С. А. Козлова, Т. А. Куликова


қызмет баланың әлеуметтік әлемді тануда өзіндік ойы бар



Pdf көрінісі
бет173/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

қызмет баланың әлеуметтік әлемді тануда өзіндік ойы бар
дербес болуына мүмкіндік береді. Баланың тұлға ретінде 
дамуындағы қызмет ролінің дәл осы түсінігі бүгінгі отандық 
психология мен педагогика ғылымдарында қабылданып, терең 
зерттелуде. 
Қызмет 
баланың 
жоғарғы 
деңгейлі 
әлеуметтік 
жаратылыс ретінде көрсететін көптеген жеке тұлғалық 
қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ең ақырында, қызмет өзіндік сезім мектебі қызметін 
атқарады. Бала уайымдау, ойлау, өз жасына қарай әртүрлі 
көзқарасын білдіруді үйренеді. 
Қызметтің аталған объективті сипаттары белгілі-бір 
жағдайларда жүзеге асады, яғни әлеуметтендіруге балалық 
шақтың әр кезеңіне нақты сәйкес келетін белгілі-бір


297 
қызметтер ықпал етеді. Мысалға, 1 жастағы бүлдіршін 
үшін – қарым-қатынас және заттық әрекеттер, ал 5 жастағы бала 
үшін-ойын әрекеттері оның дамуына оң ықпал етеді. Егер 
педагог осы ерекшеліктерді ескермесе, баланың жетілуін не 
тежейді, не оның әлі дайын емес қызметтерін дамытуға 
ұмтылады. Осы кезде А.В. Запорожецтың сенімді түрде жазған 
және айтқан «дамудың амплификация және симплификация» 
заңын еске алу қажет. 
Екі жағдайда да ересек адам (педагог, ата-ана) баланың 
әлеуметтендірілу процессінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді. 
Қызметтің мазмұнды болуы өте маңызды шарт болып 
табылады. Яғни әрекеттің мазмұны балаға дамытушылық 
ақпарат беруі және бала үшін қызықты болуы қажет. 
Шығармашылықты ынталандыратын әрекеттердің пайдасы 
зор. Баланың мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекеттері 
арқылы шешілетін педагогиканың кем дегенде үш негізгі 
мақсаттарын ерекше бөліп айтуға болады: 
■ 
қалыптасатын бағалардың, қарым-қатынастардың бекітілуі, 
білімнің тереңдеуі, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. 
■ 
адамдар арасында, құрдастар мен ересектердің арасында өмір 
сүру тәжирибесін алу, өзара қарым-қатынастар мен 
қызметтер нормалары мен ережелерін білу қажеттілігін 
сезіну. 
■ 
ересектердің 
өмір 
салтына 
үйренудегі 
қажеттілікті 
қастамасыз ету және осы өмір салтына қатысу. 
Қызметтің әр түрінің, яғни қарым-қатынастың, заттық 
қызметтердің, ойынның, еңбек етудің, білім алудың, сурет 
салудың 
әрқайсысының 
потенциалды 
педагогикалық 
мүмкіндіктері болады. Оларды білу және бала тәрбиесінде 
ескеру өте маңызды. Сонымен қатар, педагог А. Н. Леонтьевтың 
назар аударған қызметтің екі ерекшелігін есінде сақтауы керек. 
Ол былай деп жазған: «Қызмет ету (әрекет ету) - денелік, 
материалдық субъектінің аддитивты емес молярлық бірлігі. 


298 
Қызмет - ол реакция емес, реакциялардың жиынтығы да емес, 
ол өз құрылымы, өзіндік ішкі ауысымдары, өзіндік дамуы бар 
жүйе. Молярлық бірлік дегеніміз не? Ол әрекет ету жеке-жеке 
құрылымдық компоненттерден құралатынын, әр компоненте 
қызметтің жеке ерекшелігі болатынын білдіреді. Баланың 
қандай -да бір затпен айналысып отырған кезде, оны 
құрастырып немесе бөлшектеп отырғандығын көруге болады. 
Бұл қандай қызмет екендігін білмей жатып біз баланың 
мұнысын заттық қызметке жататындығын толық сеніммен айта 
аламыз. Бірақ қызметтің аддитивты емес, яғни баланың бір іс-
әрекетінен оның бұл істі толық меңгеріп кеткендігіне сенуге 
болмайды. Осы екі ерекшелікті педагог есте сақтауы қажет
өйткені кейбір жағдайларда тәрбиеші баланың бір іс-әрекетінен 
оның белгілі бір істі толық меңгеріп алғандығы туралы 
қортынды жасауы мүмкін. 2,5 жастағы бала қуыршағын алып 
оны тамақтандырады, осы кезде тәрбиеші оның ойын әркеттерін 
меңгеріп алғандығын айтады. Алайда, бала тек қана кейбір жеке 
әрекеттерді біледі, олар өз кезегінде ойынға қатысы жоқ болуы 
мүмкін. Осындай шапшаң қортындылар мен пікірлер 
тәрбиешінің баланың іс-әрекетіне жеткіліксіз көңіл бөліп, 
асығыстықпен 
баланы 
басқа 
қызмет 
түріне 
аударады.Тәрбиешінің мұндай қателіктері ойынның ролін толық 
бағаламай, ойынды оқыту қызметіне аудару кезінде орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет