С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Балалар ойынының әлеуметтік сипаты



Pdf көрінісі
бет189/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Балалар ойынының әлеуметтік сипаты
Жоғарыда айтылғандай, ойын әлеуметтік негізге ие. 
Бұрынғы жылдардағы және қазіргі өмірдегі балалар ойыны 
ересектер әлемімен байланысты екеніне көз жеткізеді.Бұл 
қағиданы бірінші болып дәлелдегендердің бірі К.Д. Ушинский 
оны ғылыми-психологиялық деректермен қамтамасыз еткен. 
К.Д. Ушинский «Адам – тәрбиенің пәні» деген еңбегінде 
(1867) ойынды ересектер әлемінің барлық күрделігіне бала үшін 
қолдан келерлік кіру амалы депанықтаған.Балалар ойыны 
«…ойыншық дүкенде ұсынылатындардан анағұрлым әртүрлі 
және шынайылау материалды»беретін қоршаған әлеуметтік 
ортаны бейнелейді (Ушинский К . Д .  Избр. пед. соч. — М., 
1954. — Т. II. — С. 483). Балалар ойындарында шынайы өмірді 
бейнелі көрінісі құндылықтар жүйесінде қалыптасқан әсерлерге 
тәуелді. К.Д. Ушинский: «Бір қыз балада қуыршағы тамақ 
пісіреді, киім тігеді, жуады және үтіктейді; ал басқа қыз балада 
диванда салатанатты түрде отырады, қонақтарды күтеді, театрға 
немесе қабылдауға асығады; үшіншісінде адамдарды ұрады, 
жинақ сандықшасы болады, ақша санайды» деп жазды (Сонда — 
483 б.). 
Алайда баланы қоршаған шындық аса алуан түрлі, ал ойында 
оның жеке бір қырлары ғана, атап айтқанда адам қызметінің 
саласы, адам арасындағы қатынас көрініс табады.


331 
А.Н.Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Р.И. Жуковский зерттеулері 
көрсеткендей, мектепке дейінгі жас бойында ойын ересектердің 
әрекетін еске түсіретін заттық ойыннан адамдар арасында 
қатынасты көрсететін рөлдік ойындар бағытында дамиды. 
Бала өмірінің алғашқы күндерінен айналасындағылар 
қолданатын заттар, бұйымдарға қызығушылық басым болады. 
Сондықтан бұл жастағы балалардың ойынында ересектің қандай 
да бір затпен жасаған іс-әрекеті (бала ойыншық пеште тамақ 
әзірлейді, 
шарада 
қуыршақты 
шомылдырады) 
қайта 
жасалынады. А.А. Люблинская бүлдіршіндердің ойындарын 
«жартылай ойын – жартылай еңбек» деп өте дәл атаған. 
4-5 жастағы балаларда байқалатын кең түрдегі рөлдік 
ойындарда бірінші орынға заттармен әрекет жасау арқылы, ал 
кейде заттарсыз жүзеге асатын адамдар арасындағы қатынастар 
шығады.Осылайша 
ойын 
адамдар 
арасындағы 
қарым-
қатынастарды бөлу және модельдеу (арнайы жасалған 
жағдайларда жаңғыртылған), демек әлеуметтік тәжріибені 
меңгеруге қызмет ете бастайды.
Ойын өзінің іске асу амалдары бойынша да әлеуметтік 
құбылыс.А.В. Запорожец, В.В. Давыдов, Н.Я. Михайленко 
дәлелдегендей, 
ойын 
қызметі 
бала 
тарапынан 
ойлап 
шығарылмайды, бүлдіршінді ойнауға үйрететін, ойындық 
әрекетердің қоғамдық қалыптасқан амалдарымен таныстыратын 
(ойыншықты, басқа бір заттың орнын басатын заттарды
бейнелейтін басқа құралдарды қалай қолдануды; шартты 
әрекеттерді орындау, сюжет құрастыру, ережелерге бағынуға 
және т.б.) ересектер тарапынан оған беріледі. Ересектермен 
бірге қарым-қатынаста түрлі ойындардың техникасын иегере 
отырып, содан кейін бала ойындық тәсілдерді жалпылайды және 
басқа жағдаяттарға көшіреді. Осылай ойын өздігінен қозғалуға 
ие болады, бала өзінің шығармашылығының формасы болады
ал бұл оның дамытушы әсерін қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет