С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет175/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

іс-әрекеті ықпал етеді. Балалардың бейнелеу шығармашылығын 
зерттеушілер (Е.А.Флерина, Н.П.Сакулина, Е.И. Игнатьев, Т.С. 
Комарова, 
Т.Г.Казакова, 
Р.В.Казакова, 
Л.В.Компанцева) 
баланың шын өміріндегі әлеуметтік шынайлылық пен бейнелеу 
шығармашылығы арқылы көрсететін қиялындағы ұмтылған 
шынайлылығының арасында детерминистикалық байланысын 
атап айтады. «Балалардың бейнелеу шығармашылығын-дейді 
Е.А.Флерина,- баланың өзін қоршаған ортасын сурет, мүсіндеу, 
конструкциялау арқылы саналы түрде көрсете білуі деп 
түсінеміз. Ол баланың қиялының жұмысы негізінде, өзінің 
байқаған сәттері мен сөз, сурет басқа да өнер түрлері арқылы 
алған әсерлері негізінде құрылады» В.С. Мухина бейнелеу 
өнерін әлеуметтік тәжірибені меңгеру формасы ретінде 
қарастырады. Бала көрген құбылыстарын көшірмейді, ол 
бейнелеу құралдары арқылы бейнеленетін нәрсесін өз түсінігіне 
сәйкес көрсетеді. Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың 
бейнелеу өнердегі дағдылары бақыланатын затты тура барабар 


301 
көрсетуге мүмкіндік бермейді. Алайда балалар өздері салған 
суреттеріне қатысты эмоционалдық әңгімелеу мен іс-әрекеттер 
арқылы суретке байланысты кемшіліктерді жояды. Баланың 
бейнелеу процессі бейнеленетін затқа қатынасымен бірге 
жүреді. Ол ойын мен сурет салуды байланыстырады. Р.И. 
Жуковская мектепке дейінгі педагогикаға «ойын-сурет салу» 
терминын енгізді. Мұнда бейнелеу өнері әлеуметтік 
эмоциялардың көріністерінің көзі ретінде танылып, алайда 
оларды бейнелеу шынайлылығы емес, әлеуметтік шынайлылық 
тудырады. 
Баланың әлеуметтік құбылыстарды қабылдауына қарай, оның 
оларға қатысты қалыптасқан ойына қарай құбылысты бейнелеуі, 
түстерді таңдауы, заттардың қағазда орналасуы, олардың өзара 
қатынасы және т.б. байланысты болады.
Осылайша, бейнелеу балаға ересектер әлеміне кіруге, оны 
тануға көмектеседі, бірақ әлеуметтік өмірдің шынайы өзіне 
қатысуға мүмкіндік бермейді. 
Алайда бұл ретте, ересектердің өміріне қатысу, өмірлік 
маңызы бар мәселелерді шешу кезінде өзіндік тәжірибесін 
жинау, балаға өзін адам қоғамының теңқатарлы мүшесі ретінде 
сезінуіне 
мүмкіндік 
береді. 
Мұндай 
қызмет 
кезінде 
мотивациялық-қажеттіліктік сфера, өзін-өзі бағалау қабілеті 
өзгереді, өз күшіне сенімділік пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет