С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  Мектепке арнайы дайындық



Pdf көрінісі
бет249/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

466 
Мектепке арнайы дайындық 
Мектептің бірінші сынып бағдарламасын үйрену мектеп 
пәндері бойынша белгілі бір білім қоры бар, оқи білетін баланың 
бағдарламаны сәтті меңгеретін көрсетеді. Мұғалім оқушының 
осы біліміне сүйенеді және ары қарай молайтып дамытады. 
Білім осылай арнайы пәндерге оқытудың негізін құрады. 
Бірақ та мектепте оқытуға арнайы дайындықты білімді 
көлемдік жинақтау ретінде түсіну қате. Көп білген (жаттаған)
сайын жақсы оқиды? Өкінішке орай, бәрі бұлай оңай емес. 
Мектепке дейінгі жастағы баланың еске сақтауы жақсы. Ол тез 
және көп есіне сақтайды, есіне сақтағанды қайталап бере алады 
(З.М.Истомина). Бірақ жақсы оқу үшін бір еске сақтау аз. 
Салыстыра, талдау жасай, жиынтықтай, өз бетімен түйіндей 
білуі маңызды, яғни танымдық үрдістердің дамуының белгілі 
деңгейі қажет. 100-ге дейін санай білу оның математикадан 
болашақ табыстары туралы айтпайды. Және де оқи білу (жеке 
әріптерден сөздер жинау) оқу және жазудан жақсы нәтижелерге 
кепілдік бермейді. 
Осы білім мен машықтарды, себеп-салдарлық байланыстар 
мен заңдылықтарды түсінуі, оқу мақсатын белгілеп және ұстауға 
қабілеттілігі маңызды. Л. Е. Журова, Т.В.Тарунтаева, 
Н.Ф.Виноградова, Г.А.Корнеева, А.Н.Макарова және т.б. 
зерттеушілер осындай мектепке дайындық мүмкін және қажет 
деп анықтады. 
Сонымен, балалар мектепке интеллектуалды дайын болуы 
үшін, оларға жүйеге құрылған белгілі білім беру, ойлау 
қызметінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажет. Балада 
білімге құмарлықты, танымдық қызығушылықты және жаңа 
ақпаратты ұғынып қабылдау қабілетін дамыту керек. 


467 
Балалардың мектепке жалпы дайындығы 
Мектепке өткен кезде баланың өмір сүру салты, әлеуметтік 
ұстанымсы өзгереді. Жаңа ұстаным өз бетімен және 
жауапкершілікпен оқу міндеттерін орындай білуін, ұйымдасқан 
және тәртіпті болуын, өз жүріс-тұрысын және қызметін еркін 
басқаруын, мәдени жүріс-тұрыс ережелерін ұстануды, балалар 
және үлкендермен қатынас жасай білуін талап етеді. 
Мектепке жалпы дайындық қажеттілігін толық бағаламау 
оқыту үдерісінің формальдануына, негізгі мақсаттың – баланың 
тұлғасын қалыптастыру, шешілуіне назардың азаюына әкеледі. 
Жақсы интеллектуалдық дайындықтағы баланың нашар оқуы 
сирек жағдай емес. Яғни себепті мектепте оқуға арнайы 
дайындық ақауларынан емес, жалпы дайындықтан іздеу керек. 
Бәрінен бұрын, бала физикалық түрде өмір салтының және 
сабақтардың өзгеруіне дайын болуы керек. Мектепке физикалық 
дайындық мыналарды бағамдайды: жалпы мықты денсаулық, аз 
шаршағыштық, жұмысқа қабілеттілік, төзімділік. Әлсіз балалар 
жиі ауырады, олардың жұмысқа қабілеттілігі төмендейді – 
бұның бәрі оқытудың сапасына және денсаулық жағдайына 
әсер етеді. Сондықтан баланың ерте кезінен тәрбиеші және ата-
анасы оның денсаулығын күтуі қажет.
Мектепке әлеуметтік-психологиялық, адамгершілікті-еріктік 
дайындық мазмұнында екі компонентті бөліп белгілейді: оқуға 
(оқытуға) дайындық және жаңа өмір салтына әзірлік. 
Оқуға (оқытуға) дайындық дербестіктің (өз бетімен іс-әрекет 
жасауға) белгілі деңгейінің болуын бағамдайды. К. П. 
Кузовкова, Г. Н. Годинаның зерттеулерінен дербестік мектепке 
дейінгі кіші жастан бастап қалыптаса бастайды және бұл 
мәселеге үлкендердің қамқорлықпен қарауында ол түрлі 
қызметтерде едәуір тұрақты танылу сипатына ие болуы мүмкін. 
Жауапкершіліктің қалыптасуы да мүмкін (К.С.Климова). 
Мектепке дейінгі үлкен балалар үлкендер берген тапсырмаларға 
жауапкершілікпен қарауға қабілетті. Бала оның алдына 


468 
қойылған мақсатты жадына ұстайды, оны едәуір ұзақ ұстауға 
және орындауға қабілетті. Оқуға дайын болу үшін, балаға істі 
аяғына жеткізе алуды, қиындықтарды жеңуді білу, тәртіпті 
болуы керек. Және осы қасиеттер, зерттеулердің деректері (Н. 
А. Стародубова, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре) және практика 
бойынша, мектепке дейінгі жастың аяғына қарай сәтті 
қалыптасып үлгіреді. 
Оқытуға дайындықтың міндетті сипаттамасы болып білімге 
құштарлықтың болуы (Р.И.Жуковская, Ф.С.Левин-Щирина, 
Т.А.Куликова), сонымен қатар еркін іс-әрекетке қабілеттіліктің 
(З. М. Истомина) болуы саналады.
Жаңа өмір салтына дайындық құрдастарымен жақсы қарым-
қатынас орната білуді (Т. А. Репина, Р. А. Иванкова, Р. 
Б.Стеркина), жүріс-түрыс және өзара қатынас нормаларын 
білуді (В. Г. Нечаева, Т. И.Пониманская), балалар және 
үлкендермен қатынасуды білуді (М.И.Лисина, А.Г.Рузская) 
жобалайды. 
Жаңа 
өмір 
салты 
белгілі 
шыншылдық, 
инициативтік, ептілік, оптимизм және басқа сияқты жеке 
қасиеттердің болуын талап етеді. Сыныптастармен қатынас 
орнатқан кезде балалар әрдайым өз көзқарастарын жанжалсыз 
және ренішсіз қорғауды, басқаларға жағымпаздық жасамауды 
және де өзін басқаларға қарсы қоймауды біле бермейді. Бұл 
ғылым балаға оңай берілмейді, бірақ Е. В. Субботский, Т. 
И.Пониманский, Л. А. Пеньевскийдің зерттеулері көрсеткендей, 
мектепке дейінгі балалық шақта оның іргетасын (фундаментін) 
қалауға болады.
Жоғарыда айтылып кеткен дайындықтың әлеуметтік, 
адамгершілік-еріктік сипаттамалары баланың бүкіл өмірі 
процесінде, туғаннан 6 жасқа дейін отбасында және мектепке 
дейінгі мекемедегі сабақтар кезінде және олардан тыс жерде 
біртіндеп қалыптасады. 
Оқуға дайындықты мектепке дейінгі және мектеп 
нысанындағы ұйымдарды және оқыту әдістерін жақындату 
жолымен қалыптастыру қисынды болады. Әрине, балабақшаны 


469 
мектепке айналдыруға болмайды, бірақ жалпы үқсастық болу 
керек: сабақ өткізудің міндеттілігі, жүйелілігі. Бұл тәртіптің 
стереотипін шыңдайды, оқутыға міндеттіліктің психологиялық 
нұсқауын жасайды; бұған жеке әдістер, амалдар (ойындық) 
ұқсас болуы мүмкін; балаларға қоятын жеке талаптар да сәйкес 
болуы мүмкін, жолдастарына бөгет болмау, олардың 
жауаптарын тыңдау, тәрбиешінің (мұғалімнің) тапсырмасын 
орындау және тағы басқа. Бірақ та, балабақшаның сабағын 
мектептің сабағына айналдырудың қажеті жоқ. 
Мектепке 
адамгершілік-еріктік 
дайындық 
көзқарасы 
бойынша баланың сабақтарға қызығушылығына, оқуға 
құмарлықты не туғызатындығына назар аударған маңызды. 
Р.С.Буре белгілеуі бойынша, оқуға құмарлықты дамытуға 
мынандай факторлар себеп болады: таным қажеттілігін 
қанағаттандыру мүмкіндігі; тапсырманың мазмұнына, көлеміне, 
орындау тәсілдеріне байланысты қиындықтардың болуы; осы 
қиындықтарды еңсеру және үлкеннен оң (жақсы) бағалану 
мүмкіндіктері (қараңыз.: «Воспитание в процессе обучения на 
занятиях в детском саду». — М., 1987). Мектептегідей баға емес, 
бағалау. Ш. А. Амонашвили тіпті бірінші сыныпта оқитындырға 
да баға қойғанды ұсынбайды. «Баға дегеніміз педагогикалық 
Мейірімді перизат киімін киген Жалмауыз кемпір болып 
көрінеді», - деп ғалым бағаға өз көзқарасын бейнелі түрде 
білдірді.
Адамгершілік-еріктік дамудың стимулы болып бағынышты 
мотивтер, жалпыға пайдалы мотивтердің енгізілуі табылады. 
Жаңа өмір салтына дайындық адамгершілік нормалары 
бекітілетін, моральдік тәртіптің практикасына жағдайлар 
жасалатын күнделікті өмірде жүреді. Мектепке әлеуметтік 
(соның бірге адамгершілк-еріктік) дайындық туралы қажетті 
қасиеттер нық қалыптасқанда және бала оларды жаңа 
жағдайларға өткізе алатын кезде айтуға болады. 
Мектепке 
психологиялық 
дайындық 
оқу 
мотивінің 
қалыптақан болуын бағамдайды. Балалардың мектепке қызығуы 


470 
ертеден байқалатыны белгілі. Бұл үлкен бала-оқушыларды 
бақылағаннан, 
үлкендердің 
балаға 
тартымды 
даму 
перспективасы сияқты мектеп туралы әңгімелерінің әсерінен 
болады; және де «тартымды белгісіздік» эффектісі жүреді. Неге 
олар мектепке барғысы келеді деген сұраққа жауап бергенде, 
балалар, тіпті мектепке дейінгі үлкен жастағылар да, былай 
жауап береді: «Өйткені маған сөмке сатып алып береді», 
«Өйткені онда менің ағам оқиды»; «Біз онда үлкен балалар 
сияқты алаңда футбол ойнаймыз» және т.б. Бұл мотивтердің 
ішінде бастысы жоқ – оқу мотивы («Көп нәрсені үйренгім 
келеді»,; «Оқуды, жазуды, есептер шығаруды» және т.б.). Тек 
осындай мотивтердің болуы баланың мектепте оқытуға 
психологиялық, мотивациялық дайындығын айғақтайды. Бұндай 
мотивтер біртіндеп қалыптасады. Олар нық танымдық 
қызығушылықтан, білім алу үшін күш салуды білуден «өседі» 
және үлкендердің оң бағалауынан күшейеді. 
Сонымен, мектепке дайындық жан-жақты болуы тиіс және 
баланың фактілі түрде мектепке барғанына дейін ертеден 
басталады. 
Баланы мектепке дайындық тәрбиелеудің екі институтымен 
іске асырылады – отбасы және мектепке дейінгі мекеме. Тек 
бірігіп күш салу арқылы ойдағы нәтижеге жетуге болады. Бірақ 
дайындықтың диагностикасын арнайы іріктелген, ғылыми 
негізделген және тексерілген әдістемелер бойынша психолог-
маман немесе педагог жасайды. Егер осы жауапты іспен 
дилетант – арнайы біліктілігі мен дайындығы жоқ адам 
айналысса, баланың даму деңгейін дұрыс бағаламай, оған зиян 
тигізуі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет