С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет56/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

тыс-тұлғалық деп атайтын қарым-қатынастың жаңа түрі пайда 
болады. Бала басқа адамдарға, олардың әлеміндегі жаңа 
құндылықтарға бағыттала бастайды. Мінез-құлық пен өзара 
қатынас нормаларын игереді. Оған ересектер ортасымен қатар
балалардың ортасы да маңызды болады, себебі олардың 
әрқайсысы жеке өзінше әлеуметтік тәжірибесін байытады.
Сөйтіп, мектепке дейінгі жастың соңына қарай баланың 
әлеуметтік тәжірибесі «көптүсті» болады, онда өмірінің алғашқы 
6-7 жасында тәрбие сипаты көрінеді. Мектеп жасына дейінгі
бала мейірімділікке ашық және ізгілік жасауға қабілетті болады,
ал оның теріс көріністеріне өзгеріссіз тұрақты форма тән емес.
Мектеп жасына дейінгі балаға жалпы сипаттама бере 
отырып, оның дамуы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатынын 
атап өту керек. Дене бітімі; ақыл-ой; эстетикалық; адамгершілік 


94
дамуын; эмоциялардың; еріктің; интеллектінің дамуын; өмір 
белсенділігінің формасы ретіндегіәрекет етудің дамуын 
белгілеуге болады. Әр аталған бағытта баланың әлеуметтік жан 
ретіндегі қалыптасуының динамикасы байқалады. 6-7 жасқа 
қарай мектепте жүйелі оқуға дайындығы қалыптасады. 
Біз бала туралы оның педагогикалық ғылымның объектісі 
ретінде айтқанда, жас ерекшелігі мен дамуының негізгі 
желілерін біліп, ескеріп қана қою маңызды емес. «Бала» деген 
жалпыланған сөз ол ер бала немесе қыз бала болуы мүмкін 
дегенді білдіреді. Табиғат барлық тірі жанды ер және әйел 
бастауы деп екіге даналықпен бөлді. Ерлер мен әйелдердің 
болуы – адамзаттың өмір сүруінің қажетті жағдайы. Және олар – 
ерлер мен әйелдер – өте әртүрлі. Сондықтан, ер балалар мен қыз 
балалар 
да 
бірдей 
бола 
алмайды. 
Психологтар, 
нейрофизиологтар олар неге әртүрлі және бұл айырмашылық
нақты неден құралады деген сұраққа жауап іздейді. Педагогтер 
де өз кезегінде оларды қалай тәрбиелеуге болады, оларды бірдей 
бағдарламалармен оқытуға болады ма немесе әртүрлі құрастыру 
керек 
пе 
деген 
сұрақтар 
қояды. 
Педагогиканың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет