұнына әсер ету, балаларды толыққанды
қатынас жасау тәсілдеріне үйрету дегенді білдіреді.
Тәрбие берудің құралы болып дүние туралы ұғымды
қалыптастыратын,
талғамды,
адамгершілік
қасиеттерін
дамытатын ойын да жұмсалады.
Көптеген зерттеулер ойын тактикалық, педагогикалық
мақсатқа
сай
жетекшілік
етілген
жағдайда
баланың
дүниетанымын кеңейтуге, танымның образдық формаларын
дамытуға (образдық ойлау, қиялдау), оның мүдделерін
нығайтуға, сөйлеуін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның жүріс-тұрыс нормаларын, өзара қарым-қатынас
ережелерін игеруде маңызы зор. Алайда мұнымен баланың
адамгершілігін дамыту үшін оның мазмұны таусылмайды. Ойын
әрекетінің
бостандығы мұнда бала, шынайы өмірден гөрі
жиірек, өзіндік таңдауын жасауы тиіс жағдайға тап болады
(қалай жасауға болады?). Мысалы, Егор мектеп құрылысына
337
арналған панельді апарудан жалығып кетті, ал краншы болу –
басқа жағдай. Алайда краншы – Алеша, ал егер де ол, Егор,
ойыннан шықса, ол бұзылады. Не істеуге болады?
Осындай адамгершілік
қайшылықтар ережелері бар
ойындарда да жиі туындайды: «ұстап алушы» одан қашып бара
жатқан сашаны түртіп үлгерді, бірақ оны ешкім байқамады. Не
істеуге болады: жүгіруді жалғастыру керек пе әлде балаларды
жүргізушімен «лақтырып тасталынған» басқалары да жиналған
орындыққа отыру қажет пе?
Ойындарда балалардың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Олар ойды құру, рөлді ойнау, ойынға қажет қолдан жасалған
ойыншықтарды, костюм элементтерін
жасау барысында
көрінеді. Баланың күнделікті өмірден гөрі ойында сөзі,
мимикасы, қозғалысы қаншалықты айқынырақ екенін байқайық!
Сөйтіп, ойындардың барлық түрлерінің тәрбие беру
мүмкіндіктері тым қомақты. Ересектерге оларды ойынның
өзіндік барысын бұзбай, оның «жанын» ескертумен, нұсқаумен,
артық ақыл сөзбен, қарапайым байқамай айтылған сөзбен алмай
жүзеге асыру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: