95
қанағаттанбаған адамды тәрбиелейміз. Және те оған себеп –
балалық шақта махаббат пен
оның көріну формаларының
жеткіліксіздігі. Қыздар да, ұлдар да мақтағанды ұнатады.
Алайда ер балаларға - оларды не үшін мақтағанын, ал қыздарға
кім мақтағанын және кімнің қатысуында мақталғандығын білу
маңызды. Әрине, кейде керісінше болады, бірақ та сыртқы
әрекеттерге жауап беруде белгілі заңдылық бар. Әртүрлі
жыныстағы балаларда танымдық үдерістер түрлі дамиды.
Белгілі бір пәнде немесе объектіде оларды әр түрлі нәрсе
қызықтырады. Ер балаларды- көліктің маркасы, оның
техникалық
сипаттары, ал қыздарды сыртқы келбеті, көлікті
айдау мүмкіншілігі, әр түрлі түймешіктерді басу қызықтырады.
Ер балаларды батырлардың атақты ерліктері, ал қыздарды
ренжу,
қынжылу
және
т.б.
себептері
қызықтырады.
Ерекшеліктері көп, олар барлық тұрғыда көрінеді. Оларды
балаларды зерделеу және тәрбиелеу және оқыту үдерістерін
ұйымдастыру барысында елемеуге және ескермеуге болмайды.
Балалар бір-бірінен жынысымен ғана ерекшеленбейді. Олар
темпераментіне, қалыптасқан мінезіне,
игерілген өмірлік
тәжірибесіне
және
т.б.
қарай
әртүрлі.
Барлық
осы
айырмашылықтар ойшыл тәрбиешіні тәрбиені жеке-дара
ұйымдастыру амалына бағыттайды. Баланың дамуына назар
аудару, оның жеке ерекшеліктерін ескеру ғажайыптар туғызады.
Осының арқасында олигофрения диагнозын – ақыл-ой
кемтарлығын жеңген жағдайлар да болғаны белгілі. Тек қана
жеңген жоқ, сонымен қатар, баланың жоғары интеллектуалдық
дамуына ықпал етті. (Александр
Русанов туа сала, дәрігерлер
осы қорқынышты диагнозды – олигрофенияны қойды. Бірақ ата-
анасы мойымады, олар ұлы үшін күресті. Нәтижесінде Саша 13
жасында
мектепті бітірді, 19-ында дәрігер дипломын алып,
бүгінгі күні өз бағдарламасы бойынша өз қызын тәрбиелеуде.)
Бірде Ролан Быков байқап қалды: «Мен бала олигрофениясына
күмәндана бастадым. 70 пайға – бұл қаралмаған балалар...».
Өкінішке орай, сараланған-жеке тәсіл дамуында артта қалған
балаларға «жедел жәрдем» ретінде ғана түсініледі.Осы арада әр
балаға назар аудару қажет. Ол қабілетті, дарынды балаларға да
кем дәрежеде қажет емес.
Жақсы дамыған балаларға деген абай-татулықтың арқасында
(неге уайымдаймыз, ол жақсы дамыған!)
біз көбінесе даму
қарқынын жасанды түрде тоқтатамыз, маңызды сезімтал
96
кезеңдерді өткізіп аламыз, баланы «орташа» етіп, оны бәріне
ұқсас етеміз.
Жеке дара қарау дамыту бағдарламасын таңдап алудан, әсер
ету әдістерін саралаудан, қарым-қатынас жасау тәсілдерін
анықтаудан және т.б. көрінеді.
Осы
бөлімде
айтылғандардың
барлығы
болашақ
тәрбиешілерді педагогиканың нысаны – бала күрделі,
қызық
және тым нәзік жан екеніне бағыттау керек. Оны зерделеу,
тәрбие беру және оқыту үдерістерін ұйымдастыру барысында
зиян келтірмеу керектігін есте сақтау өте маңызды.Дамуға
кедергі жасаудан қорық, Адам атты әдемі жан өсетін бүршікті
құртып алма!
Достарыңызбен бөлісу: