465
XXVI ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМНЫҢ
МЕКТЕППЕН
ӨЗАРА
БАЙЛАНАСЫ
Балаларды мектепке даярлау
Мектепке дейінгі ұйымның міндеттерінің бірі болып
балаларды мектепке даярлау саналады. Баланың мектепке көшуі
– оның дамуындағы сапалы түрде жаңа кезең.
Бұл кезең «дамудың әлеуметтік жағдаятымен»,
тұлғалық
жаңа жасалымдармен байланысты, оларды Л. С. Выготский «7
жас дағдарысы» деп атады. Даярлықтың нәтижесі болып
мектепке дайын болуы саналады.
Осы екі термин өзара себеп-
салдар қатынастарымен байланысты: мектепке дайындық
даярлықтың сапасына тікелей байланысты.
Психологтар мен педагогтар мектепте оқуға дайындықты
жалпы және арнайы деп бөледі. Демек, мектепке дейінгі ұйымда
жалпы және арнайы даярлық жүргізілуі тиіс.
Арнайы даярлық дегенде баланың
білім мен іскерлікті
меңгеруі түсініледі, олар оған бірінші сыныпта негізгі пәндер
бойынша (математика, оқу, жазу, қоршаған әлем) оқудың
мазмұнын игеру нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Жалпы дайындық (және әзірлік)
ұғымының мазмұнына
психологиялық, адамгершілік-ерік, физикалық дайындық кіреді.
Дайындық пен әзірліктің белгіленген бағыттарының
арасында тығыз, нәтижені өзара шарттайтын байланыс бар.
Сондықтан педагог әр бағыттың жұмысының ерекшелігін жақсы
білуі үшін және отбасымен
бірге баланың мектепке
дайындығына көмек беруі үшін қажет.
Әр бағыттың мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырайық.