С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет186/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

тарапынан өздерінің әрекеттерін оң бағалау қажеттілігі; өзін-
өзі танытуы; ересектермен қарым-қатынас мұқтаждығы; 
қоғамдық уәждер – басқаларға пайда келтіру. Жоғарыда аталған 
уәждер түрлі жастағы балаларда орын алуы мүмкін, бірақ 
мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ғана оларды қисындап 
мазмұндап бере алады. 
Балаларда өздерінің еңбек қызметін жоспарлау үдерісі де 
өзгеше болады. Жоспарлау – еңбектің маңызды компоненті. 
Оның құрамына жұмысты ұйымдастыру, орындау, бақылау және 
жеке сатылар түріндегі, сондай-ақ тұтас түрдегі нәтижесін де 
бағалау енеді.Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар өздерінің 
қызметін жалпы жоспарламайды. Алайда мектепке дейінгі 
ересек 
жастағы 
балалар 
оны 
өзгеше 
жоспарлайды: 
ұйымдастыруды қоспай, орындау үдерісін ғана жоспарлайды
үстірт жоспарлайды, негізгі сатыларын ғана белгілейді, бірақ 
оның орындау жолдарын ескермейді;өзінің жұмысының 
бақылау және бағалауды жоспарламайды, ауызша жоспарлау 
тәжірибеден қалып отырады (жоспарды айта алмайды, бірақ 
еңбекте дәйекті түрде әрекет етеді). Балаларға өздерінің 


325 
қызметін жоспарлауды үйрету керек. Бұл оларды үнемді, тиімді 
орындауға,қажет әрекеттерді алдын ала болжап білу дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ересектердің рөлі түрлі 
сатыларда әрқилы: алдымен ол балалардың еңбегін өзі 
жоспарлайды, сосын балаларды бірге жоспарлауға баурайды 
және соңында балаларға өз бетінше жоспарлауды үйретеді. 
Әрекет үдерісі. Еңбек қызметінің бұл компоненті ерекше 
өтеді. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды қызмет үдерісі 
қызықтырады. Сондай-ақ мектепке дейінгі ересек жастағы 
балаларды да үдеріс еліктіреді. Қызмет үдерісінде еңбек 
дағдылары жетілдіреді, табандылыққа, әдемі, ұқыпты, дұрыс
әрекеттіістеуге ұмтылуға тәрбиеленді. Қызмет үдерісінің өзі 
балаларға ләззат сыйлайды. Еңбек үдерісіне ересектің қатысуы 
мектепке дейінгі балалар үшін оны қызықты етеді. 
Еңбек нәтижесіне балалардың өзіндік қатынасы. Мектепке 
дейінгі жасы кіші балалар үшін еңбек нәтижесі көбінесе 
материалды 
емес, 
жиірек 
ересектің 
оң 
бағасында 
айтылғанморальдық нәтиже болып табылады. Ал мектепке 
дейінгі ересек жастағы балаларда тәжірибелік материалдық
ұсынылған нәтиже қызығушылық тудырады, бірақ ересектердің 
бағасы да олар үшін де өте маңызды болады. Мектепке дейінгі 
ересек жастағы балаларда еңбекте өз бетімен қол жеткізген 
нәтижемен мақтанады, ләззат алады. 
Сонымен барлық компоненттердің бар болуы балаларда 
еңбек қызметі туралы тек шартты, өзіндік ерекшелікке ие деп 
айтуға болатынын дәледейді. 
Тапсырма 
1. 
«Бала 
тұлғасын 
әлеуметтендіруде 
еңбек 
рөлі» 
тақырыбында реферат дайындаңыздар. 
2. 
Балада қызмет алмастыру логикасын түсіндіріңіздер: 
неліктен ол алдымен заттық қызметті меңгереді, мысалы, сосын 
ойын қызметі пайда болады? 
3. 
Заттық қызмет ойындық қызмет және еңбектен немен 
ерекшеленеді? 
4. 
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек 
қызметін жоспарлауға үйрету әдістемесін ұсыныңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет