9 «Б» сынып. ОЖСБ қорытындысы
Барлық оқушы:22
Тапсырғаны:
Нәтижесі: Орташа ұпай-56,95
Үлгерімі-79%
Сапасы-24,35%
Жеке пәндер бойынша қорытынды
Қазақ тілі Мұғалімі: Дүйсебекова Айжан
Орташа ұпай-9,2
«5»-0, «4»-6, «3»-7, «2»-1
Үлгерімі-93%
Сапасы-35%
Орыс тілі. Мұғалім:. Таджигалиева Ұ,Азтаева Лаура
Орташа ұпай-11,35
«5»-0, «4»-9, «3»-5, «2»-0
Үлгерімі-100%
Сапасы-64%
Математика. Мұғалім: Куланова Жамила
Орташа ұпай-10,57
«5»-1, «4»-7, «3»-6, «2»-0
Үлгерімі-100%
Сапасы-57%
Қазақстан тарихы. Мұғалім: Аққауынов Данияр
Орташа ұпай-11,35
«5»-1, «4»-11, «3»-1, «2»-1
Үлгерімі-93%
Сапасы-85%
География. Асанбеков Сейтжан
Орташа ұпай-13,35
«5»-8, «4»-4, «3»-0, «2»-0
Үлгерімі-100%
Сапасы-100
Биология. Мұғалім: Қиятаев Ғани.
Орташа ұпай-10
«5»-0, «4»-0, «3»-1, «2»-0
Үлгерімі-100%
Сапасы-0%
Физика.Мұғалім: Бейсенов Нұрлыбай
ОЖСБ дайындығының барысы, қорытындылары, нәтижелері мектеп әдістемелік бірлестігінде қаралады.Есебі шығарылып тұрады.
8 қаңтар 2015 жылғы педагогикалық кеңесте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің берілу сапасы талқыланды.
25 қараша 2016 жыл,26 қаңтар 2017жылғы мұғалімдер кеңесі отырысында ОЖСБ нәтижелері, дайындық барысы қаралды.
Мектептің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы пән бірлестіктерінің 05.01.15, 06.02.05,31.02.15 ж отырыстарында ОЖСБ дайындығының барысы, пәндердің берілу сапалары қаралып,ОЖСБ нәтижелері есебі берілді.
Ата-аналарға ОЖСБ-ға психологиялық дайындық бойынша көмек-кепілдемелер.
Ата-аналарға кеңес:
ОЖСБ-ға дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?
· Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.
· Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.
· Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді еөбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.
· Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.
· Балаңазға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын.
· Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу
барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.
· Балаңызға беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз:
· Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады;
· Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады;
· Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр;
· Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін.
· Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.
Ата-аналарға ОЖСБ-ға психологиялық дайындық бойынша көмек-кепілдемелер.
Достарыңызбен бөлісу: |