97
Екінші бөлім
БАЛАЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ
МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
V I Т А Р А У
ПЕДАГОГИКАДА МАҚСАТТЫ
ТҰЖЫРЫМДАУ. ТӘРБИЕЛЕУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
Тәрбиелеу мақсаты туралы мағлұмат
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісі
әрқашан нәтиже алу
ықыласымен байланысты. Сол – соңғы нәтиже үшін
педагогикалық ғылымның теориясы, жүйесі, технологиялары
жасалып,
практикамен тексеріледі, бекітіледі.
Сөйтіп, тәрбие беру мақсаты – адам тұлғасының
қалыптасуына бағытталған қызметтің күтілетін нәтижесі.
Мақсат осындай әрекеттің мотиві болып табылады.
Тәрбие берудің мақсаты
Ежелгі заманнан бастап, адам адам болып қалыптаса отырып,
өзі әрекет ететін салада ең жоғары жетістіктерге жету үшін
қажеттіліктерді сезінді.
Және те адам сондай жоғары
жетістіктерге қабілетті екені расталып отырды, тек қана біреуде
бір нәрсе орындалады, ал басқада – басқа нәрсе.
Халықтың идеалы қандай болған екенін анықтау мақсатында
орыс фольклорының шығармалары – ертегілер, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, әндерді ерекше назармен оқи қалсаң болды,
біздің
алдымызға іскер, еңбекқор,
мейірімді, көңілді, әдемі,
98
күштіжан-жақты адамның бейнесі шыға келеді.
Ежелгі философтар адамды іргелі адамгершіліктің түйіні
ретінде елестетті. «Калокагатия» (грек тілінен
kalos— әдемі,
agathos— мейірімді, яғни тәрбие берудің идеалы ретіндегі
адамның
сыртқы
физикалық
және
ішкі
рухани
басымдықтарының гармониялық үйлесуі) ұғымы да қалыптасты.
Сөйтіп, мұнда біз ақыл-ойы дамыған, мейірімді жүрегі мен
шаттанған
жаны бар адамның бейнесін, яғни жан-жақты
дамыған тұлғаны көреміз.
Кейінірек жан-жақты дамыған тұлға идеясы К.Маркспен
«Коммунисттік манифестте»коммунистік қоғамда оның
әр
Достарыңызбен бөлісу: