331
А.Н.Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Р.И. Жуковский зерттеулері
көрсеткендей, мектепке дейінгі жас бойында ойын ересектердің
әрекетін еске түсіретін заттық
ойыннан адамдар арасында
қатынасты көрсететін рөлдік ойындар бағытында дамиды.
Бала өмірінің алғашқы күндерінен айналасындағылар
қолданатын заттар, бұйымдарға қызығушылық басым болады.
Сондықтан бұл жастағы балалардың ойынында ересектің қандай
да бір затпен жасаған іс-әрекеті (бала ойыншық пеште тамақ
әзірлейді,
шарада
қуыршақты
шомылдырады)
қайта
жасалынады. А.А. Люблинская бүлдіршіндердің ойындарын
«жартылай ойын – жартылай еңбек» деп өте дәл атаған.
4-5 жастағы балаларда байқалатын кең түрдегі
рөлдік
ойындарда бірінші орынға заттармен әрекет жасау арқылы, ал
кейде заттарсыз жүзеге асатын адамдар арасындағы қатынастар
шығады.Осылайша
ойын
адамдар
арасындағы
қарым-
қатынастарды бөлу және модельдеу (арнайы жасалған
жағдайларда жаңғыртылған), демек әлеуметтік тәжріибені
меңгеруге қызмет ете бастайды.
Ойын
өзінің іске асу амалдары бойынша да әлеуметтік
құбылыс.А.В. Запорожец, В.В. Давыдов, Н.Я. Михайленко
дәлелдегендей,
ойын
қызметі
бала
тарапынан
ойлап
шығарылмайды, бүлдіршінді ойнауға үйрететін, ойындық
әрекетердің қоғамдық қалыптасқан амалдарымен таныстыратын
(ойыншықты, басқа бір
заттың орнын басатын заттарды,
бейнелейтін басқа құралдарды қалай қолдануды; шартты
әрекеттерді орындау, сюжет құрастыру,
ережелерге бағынуға
және т.б.) ересектер тарапынан оған беріледі. Ересектермен
бірге қарым-қатынаста түрлі ойындардың техникасын иегере
отырып, содан кейін бала ойындық тәсілдерді жалпылайды және
басқа жағдаяттарға көшіреді. Осылай ойын өздігінен қозғалуға
ие болады, бала өзінің шығармашылығының
формасы болады,
ал бұл оның дамытушы әсерін қамтамасыз етеді.