С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы



Pdf көрінісі
бет246/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы 
Отбасылардың 
барлығы 
дерлік 
балаға 
әсер 
ету 
мүмкіндіктерінің тұтас кешенін толық шамада жүзеге 
асырмайды. Себептері әртүрлі: бір отбасылар баланы 
тәрбиелегісі келмейді, басқалары – бұны жасай алмайды, 
үіншілері – ол не үшін қажет екенін түсінбейді. Барлық 
жағдайда мектепке дейінгі ұйымға білікті көмек беру керек. 
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие берудің 
қажеттілігі ешқандай да күмән келтірмейді. Соңғы жылдары 
мектепке дейінгі ұйымдарға жоғары талаптар қойылады. Бұрын 
біздің мемлекет мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік қызметін 
– әйел-ананы қоғамдық өндіріске қатысудан босатуды барынша 
атап өтті. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның жұмысын 
бағалауда маңызды көрсеткіш ретінде балалардың ауруы 
туралы, олардың қалдырған күндер саны туралы (ол дегеніміз 
ананың мәжбүр болған жұмысқа қабілетсіздігі) деректер 
алынды.


456 
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде, біздің елімізде де, 
білім беру рөлінің өсуі мектепке дейінгі ұйымдарға деген 
көзқарасты өзгертеді. Енді басында мектепке дейінгі ұйымның 
педагогикалық қызметі тұрады: қалай тәрбиелейді, ол неге 
үйретеді, мектепке қаншалықты нәтижелі дайындайды. 
Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін, мектепке дейінгі 
ұйым балалармен білім беру жұмыстарын жүргізудің мазмұны 
мен сапасын қайта қарауы, әр балаға біршама күшті әсер ету 
жолдарын іздеу қажет. Бұл мектепке дейінгі ұйымның 
педагогикалық ұжымын баланы тәрбиелеуде отбасы тарапынан 
одақтас, ниеттес адамдарды іздеу қажеттілігін қояды. 
Мектепке дейінгі ұйымның 
педагогтары отбасымен 
ынтымақтастықта болу маңыздылығы және қажеттілігін 
әрдайым түсіне бермейтінін атап өту керек. Көбісі, әсіресе, жас 
мамандар, шамамен былай тұжырымдайды: «Мені баланы қалай 
түсіну, қалай оқыту, тәрбиелеу керектігі туралы түрлі 
ғылымдарға үйретті. Мен баланы ғылыми негіздерде, дұрыс 
тәрбиелеймін, ол балабақшада таңертеңнен кешке дейін болады. 
Сондықтан ата-аналар дұрыс тәрбиелемей жатса, қорқынышты 
емес: олар баласын санаулы сағатта ғана көреді ғой». Ата-
аналардың дәл осылай ойлауы да кездесіп тұрады: «Бала менікі, 
мен оны басқаларынан артық білемін, яғни мен өзім тәрбиелеп 
жатырмын. Ал балабақшада – оған әйтеуір ештеңе болмаса 
болды, дені сау, аман болса болды». Сөйтіп, мектеп жасына 
дейінгі балаға жақын екі жақ, ата-аналар мен педагогтар, жеке, 
бір-бірінен тәуелсіз тәрбиелеуге тырысады. Бұл жақсы нәтиже 
бермейді. Кішкентай баланы тәрбиелеуде көптеген нәрсе оң 
әдеттерін, мінез-құлық дағдыларын, қызметтің тиімді тәсілдерін 
қалыптастырудан құралады. Мұның барлығы егер баланы 
тәрбиелеп жатқан барлық ересек адамдар оған қойылатын 
талаптар, әсер ету әдістері, үйрету тәсілдері туралы келісіп 
жатса, мүмкін болады. Тәрбие берудің қандай міндеттерін 
шешуде қай жағы күштірек болатынын (балабақша немесе 
отбасы) және басқа тарапқа қайсыларын шешуде негізгі 


457 
ауыртпалықты алу керек екендігін ескеру қажет. Мысалы, 
эмоционалды, жыныстық тәрбиелеуде, баланы еңбекке баулуда 
отбасы мүмкіндіктері, балабақша мүмкіндіктерінен біршама 
жоғары. Оның орнына балабақша білім беру қызметін, 
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, балаларды 
мектепке жүйелі оқуға даярлауды білікті жүзеге асырады. 
Баланы дамыту мүддесінде педагогтар мен ата-аналар өзара 
әрекет ете және ынтымақтаста бола тұра, бір-бірінің тәрбие беру 
қызметін толықтыруы қажет. 
Ынтымақтастық болудың бастамашысы кім болуы керек? 
Әрине, мектепке дейінгі ұйымның педагогтары, өйткені олар 
білім беру жұмысына кәсіби даярланған, бұлар оның 
нәтижелілігі 
балаларды 
тәрбиелеудегі 
келісілгендік, 
сабақтастықта екенін түсінеді. Қазіргі заманғы ата-аналарға 
осыны түсіндіру керек. 
Отбасымен өзара әрекет етуді орнату бастамасы мен осы 
өзара әрекет ету міндеттерін білікті жүзеге асыру мектепке 
дейінгі ұйымның отбасы тәрбиесіне қатысты бағыт-бағдар 
беретін рөлін анықтайды.
Ынтымақтастықтың нәтижесі көптеген жағдайда отбасы мен 
балабақшаның өзара ұстанымдарына байланысты болады 
(В.К.Котырло, С.А.Ладывир). Егер екі тарап балаға мақсатқа сай 
әсер ету қажеттілігін сезініп, бір-біріне сенсе, олар біршама 
оңтайлы қалыптасады. Ата-аналардың педагогтың балаға жақсы 
көзқарасына сенімді болуы; тәрбие беру мәселелерінде 
педагогтың құзыретті екенін сезінуі, ең бастысы – оның жеке 
қасиеттерін (қамқор болушылық, адамдарға деген ықылас, 
мейірімділік, сезімталдық) бағалай білуі маңызды. Осындай 
сенімділік өзінен-өзі пайда болмайды: тәрбиеші оны балаға 
мейірімді, бей-жайсыз қарауымен, онда жақсылықты тәрбиелеу 
іскерлігімен, кеңпейілдігі және шапағатымен баурап алады. 
Осыған қарым-қатынас жасау мәдениетін, тактикалық пен өзара 
түсінушілікті қосайық – енді сенімділік психологиясы 
картинасы біршама толыққанды болады. 


458 
Әлемдік статистиканың көрсетуінше, қазіргі отбасылық 
тәрбие негізінде қалай болуы керек сияқты тиімді, толыққанды 
емес. Сондықтан көптеген елдерде отбасының педагогикалық 
мәдениетін көтеруге, ерлі-зайыптыларды ата-аналар ретінде 
тәрбиелеуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ата-
аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру үшін оларды 
психологиялық-педагогикалық ағарту – мектепке дейінгі ұйым 
мен отбасы ынтымақтастығы бағыттарының бірі. Шынымен, 
бүгінгі күні ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту 
ісі көптеген құралдар арқылы жүзеге асырылады: радио, 
телевидение, тәрбие беру туралы көпшілікке мәлім әдебиеттр. 
Сондықтан, мектепке дейінгі ұйыммен жүзеге асырылатын 
психологиялық-педагогикалық ағарту ісі мақсатқа сай бағытқа 
ие болуы тиіс. Сөйтіп, ясли тобы тәрбиешісінің отбасымен 
жұмыс 
істеу 
ерекшелігі 
ерте 
жастағы 
балалардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерімен мәжбүрленеді: сәбидің 
тез өсуі тәрбие беру мен оқыту міндеттерінің дер кезінде 
өзгеруін, педагогикалық жұмыстың әдістері мен тәсілдерін 
қайта құруды талап етеді. Ата-аналардың психологиялық-
педагогикалық ағарту ісіне өмірді қорғау, сәбидің физикалық 
және психикалық денсаулығын нығайту, дұрыс физикалық 
дамуына жағдай жасау мәселелерін енгізген жөн. Баланы 
қоғамдық тәрбиелеу, гигиеналық күтім, дұрыс тамақтану, 
шынықтыру, күн тәртібі, сылау, гимнастика жағдайларына 
бейімдеу мәселелері бойынша ұсыныстарды ата-аналарға 
тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар, балабақшаның басқа да 
мамандары береді. Сонымен қоса, кеңестер мен ұсыныстар 
жалпы балалар туралы емес, нақты Саша, Лиза туралы болуы 
тиіс. 
Мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беретін 
бағдарламасын жүзеге асыру жағдайларына қойылатын 
Федералдық 
мемлекеттік 
талаптарда 
(2013) 
балабақша 
ұжымының 
балалардың 
отбасыларымен 
білім 
беру 
бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара әрекет етуі 


459 
қажеттілігі көрсетілген. Қазіргі отбасы, мектепке дейінгі ұйымға 
қарағанда, балаларды табиғи ландшафттардың, құбылыстардың 
көптүрлілігімен таныстыру, баланы мұражайға, көрмеге, циркке, 
театрға, кітапханаға және т.б. апару, тұрмыстық әрекеттерге 
тарту және т.б. мүмкіндіктеріне ие. Алайда педагогтарға 
«отбасы – мектепке дейінгі ұйым» бірыңғай білім беру кеңістігін 
жасау мақсатында отбасының мәдени алаңын кеңейту, ата-
аналарға баланы қайда апарған оңтайлы, оның назарын қайда 
аударған дұрыс сынды ұсыныстар беру қажет. 
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру бағдарламасын жүзеге 
асыруда педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекет жсауы үшін 
үлкен мүмкіндіктерді балабақшаның ашық жүйе ретінде қызмет 
етуі береді. Бұл ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымның 
педагогикалық үрдісін бақылауға, оған қатысуға, тәрбие беру 
әрекетінің өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ата-
аналар, отбасы мүшелері мектепке дейінгі ұйымда балалардың 
өмірін түрлендіріп, білім беру жұмысына өз үлесін қоса алады. 
Мысалы, Сережаның әжесі – суретші, ол балабақшаға 
ықыласымен келеді, балаларға өз шығармаларын көрсетеді, өз 
шеберлігінің құпияларына енгізеді, сурет салудың саусақ 
техникасына үйретеді. Ал Жаңа жылға қарай залда балалардың 
суреттері мен Юлия Сергеевнаның жұмыстарының көрмесі 
безендірілді. Сашаның әкесі Парижден оралды, оның 
бейнефильмдерді, фотосуреттерді көрсетумен ілескен әңгімесі 
балабақша қызметкерлеріне де, тәрбиеленушілеріне де өте 
қызықты болды. Бірде Аня атасын алып келді, ол ер балалардан 
ойыншықтарды жөндейтін бригада құрды. Тапсырыстар басқа 
топтардан да түсті. Александр Николаевичтің қасында еңбек ете 
отырып, ер балалар нені үйренбеді дейсің! 
Ата-аналарды, отбасының басқа мүшелерін балабақшаның 
білім беру жұмысына тарту ең алдымен, балалар үшін қажет. Ол 
нені біліп, жаңа не нәрсені үйренетінде ғана емес. Басқасы 
маңыздырақ – балалардың өздерінің сондай көп білетін, ол 
туралы сондай қызықты айтатын, қолдары алтын әкелеріне, 


460 
аналарына, әжелеріне, аталарына қандай құрмет, махаббат және 
ризашылықпен қарауында! Ата-аналарға өзін «ұжымдық 
педагог» рөлінде көруге көмектесу де мәндірек. Әсіресе ол 
әжелер мен аталарға маңызды: оларға өздерінің керек екендігін, 
айналады адамдарға қызықты екенін көру сондай қажет. 
Педагогтарда әр тәрбиеленушінің отбасын жақсырак білу, 
балаларды тәрбиелеуде оның күшті және әлсіз жақтарын түсіну, 
өз көмегінің сипаты мен шамасын анықтау, кейде жай ғана 
үйрену мүмкіндігі бар. 
Сонымен, ынтымақтастықта болу міндеттерін шешу 
педагогтардың ата-аналарды психологиялық-педагогикалық 
ағартуға қатысуын; отбасыларды, олардың тәрбие беру 
мүмкіндіктерін зерттеуді; ата-аналарды балабақшаның білім 
беру бағдарламасының жұмысына тартуды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет