дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Егер
мінсіз
мақсатқа
негізделсек,
онда
міндеттер
тәрбиелеудің адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық,
еңбек жақтарын білдіреді.Нақты міндеттерді біз балалармен
тәрбиелеудің әр аспектісі бойынша педагогикалық жұмыс
жасаудың мазмұны мен әдістемесін зерделеуді бастаған кезде
қарастырамыз. Әр аспектінің өз ерекшелігі бар екеніне
қарамастан, тұтас тұлғалықты қалыптастыру үдерісінде олар
өзара байланысты және бір-біріне әсерлі ықпал етеді.
Адамгершілікке
тәрбиелеу
эстетикалық,
ақыл-ой
және
физикалық тәрбиелеусіз мүмкін емес. Ақыл-ой тәрбиесін беру
міндеттері егер олар адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерінен
жасанды ажыратылса (егер бұл мүмкін болса), тұлға үшін
105
маңыздылығынан айырылады.
Кез келген ғылымның сапалы сипаттамаларының бірі болып
зерттеу нысанының даму заңдылықтарын табу саналады.
Жекелеп алғанда, педагогика ерте және мектепке дейінгі
жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту саласындағы
заңдылықтарды анықтайды. Тәрбие беру заңдылықтары
дегеніміз не?
Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар
тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері
Тәрбиенің заңдылығы – бұл тәрбие берудің белгілі бір
нәтижесін
қамтамасыз
ететін
жүйе
компоненттерінің
арасындағы байланыс. Даму процесінің негізгі сипаттамасын
заңдылықтар білдіреді. Заңдылықтар тәрбие принциптерінде
негізделеді: принциптер - технологияда; технология – амалдар
мен әдістерде; әдістер – амалдарда. Егер осындай тізбек
бірыңғай мазмұны бар негізде болса – тәрбие берудегі нәтиже
айтарлықтай оң болуы тиіс.
Осы тізбекті нақты мысалдар арқылы қарастырайық.
Егер бала осы үдеріс үстінде белсенді болса, жеке тұлғаны
тәрбиелеуге мүмкіндік болады. Бұл объективті, ғылым мен
тәжірибеде тексерілген заңдылық болып табылады. Аталған
заңдылық негізінде педагогика тәрбиенің келесі принципін
тұжырымдайды – баланың белсенділігін қолдау және бағыттау,
бала ынтасының шамасы мен оның мүмкіндгінің арасындағы
ара қатынасты ескеру қажет. Осы принцип бала өз белсенділігін
әрекетпен
ұштастырған
кезде
жүзеге
асырылады.
Педагогикалық процесс әрекеттің алуан түрінің логикалық
қосындысын танытады, осындай әрекетке түскен бала селқос
отыра алмайды. Педагогикалық процесті жеделдету үшін
танымдық,
эмоционалды,
қозғаушы
және
басқа
да
белсенділіктерді арттыруға бағытталған әдістер мен тәсілдер
алынады.
106
Егер педагог тәрбие заңдылығын түсініп, онымен келісіп,
алайда педагогикалық үдерісте баладан кері байланысты талап
етпейтін
репродуктивті
әдістерге
ғана
сүйенсе,
онда
педагогикалық жұмыс осы заңдылыққа сәйкес келе алмайды.
Баланың махаббатқа қажеттілігі – заңдылық. Бала махаббат
пен ақ ниеттілік орнаған ортада табысты жетіледі және
тәрбиеленеді. Ондай орта баланың жетіліп келе жатқан тұлға
ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін жайлы
жағдайларды орнатады.
Аталған заңдылық негізінде орнығатын тәрбиенің принципі
шыдамдылық, кешіре білу, баланы қолдау, оған өз махаббатын
білдіру болып табылады.
Технология балаға деген педагогтің қарым-қатынасы,
жағдаяттар жатады. Олар балаға оны сүйетіндерін, оның күшіне
сенетіндерін сезінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық
процесс балалар мен үлкендердің бірге атқарған әрекеттерімен,
«мажорлық» жағдаяттармен, махаббатты білдіру тәсілдеріне
үйретумен толығады.
Осындай технологиялардың нақтылануы үшін әдістер мен
тәсілдер жеке тұлғаға бағытталуы тиіс, яғни бала өзіне деген
құрмет пен махаббатты сезінуі тиіс.
Бұл байланыста ерекше мән педагогикалық баға мен жеке
қарым-қатынасқа беріледі.
Тұлға тек табысқа жету жағдайында ғана тиімді түрде
жетіледі – заңдылық. Кішкентай адамға үлкен адамдар өміріне
ену жолында өзінің дұрыс жолда екендігін сезіну маңызды
болып саналады. Ондай сезім әлеуметтік әлеммен өзара
әрекекттесудің қажетті формаларын бекітеді.
Бұл заңдылықты нақтылайтын принцип – баланы құрметтеу
және оның құқығын сақтау.
Бұл қағидат тәрбие технологияларының, әдістерінің,
тәсілдерінің негізіне жатады. Біз көп жағдайда «балаларды
әлсіздікке үйретеміз»: «Сен мұны әлі істеу білмейсің», «Саған
қатысты емес істі бастама», «Сенің суды төгетініңді білгенмін»
107
және т.с.с. Осындай бағалар мен мінездемелер баланың
қателесуден қорқуына әкеледі. Ол әрекет етпей тұрып
қателесуден қорқады, үлкеннің теріс бағасынан өзін қорғау
үшін, әрекет жасаудан бас тартады. Нәтижесінде оның бойында
әрекеттің сақ-пассивті түрі өңделеді. Егер ересектер (тәрбиеші,
ата-аналар) тәрбие беруді талқыланып жатқан заңдылықтарға
және қағидаттарға сәйкес қолданса, онда педагогикалық
технологиялардың негізінде балаларда қателіктерден қорықпай,
оларды түзетуді үйрену қалыптасады. Ойыншық сынып қалса –
оны бірге ойланып түзету керек. Үдеріс бірінші заңдылыққа
сәйкес баланың түзету тәсілін өзі іздеп, өзі қолдана алатындай
түрде ұйымдастырылады. Балаға: «Өзің сындырдың – өзің
түзет» деп айтқан дұрыс емес. Бұл баланы еңбекпен жазалауға
ұқсайды. Одан да өкініш білдіріп: «Сынып қалғаны өкінішті,
екеуміз түзетіп көрейік. Ойланып көрші, оны қалай қайта
жасауға болады. Мен саған көмектесемін» деу керек. Баланың
қателіктері үшін ылғи оған ұрсып, біз өз-өзіне сенімсіз, өтірік
айтуға, агрессивтілікке жақын тұлғаны тәрбиелейміз. Қорқыныш
сезімі ерікті тұлғаға ешқашан жақсы тәрбиеші болған емес.
Көптеген тәрбиешілер мен ата-аналар тәрбие заңдылықтарын
және оның үдерісін ұйымдастырудың логикасын білмегендіктен
көп қателіктер жібереді. Сондықтан балалардың жасына
лайықсыз талаптар қойылып, әрекетті ұйымдастырудың ұтымды
түрлері қолданылмайды және т.б. Тәрбие кемшіліктерін
талдауда алдымен баланың тұлғасын қалыптастыру өзара
байланыстың қандай жүйесінде жүргізілгенін, оның дамуының
қандай заңдылықтары өзгертілгенін анықтап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |