Ұсыныс, шешім: Алдағы уақытта нашар оқитын оқушылармен қосымша сабақтар өткізіліп, қателерді жоя отырып, білім сапасын көтеру , білім, білік деңгейлерін мемлекеттік стандарт талаптарына сай ету.
С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама№
10.02.2017ж
Талапты ауылы
Қатысқаны:20
Қатыспағаны:
2016-2017 оқу жылының 08.02.2017 ж күні 9-сыныптардың ОЖСБ –ға дайындық барысындағы тестілеу орталығынан жаңа форматтағы байқау сынақтарының қорытындысы туралы
Қаралатын мәселелер:
1. ОЖСБ-сапалы дайындықты ұйымдастыру
2. 08.02.2017ж күні алынған тест туралы қорытындысы.
3. Жеке пәндер бойынша орташа балы.
Бірінші мәселе бойынша Ашимова Гүлсім апай сөз алды.
-Мектепішілік жоспарға сәйкес, ОЖСБ дайындығын жетілдіру жоспары бойынша оқушыларға ОЖСБ туралы түсініктеме берілді.
Жалпы мектеп бойынша 9-сыныптардан 3 сынып бар,3 сыныпта барлығы 67 оқушы оқиды. Сынықты 64 оқушы тапсырды.3 оқушы денсаулықтарын байланысты сабаққа келмеді.
Кітапшада 3 пән қамтылған.Қазақ тілі 20 сұрақ,химия және биология пәніндерінен 40 сұрақ, оның 25 сұрағында 1 дұрыс жауабы бар,26-40 сұрақтарында бірнеше дұрыс жауаптыр бар.Оқушыларға түсіндіру жұмыстары алдын ала жүргізілді.
Жалпы 3 пәннен (60-70 бал) жинағандар:
9 «А» сыныбынан Абатхан А (65),9 «Б» сыныбынан Әбдрайым Ж (60 бал),Құрман А (60 бал).
2-ші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестік жетекшісі А.Биболаева апай сөз алды. Қазақ тілінен «5» деген баға алғандар жоқ. «4» деген баға алғандар: 9 «А» сыныбынан Абдилла Б,9 «Ә» сыныбынан Сейтқұл А,Сайпилова А,Алтынбек А,9 «Б» сыныбынан Әбдрайым Ж,Ермахан Ж,Нұрайым Қ.
Жаңа форматта берілген 2 пәннен барлық оқушы төмен бал жинаған.
3-ші мәселе бойынша химия және биология пән бірлестік жетекшісі Р.Исакова апай сөз алды.
-3 сыныпқа химия пәнінен Бейсенова Сапаркүл апай сабақ береді.Химия пәнінен орташа балы- 9 «А» сыныбында-12,3. 9 «Ә» сыныбында -7,8. 9 «Б» сыныбында -10,5.
Биология пән мұғалімі Қиятаев Ғани.Биология пәнінен орта балы 9 «А» сыныбанда -13,5. 9 «Ә» сыныбында-11,5. 9 «Б» сыныбында -11 балл.
Жалпы әр сыныптан ең төмен балл жинаған:
9 «А» сыныбы:Асылбеков А-14 балл
9 «Ә» сыныбы:Тұңғыш Б -15 балл
9 «Б» сыныбы: Қалдыбек Б-12 балл
Мектеп бойынша орташа балл – 30
9 «А»- 32,33
9 «Ә»-26,41
9 «Б»-29,14
Қаулы:
1.Әр тарауды оқып бітргеннен кейін тест өткізілсін;
Төмен балл жинаған оқушылармен қосымша сабақтар күшейтілсін;
Пән мұғалімдері қосымша сабақтарды күшейтсін.
2. Оқушылардың қосымша сабаққа уақытылы келуін сынып жетекшілер қадағаласын;
3.Байқау сынағын жазуға сыныптағы барлық оқушылар жұмылдырсын;
Мектеп психологы оқушылармен тренингтер жүргізілсін.
Жиналыс төрайымы: Г.Ашимова
Хатшы: И.Исматова
Тақырыбы: ОЖСБ - ға ата - ана көзімен
Мақсаты: ата - аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Түрі: семинар – тренингӘдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап
Барысы:
І. Амандасу
Сәттіліктен бастау алып күніміз
Қуанышпен аяқталсын күніміз
Істеріңіз оңынан
Жегендеріңіз молынан
Жүретін жерлеріңіз
Алланың ақ жолынан
Алла қолдап
Жамандықтан қорғап
Жақсылықты жолдап
Бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын!- деп бүгінгі «ОЖСБ - ға ата - ана көзімен» тақырыбындағы семинарымызды ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер, құрметті 9 сынып оқушыларының ата - аналары.
ІІ. Топқа бөлу
Алдын ала дайындалған парақшаларды суырып, берілген жануардың қимылын көрсету арқылы ата - аналарды үш топқа біріктіреміз. Берілетін сөздер: қоян, аю, балық
ІІІ. Сауалнама
Мектеп психологы ата - аналарға баласының болашақ мамандығы, мектептегі ұстаздары туралы сауалнама таратып, толтыртады. Осы арқылы ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастың деңгейін анықтайды. Себебі, оқушыларға алдын ала сауалнама жүргізіліп алынды. Екеуін сәйкестендіреді.
ІҮ. Интервью әдісі
Үш топқа алдын ала сұрақтар дайындалып беріледі. Әр топтан бір ата - ана шығып екінші топқа сұрақты микрофон арқылы қояды және жауап алады.
Осы сұрақтардың жауабын толықтырып, ОЖСБ туралы түсінік беру үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.
Сергіту сәті «Сағат тілі»
Ата - аналарға таратылған ақ бетке сағаттың 12 тілін салып, әр қайсысының қасына семинарға қатысып отырғандардың бірінің атын жазады. Және төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1. Амандасу
2. Иық қағыстыру
3. Мұрын тарту
4. Бетінен сүю
5. Тізе айқастыру
6. Жауырын түйістіру
7. Басқа массаж жасау
8. Құлағына барып құпия айту
9. Қатты етіп құшақтау
10. Табан тіреу
11. Жұдырық түю
12. Көз қысу
Ү. Постер қорғау.
1 топ: ОЖСБ тиімділігі
2 топ: ОЖСБ тиімсіздігі
3 топ: Ата - ананың қолдауы
Постер қорғалғаннан кейін, психолог сауалнаманың нәтижесімен ата - аналарды таныстырады.
Қорытынды
Семинарды қорытындыларда, ата - аналарға допты ұсыну арқылы сұрақтар қойылады. Тез жауап беру тапсырылады.
- 1 оқу күні бірінші сабақ
- 2 оқу күні ОЖСБ дайындығы қай пәндерден болады
- Балаңыздың мектептегі досы
- Қызыңыздың туған күні
- Балаңыздың парталас көршісі, т. б.
Ата - аналарға стикерлер таратылып, «ұсыныс», «қостым», «сұрағым» бөлімдерінен тұратын «Құс» кері байланысы жасалады.
- Құрметті ата - аналар мен ұстаздар. ОЖСБ - ға ата - ана көзімен тақырыбындағы семинарымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |