84
кедергілерден өту, үстелге шығуға ұмтылу және т.б.) бала
дамуына зиян келтіреді.
Бала әлемді сезіну, қабылдау арқылы таниды, ол оның
сенсорлық дамуына жол ашады. Белгілі болғандай, сенсорлық
тәрбиелеу ақыл-ой
тәрбиелеудің негізінде жатыр, өйткені
сенсорика (лат.
sensus— сезім) арқылы адам оны қоршаған
әлемнің құрылымы, қасиеттері туралы біледі. Бүкіл әлемге
белгілі М.
Монтессори, Ф. Фребеля, О.Декроли,
Е.И.Тихееваның баланы тәрбиелеу жүйелері сенсорлық
этолонды дамыту, сенсорлы және ленгвистикалық тәрбиенің
байланысы негізінде қалыптасқаны тегіннен-тегін емес.
Н.М.Щелованова, Н.М. Аксарина, Н. П. Сакулина Л. А.
Венгераның және оның оқушыларының зерттеулері баланы
сенсорлық тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Бұл зерттеулерде осы
тәрбиеге ерте жаста үлкен мағына беріледі.
Ерте жастың
соңында балалар дыбыстарды жоғарылығына, тембіріне, күшіне
қарай айыра алады. Олар сонымен қатар әнді де мінезіне,
мәнеріне, үйлесімділіге қарай айыра алады; бірнеше түстерді
таниды және атайды. Л. А. Венгераның зерттеулерінде екі-үш
жастағы балалар негізгі геометрилық фигуларды және олардың
нұсқаларын, сондай-ақ барлық түс шоғырларын және реңдерін
айыра алтыны туралы дәлел бар.
Ерте жастағы ең маңызды жетістік
баланың сөйлеуді игеруі
болып табылады. Гу-гулеу, былдырлау
арқылы сәби алғашқы
мағыналы сөздерге келеді. Бұдан анағұрлым ертерек сәби басқа
адамдардың өзіне қаратып айтқан сөздерін түсіне бастайды, бір
жасқа жақындағанда өз актив сөздігі пайда болады. Бұл сөздік
небәрі 5-10 сөзден тұрса да (мектепке дейінгі оқушыларда ол 30
болуы да мүмкін), бірақ олар әркез мағыналы түрде
қолданылады. Көбінесе ересектер балаға сөзді толық айту
қиынға түседі деп ойлап, бала тіліне қарай бейімделеді және
сөздердің қысқарған аналогтарын ойлап табады, кейде тіпті жай
мағынасыз сөз тіркестерін қолданады, мысалы «ням-ням»
тамақ
іш деген
сөздің орнына, «әу кеттік»
жүр қыдырайық деген
сөздің орнына және т.с. Бұл баланың сөйлеуді игеру үдерісін
жеңілдетеді ме? Әрине, жоқ. Міне, осылай біз сәбиге қандай да
бір басқа тілді игеруге мәжбүрлейміз, содан кейін қайта
үйретеміз – оған өз ана тілінде сөйлеу керек емес пе! Бала
оны
тыңдап, қабылдап, түсіну үшін басынан бастап онымен қалыпты
«адам» тілінде қарым-қатынас жасау дұрыс емес пе?Түсіну мен
85
айтудың механизмдері әртүрлі. Айту механизмі жетілгенге
дейін, түсіну үдерісі ерте іске қосылады. Егер сәби қандай да бір
күрделі сөзді айта алмаса да, мысалы
телефон, ол оны
дыбыстауы бойынша, ересектердің қолдануы бойынша, оны
білдіретін затпен сөзге қатысы бойынша таниды. Бала сөз
музыкасын сезінеді, бірақ ол оны осы кезде өзінің
артикуляциялық аппараты мүмкіндік бергенше айтады —
«тататон». Сәби сөздің
буын санын және мелодикасын
сақтағанын байқадыңыз ба? Міне, ең бастысы осы.
Достарыңызбен бөлісу: