296
қолдану барысында байқалады.
Қызмет,
әсіресе
бірлескен
қызмет,
әлеуметтік
тәжірибе алмасудың мектебі болып саналады.
Бала сөз
жүзінде емес, іс жүзінде адамдардың өзара қарым-қатынасын,
олардың сәтті әрі қолайлы болуына әсер ететін ережелер мен
нормаларды өз көзімен көріп түсінеді. Бірлескен қызмет кезінде
бала ересектермен, құрдастарымен
бірге аталған қарым-
қатынастарды шынайы жағдайда бақылай алады.
Баланың тәрбие беру объектісі ретінде ғана емес, осы
процесстің субъектісі ретінде қоршаған ортаны өзгертуге, өзін-
өзі тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуына ықпал етеді.
Т.Парсонстың
және
1940-1960
жж.
американдық
социологтарының теориялары,
әлеуметтендіруді әлеуметтік
бейімделу процессі ретінде, тұлғаның ортаға қоғамдық нормалар
мен ережелерді меңгеру жолымен бейімделуі ретінде
қарастырған. Олар
конформ теорияларына жататын, яни олар
адамның тұлға ретінде жетілу сатыларында оның өзіндік жеке
белсенділігін бағаламайтын. Әлеуметтендіру процессінде
индивидтер жай ғана
ортаға беймделіп қана қоймайды, олар
өздерін белсенді дербес «түрлендірушілер» ретінде танытады.
Достарыңызбен бөлісу: