С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет30/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Юморлық, сатиралық образдарды 
сомдауға қатысатын
әде-
би көркемдік компоненттердің бірі – күлкі. Күлкінің адам өмі-
ріндегі орны ерекше. Ол адамның бірде көңіл-күйін білдірсе, 
бірде қоғамдық қарама-қайшылықтарды сынап-мінеу үшін де 
қолданылады. Ол адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынас-
тарға негіз болып, адам санасында алуан сезім құбылыстарын ту-
дырады. Адам өміріндегі күлкінің мәні туралы көптеген зерттеу-
шілеріміздің тұжырымдары бар. А.Байтұрсынұлы «Әдебиет та-
нытқышта» күлкінің түрлері туралы: «Екі түрлі күлкі бар: шын 
күлкі, сын күлкі. Шын күлкі – шаттық үстінде, көңіл қоштағанда 
келетін күлкі. Сын күлкі – нәрсе көңілге күдікті, ерсі көрінген 
уақытта келетін күлкі»
1

дейді.
Юморлық образдарда адам характерін бейнелеуде жылы 
күлкі, жеңіл әзіл, шын күлкі қолданылса, сатиралық образдарда 
сын күлкі, мысқыл, ажуа, келемеж басым. Сатиралық образды 
жасайтын күлкі юморға қарағанда зілдірек, мәндірек, қайырым-
сыздау. Адамның жағымсыз, келеңсіз мінез-құлықтары аяусыз 
сыналады. Юморлық образдар күлкі арқылы қоғам өмірінің әр 
қырларын сипаттайды. Қазақ әдебиетінде Б.Майлиннің кейіп-
керлері юморлық сипатымен ерекшеленеді. Б.Майлин кеңестік 
дәуірдің құрылуын ауыл қазақтарының қалай қабылдағанын 
юмор арқылы терең суреттеп, кейіпкер психологиясын жан-
жақты ашып көрсетеді. 
Юмор кейіпкердің характерін ашу, даралау мақсатында да 
қолданылады. Бұл жағдайда күлкі шығармаға эмоциялық әр
жайдары, жылы өң береді. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым –
Қожа» повесіндегі таза, табиғи бала мінезін беруде негізгі тәсіл 
ретінде юмор қолданылған. Баланың мінезінде жасандылық, қос-
па байқалмайды, барлық іс-әрекетіне еріксіз езу тартасыз. 
1
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. –Алматы, 1991. 353-б.


88 
Трагедиялық образдар жауыздық пен жақсылық, өлім мен 
өмір сияқты болмыста бір-біріне кереғар келетін құбылыстар-
дың қайшылығынан туындайды, кейіпкер рухы, мінезі қиын-
дықтар мен кедергілер айқындалады және тағдыры көбінесе мұң-
мен, қайғымен аяқталады. Трагедиялық образ шиеленіске, қақты-
ғысқа толы жағдайларда сомдалады. Мысалы, қазақ әдебиетін-
дегі өз махаббаттары үшін күрескен Қыз Жібек, Қамар сұлу, 
Еңлік, Қарагөз бейнелері. Трагедиялық шығармалардың негізін-
де адам өміріндегі шешілуі қиын, бірақ шешпесе болмайтын қақ-
тығыстар (коллизиялар) жатады. Трагедиялық бейне – ортасы-
мен, кейде өзімен қайшылыққа түскен, ешбір ымыраға кел-
мейтін, күшті және тұтас тұлға. Ол өз мақсатынан таймайды, зұ-
лым күштердің зорлығына мойынсұнбайды және бітіспес кү-
ресте шыңдалады. Әлем әдебиетіндегі Ромео мен Джульетта 
бейнелері осыған мысал.
Қазіргі қазақ әдебиетінде Д.Исабековтің кейбір трагедия-
лық сарындағы повестерінде («Дермене», «Тіршілік», «Сүйек-
ші», «Шыңырау») жақсылық, ізгілік көбінесе қатыгездіктен, зор-
лықтан жеңіліс тауып жатады. Д.Исабековтің кейіпкерлері –қо-
ғам ағысынан тыс қалған, жандары жалғыз, жан дүниелерін еш-
кім түсіне бермейтін жандар. Олар - тағдыр талқысына көніп, 
өмірдің басқа салғанына мойынсұнған, бірақ ішкі адамдық тұ-
ғырын жоғалтпаған рухы биік адамдар. «Үндемес» повесіндегі 
Тұңғыш - өз өмірінде ештеңеге жанталасып ұмтылмаған көнбіс, 
жаны сірі, момын адам. Бұл да қазіргі қазақ әдебиетіндегі траге-
диялық образдардың бір түрі. 
Фантастикалық образдар ой мен арманға қанат байлап, 
өмірге философиялық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Фан-
тастикалық образдың жасалуында фантастика элементі басым. 
Фантастика (грекше phantastike - көзге елестету өнері) - өмір 
шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелеу. Адамзаттың та-
биғат сырларына тереңірек үңілуі өмірдегідей тартымды сурет-
теліп, басты идеясы ғылымда негізі бар, бірақ әлі іске аспаған
жаңалықтармен ұштасып жатады. Фольклордағы қиял-ғажайып 
ертегілерінен бастау алатын фантастика романтизм поэтика-
сында да елеулі орын алады.


89 
Әлемдік әдебиетте фантастика өмірдің айшықты ашық бо-
яуларын беріп, жақсылықтың салтанат құруын көрсету үшін де 
қолданылады. Керісінше, неміс романтизмінің белді өкілі 
Гофман шығармашылығында фантастиканың қорқынышты қыр-
ларын, мистикалық әлемге бой ұрған трагедиялық тұстарын кө-
бірек көреміз. Фантастикалық элементтердің жұрнақтарын реа-
листік арнадағы шығармаларында сәтті қолдана білген 
Ф.Достоевский: «Өнердегі фантастиканың шегі мен қолданылу 
ережесі бар. Фантастикалық дүниенің реалды дүниемен жақын 
жанасатыны соншалық, Сіз оған тіпті сеніп қалуыңыз қажет» - 
деп жазады. Орыс суреткерлері А.Пушкин, Ю.Лермонтов, 
Н.Гоголь және Ф.Достоевскийдің өз туындыларындағы фантас-
тикалық бейнелер осы пікірді дәлелдейді. 
Теориялық оқулықтарда бұдан басқа көркем образдардың 
нақты, шартты, абстрактілі, модернистік, ассоциативтік, симво-
ликалық т.б. түрлері бар. Сонымен қатар ірі образдарды - макро-
образ, ал сол үлкен образды құрайтын кіші детальдарды – микро-
образ деп те атап жүр. 
Қорыта айтқанда, образды сан түрлерге жіктесек те, сурет-
кердің негізгі бейнелеу тәсілі - образ, ал әдеби шығармадағы 
негізгі темірқазық – адам тағдыры екені ақиқат. Әдебиеттің өнер 
ретіндегі басты ерекшелігі де - оның образдылығында, бейне-
лілігінде. Әдеби туындыда адам тағдыры кейіпкер тұлғасы, көр-
кем образ арқылы жинақталып көрінеді. Тәуелсіздігіміздің 
жиырма шақты жылын артқа тастаған бүгінгі таңда әдебиетте 
«
қазақ оқырманына өз замандасының бейнесі қажет» деген әң-
гіме де көп айтылуда. Жаһандану дәуірінде қазақы болмысын 
бойында сақтап қалған ұлттық көркем образдарды сомдау күн 
тәртібінде тұр.
Қалыптасқан образ, көркем бейне ұғымдарын философтар 
мен ғалымдар бұрыннан қолданып жүр. Алайда қазіргі орыс әде-
биеттану еңбектерінде
1
дағдылы «образ», «образдылық» ұғымда-
рын «таңба», «таңбалылық» сөздері ығыстырып, ғылыми айна-
лымға түсе бастады. Таңба - семиотиканың, таңбалар жүйесі ту-
1
Хализев В. Теория литературы. -М., 2002., Тюпа В.И. Художественный 
дискурс (Введение в теорию литературы). – Тверь: Твер. гос. ун-т, 2002.


90 
ралы ғылымның басты ұғымы. Қоғамдық салаларда 1960 жыл-
дары қалыптасқан структурализм (формализмнің бір тармағы) 
мен оның орнын басқан постструктурализм семиотикаға сүйе-
неді. Таңба ақпаратты алуға, сақтауға және дамытуға қызмет ете-
тін жүйелерді құрайды, яғни оның ең алдымен танымдық мәні 
бар. Әдебиеттануда таңба екі тұрғыдан: шығарманың тілдік, сөз-
дік негізін қарастыруда және кейіпкерлердің мінез-құлқын, әре-
кеттерін бейнелеуде қолданылады. Тіл ғылымындағы басты таң-
ба ұғымы біртіндеп әдебиеттану ғылымына ойысты. «Таңба» 
ұғымы образ және образдылық ұғымдарымен қатар қолданы-
лып, оның мағыналық көкжиегін едеуір кеңейтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет