87
4. Тәңір пайғамбарларына сену. Мҧсылмандар Қҧранда жазылған
барлық пайғамбарларға сенуге міндетті.
Мҧхаммед және оған дейін ӛмір сҥрген пайғамбарлар арасындағы
айырмашылықтарды есте сақтаған жӛн:
- алғашқыда пайғамбарлар белгілі бір халыққа және кезеңге
байланысты жіберілген. Мҧхаммед барлық халыққа ортақ барлық кезеңге
жіберілген;
- кӛптеген пайғамбарлардың ілімдері ҧмытылған және бҧрмаланған,
олар бойынша ӛмір сҥру мҥмкін емес жағдай. Мҧхаммед ілімінің мәні - ол
бойынша жаңылысудан қорықпай ӛмір сҥру мҥмкіндігінің болуында;
- алғашқы пайғамбарлардың әулиелігі тегіс қамтылмаған, ал әрбір
жаңа пайғамбар алдыңғы пайғамбарлардың бҧйрықтарын жойған немесе
ӛзгертіп отырған. Мҧхаммедтің ілімі барлығын тегіс қамтыған, оны
қайтадан ӛзгертуге немесе жақсартуға болмайды.
5. О дҥниелік ӛмірге сену. Мҧсылмандардың пікірінше, кімде-кім
қайта тірілуге сенбесе, ол кәпір болып табылады, ӛйткені, ӛлгеннен соң
ӛмір сҥруді жоққа шығару барлық нанымдардың мәнін жоғалтады. О
дҥниелік ӛмір мәңгілікте ӛмір сҥрудің сапалы жаңа кҥйі ретінде
тҥсіндіріледі. Діннен қашқандарға, мҧсылмандық адамгершіліктен бас
тартқандарға тозақтың оты дайын тҧрады, ал діншіл мҧсылмандарға
жҧмақтың шексіз рахаты тарту етіледі.
Жоғарыда аталған догматтар ислам дінінің негізі болып табылады:
оларға сенген адам мҧсылман қауымдастығының мҥшесіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: