С. Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет3/26
Дата14.03.2023
өлшемі140.4 Kb.
#470751
түріСынақтар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жиналыс төрайымы: Г.Ашимова
Хатшы: И.Исматова

С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Мамандық таңдау-болашақты таңдау»

Дайындаған:Ашимова Гүлсім


Он бес пен жиырма бестің арасында
Бұл жаста аласым көп, бересім де
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба?
Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Мамандық таңдау-болашақты таңдау»


Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарыңызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз — өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол — өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ – н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру. Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай.
Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей, қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандыру дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен
кезінде мамандықтың түрі көп. Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейіне денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы қажет. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардың ақыл – кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.
Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта – жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.
Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап – талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ. Дегенмен де өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға да пайда келетіне алмайтынын сезе қоймайтын адамдардың аз кездеспейтініне өкінбеске болмайды.
Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік — жігері, борыш пен жауапкершілігі, тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог, ұшқыш, теңізші, дәрігер сияқты мамандық түрлері таңдағанда ерекше назар аударатын нәрсе. Кейбір мамандық түрлері оймен еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды қажет етеді. Міне, мамандық таңдау кезінде оның осындай ерекшеліктерін ескеріп, отыру қажет екенін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр.
Әр кезеңнің өз экономикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктері болады. Соған орай мамандық түрлерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны сүйе білу керек, ынта қойып, қызыға меңгеру керек.
Қазақта: «Ата көрген – оқ жонар», ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» деген мағынасы терең мақал – мәтелдер молынан кездеседі. Әрі бұл - бүтіндей бір халықтың өмірлік тәжірибесін бір арнаға тоғыстырған өскелең ұрпақты қаршадай кезінен бастап қандай бір кәсіпке баулудың өзіндік бағыт – бағдары екені даусыз. Ежелден бері ұста, зергер, етікші, өрілші, ембі, атбегі, құсбегі саяткер т. б көптеген кәнігі кәсіби шеберлер өз өнерлерінің құпия - қатпарларын көлденең көк аттыға жайып сала бермеген. Олар қашанда қабілет – бейімі бөлекше ұл – қыздарының біріне немесе өздеріне өте жақын қолының ебі бар балаларға ғана өз кәсібінің қыр – сырын үйретіп өмірлік аманат ретінде қалдырып отырған. Өнерлі ата – ана осыны қазірден бастап өскелең ұрпақтарының құлағына құя бергенінің ешбір айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл біздің халқымызда ғана емес, дүние жүзі халықтарында бар өнеге. Мысалы: француз де – Шеванилердің отбасы ата – бабаларынан бері асыл тастар мен бағалы зергерлік бұйымдарды жасайды, дүние жүзінде әр түрлі мемлекеттерінде атақты дүкендері бар.
«Кім боламын?»
Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата – анасы. Өйткені олар өз перзентінің жай – күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден – бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез – құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы.
Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба – құп.
Қорыта келгенде, мамандық таңдау кезінде бір – бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.
1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзімді өзім көрсете аламын ба?
2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.

С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2016-2017 оқу жылының 9.12.2017ж күні өткізілген
9 «А», «Ә» сыныптарының ОЖСБ-ға дайындық барысындағы байқау сынақтарының қорытындысы туралы

Хаттама№
22.12.2017ж


Талапты ауылы
Қатысқаны :50
Қатыспағаны:
Қаралатын мәселелер:

  1. 21.01.2018ж алынған тестті талдау;

  2. «Мамандық таңдау –болашақ таңдау» баяндама.

  3. Оқушылардың тәртібі.

1-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай сөз алды.
-2017-2018 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 21.01.2018ж күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылды.
9 «А» сыныбында барлығы 24 оқушы ,24 тапсырды.
9 «Ә» сыныбында барлығы 26 оқушы ,25 оқушы тапсырды
2 сыныптан ең жоғары жинаған оқушылар:
9 «А» сыныбынан: Әбдімәлік Р (136),Үсен Е (129),Амантурдтева Ә (127),Мақсым М (125), Есенбек Г (125).
9 «Ә» сыныбынан :Абдыш А (127), Базарбай М (126).
Оқушылар қазақ тілінен,Қазақстан тарихы, орыс тілі,физика,химия,дүниежүзі тарих,қазақ әдебиеті,математика, биология,география,ағылшын тілі пәндерінен тест сынамаларын тапсырды. Осы пәндер бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
Ең төмен балл жинаған: 9 «А» сыныбы:
Насыров А-64 балл
Укашев О-58 балл
9 «Ә» сыныбы:
Есіркеп Е-37 балл
Рахматулла Е-36 балл
Әбдіжаппар Б-33 балл
Мектеп бойынша орташа балл -8,3
9 «А»- 8,7
9 «Ә»-7,9

9 «А» сынып

Барлық оқушы:24
Тапсырғаны:24
Нәтижесі:Орташа ұпай-82,17
Жеке пәндер бойыншы қорытынды
Қазақ мұғалімі: Бөрібекова К
Орташа ұпай-11,1
Қазақстан тарихы: Осимова И
Орташа ұпай:12,4
2-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай «Мамандық таңдау –болашақ таңдау» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Биыл елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдап, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау.

Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі – қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі – әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі – ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі – бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын «әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз» деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.


3-ші мәселе бойынша тәрбие орынбасарлары Б.Еденов және М.Бейсенов ағайлар оқушылардың тәртібін,сабаққа қатысуын, форма туралы айтып өтті

Қаулы:

1.Пән мұғалімдері қосымша сабақтарды кестеге сәйкес өтілсін.Төмен жинаған оқушылармен дайындықтар күшейтілсін. Оқушыларға қиындық туғызған тақырыпты міндетті түрде қайталау жұмыстары жүргізілсін


2.Г.Ашимова апайдың оқыған баяндамасы назарға алынсын.
3.Ата-аналар өз балаларын сабаққа уақытылы, формамен баруларын қадағаласын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет