Жиналыс төрайымы: Г.Ашимова
Хатшы: И.Исматова
С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылының 20.01.2018ж күні өткізілген
9 «А», «Ә» сыныптарының ОЖСБ-ға дайындық барысындағы байқау сынақтарының қорытындысы туралы
Хаттама№
25.01.2018ж
Талапты ауылы
Қатысқаны :50
Қатыспағаны:
Қаралатын мәселелер:
20.01.2018ж алынған тестті талдау;
«Мамандық таңдау – болашақ таңдау» баяндама.
Оқушылардың тәртібі.
1-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай сөз алды.
-2017-2018 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 20.01.2018 күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылды.
9 «А» сыныбында барлығы 24 оқушы ,24 оқушы тапсырды.
9 «Ә» сыныбында барлығы 26 оқушы ,26 оқушы тапсырды
2 сыныптан ең жоғары жинаған оқушылар:
9 «А» сыныбынан: Есенбек Г (160),Үсен Е (155),Әбдімәлік Р (154),Мақсым М (136), Ниязбекова А (132).
9 «Ә» сыныбынан :Абдыш А (150), Ахмет Ұ (174),Өмірзақ А(141),Амангелді Б(120).
Оқушылар қазақ тілінен,Қазақстан тарихы, орыс тілі,физика,химия,дүниежүзі тарих,қазақ әдебиеті,математика, биология,география,ағылшын тілі пәндерінен тест сынамаларын тапсырды. Осы пәндер бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
Ең төмен балл жинаған: 9 «А» сыныбы:
Нұрайым Б-31 балл
Укашев О-43балл
9 «Ә» сыныбы:
Есіркеп Е-20 балл
Жұбайхан О-24 балл
Әбдіжаппар Б-19 балл
Мектеп бойынша жалпы балл -74,48
9 «А» сыныбының жалпы балл - 63,3, орта балы -12,7
9 «Ә» сыныбының жалпы балл -52,2 , орта балы-10,4
2-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай « Мамандық таңдау-болашақ таңдау» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Биыл елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау.
Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі – қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі – әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі – ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі – бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын «әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз» деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.
3-ші мәселе бойынша тәрбие орынбасарлары Б.Еденов және М.Бейсенов ағайлар оқушылардың тәртібін,сабаққа қатысуын, форма туралы айтып өтті.
Қаулы:
1.Пән мұғалімдері қосымша сабақтарды кестеге сәйкес өтілсін.Төмен жинаған оқушылармен дайындықтар күшейтілсін. Оқушыларға қиындық туғызған тақырыпты міндетті түрде қайталау жұмыстары жүргізілсін
2.Г.Ашимова апайдың оқыған баяндамасы назарға алынсын.
3.Ата-аналар өз балаларын сабаққа уақытылы, формамен баруларын қадағаласын.
Достарыңызбен бөлісу: |