С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет193/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Тапсырма
1. 
Сіз практикадан өтіп жатқан топтағы балалардың бір 
ойынын (кез келген түрдегі) бақылаңыз. Мұнда қойылған және 
шешілген тәрбие беру міндеттерін анықтаңыз. Ненің арқасында 
(ойын мазмұнын, ережелерін, жүргізу әдістемесін өзгерту; жаңа 
материалды қосу, балаларды оны жасауға тарту және т.б.) оның 
тәрбиелік-білімдік жүктемесін көтеруге болатыны туралы 
пікіріңізді айтыңыз. 
2. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу 
міндеттерін қайталаңыз және ойынның оларды шешудегі 
анықтаңыз. 


338 
Ойын балалардың өмірі мен қызметін 
ұйымдастыру формасы ретінде
Ойынның педагогикалық теориясы ережелерінің бірі ойынды 
мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен қызметін 
ұйымдастыру формасы ретінде тану. Балалардың өмірін ойын 
түрінде ұйымдастырудың алғашқы талпынысы Ф.Фребельге 
жатты. Ол басымдылығы дидактикалық және іс-қимыл ойындар 
құралатын жүйені әзірледі, оның негізінде балабақшадағы 
тәрбие жұмысы орындалды. Баланың балабақшада болу уақыты 
ойынның әр түрінде сипатталды. Бір ойынды аяқтағаннан кейін, 
педагог балаларды жаңасына тартты. 
Отандық педагогикада балабақша өмірі әртүрлі ойындармен 
толық болуы керек деген ойды Н.К.Крупская тұрақты түрде 
дамытты. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның сөзсіз 
маңызын атай отырып, Н.К. Крупская жазды: «...ойын олар үшін 
— оқу, ойын олар үшін — еңбек, ойын олар үшін — тәрбие 
берудің байсалды түрі. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар 
үшін – қоршаған ортаны тану тәсілі». Сондықтан, 
Н.К.Крупскаяның тұжырымдауынша, педагогтің міндеті – 
балаларға ойынды ұйымдастыруға көмектесу, оларды ойында 
біріктіру. 
Кішкентай баланың «барлық өмірін» ойынға «сіңіру» 
қажеттілігі туралы ойды А.С.Макаренко айтты. Ол атаулы 
идеяны қиын жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, тамаша 
жүзеге асырды.
Балабақшадағы 
баланың 
өмірі 
мен 
қызметін 
ұйымдастырудың формасы ретіндеойынның ғылыми негіздемесі 
А.П.Усованың еңбектерінің мазмұнында бар. А.П.Усованың 
пікірінше, тәрбиеші бала өмірінің ортасында болып, болып 
жатқан нәрсені түсінуі керек, ойнап жатқан балалардың 
қызығушылықтарына еніп, іскри түрде оларды басқару керек.
Ойын педагогикалық үдерісте ұйымдастырушылық қызметті 
атқаруы үшін, тәрбиешіге тәрбие беру мен оқытудың қандай 


339 
міндеттерін біршама тиімді шешу керектігін ұғыну қажет. 
Барлық топқа қатысты міндеттер (балаларды өздеріне таныс іс-
қимыл ойынына бірігуге үйрету) мен жекелеген балаларға 
қатысты міндеттерді (ұялшақ Сережаны іс-қимыл ойынына 
тарту; Сашаға жаңадан келген Димаға «Танграм» ойынын 
түсіндір деп айту) жоспарлау мақсатқа сай. 
Ойын түрінің ерекшеліктеріне, ол арқылы шешуге болатын 
міндеттеріне, балаларда ойын әрекетінің қалыптасу деңгейіне 
сүйене отырып, педагог оған өзінің қатысу шамасын, әр нақты 
жағдайда басшылық ету тәсілдерін анықтайды. Сөйтіп, жаңа 
дидактикалық ойынды ол өзі түсіндіріп, өзі ойнап береді: 
басында жүргізуші рөлінде, кейін – «қатардағы» ойыншы; 
«жанұя» ойыны тығырыққа кіргенін көре отырып, ол алыстан 
қонаққа келген әженің рөлін алады; қайсысы ақ, қайсысы қара 
шашакамен ойнайды деп таласып жатқан ер балаларға жеребе 
салу туралы естеріне салады және т.б. 
Алайда, ойынды тәрбиелік-білімдік міндеттерді шешу 
ағымына бағыттай отырып, әрқашан ол – мектеп жасына дейінгі 
баланың өзіндік дербес қызметі екенін есте сақтау қажет. Ойын 
ойынау барысында бала басқа қызметке қарағанда, дербестігін 
көбірек дәрежеде көрсете алу мүмкіндігіне ие болады: ойын 
сюжетін, ойыншықтар мен заттарды, серіктестерін және т.б. өзі 
таңдайды. Дәл ойында ғана балалардың қоғамдық өмірі толық 
белсендіріледі. Ойын балаларға өмірінің алғашқы жылдары 
қатынас жасаудың белгілі бір түрін өзіндік пайдалануға 
мүмкіндік береді.
Ойын барысында балалар арасында қатынас жасаудың екі 
түрі қалыптасады: 
■ 
ойын мазмұнымен (оқушылар мұғалімге бағынады, балалар 
ата-аналарын 
тыңдайды, 
инженер 
жұмысшыларды 
басқарады), ойын ережелерімен (сигнал бойынша байғұтан 
көлбақаларды аулауға шығады, ал аналар тынышталып, 
тығылып қалады, кейін байғұтан қозғалыссыз ми батпақта 
тұрады, ал көлбақалар секіріп, ойнайды; көлбақаны ұстап 
алған байғұтанмен сөзге келуге болмайды) анықталатын 


340 
қатынастар; 
■ 
ойынға байланысты көрінетін нағыз қатынастар (ойын 
ойнауға келісу, рөлдерді бөлу, ойыншылардың арасында 
туындаған шиеленістен шығу, ережелерді орнату). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет