83
қаһармандық, трагедиялық, фантастикалық, реалистік образдар
деп ажыратады.
Әдебиеттану ғылымы дәстүріндегі талдау, тану тәжіри-
бесін жинақтау тұрғысынан
романтикалық кейіпкерге тән белгі-
лер бар. Романтикалық кейіпкер – тек жағымды кейіпкер ғана
емес, оның тіпті «жағымды» болуы шарт емес, бірақ ол – сурет-
кердің аңсаған идеалын бейнелейтін тұлға. Байронның «Корса-
рындағы» Конрад, М.Лермонтовтың «Мцыри» поэмасындағы
Сайтан «жағымды ма, әлде жағымсыз кейіпкер ме»
деген сұрақ
туған емес, бірақ олардың бейнесі асқақ, олардың кескін-кел-
бетінде, іс-әрекетінде рухтың қайыспайтын күш-қуаты жинақ-
талған. Ол - В.Г.Белинский айтқандай «өзін-өзі тірек еткен»,
өзін айналасындағы ортаға қарсы қойған тұлға.
Романтизм эстетикасында тұлғаның тағы бір типі бар. Ол,
ең алдымен, суреткер тұлғасы (суретші, композитор, ақын,
жазушы). Романтикалық әдебиеттегі «ұнамды» басты кейіпкер -
рухани бай, жаны нәзік, әдетте, өзін қоршаған қоғаммен қайшы-
лықтағы шығармашылық иесі. Есесіне ұнамсыз кейіпкерлер
әлеуметтік ортаның моральдық заңдарына сәйкес толық үйле-
сімде өмір сүріп, өз орындарын таба алады. Ақынды, суреткерді
түсінбейтін, қабылдамайтын және оны қудалауға ұшыратқан
тобырға, қаһарманды - өз ортасына, тұлғаны қоғамға қарсы қою -
романтикалық әдебиетке тән белгілердің бірінен.
Суреткердің
романтикалық бейнесі - биік үйлесімге, кемелділікке ұмтылатын
әмбебап тұлға. Ол өзінің трагедиялық жалғыздығын сезіне оты-
рып, сол жалғыздығынан жапа шегеді. Романтикалық кейіпкер-
лер өзіне де өзгеге де көңілі толмай, тіпті іштей қақ жарылып,
өздері мен өздері егесіп қалады. Сырт көзге жұмбақ, үнемі бір
нәрсені шарқ ұра іздеп жүретін кейіпкердің жанын түсіне қою
қиын. Өйткені адам жаны неғұрлым нәзік, терең болған сайын
жанды қанағаттандыруға деген ұмтылысы, жан айқайы соғұрлым
күшті болмақ. Ал, мұндай жанның жай табуы да, қанағаттануы
да оңай емес.
Романтикалық кейіпкерлердің беймаза сезімі, қанағат
етпеуі неден туады? Әлемдік әдебиет тәжірибесінде Байронның
Чайльд Гарольды,
Шекспирдің Гамлеті, орыс әдебиетінде
Евгений Онегин мен Печориндер осы күйді басынан кешірді.
84
М.Лермонтовтың «Әзәзіл», «Мцыри» поэмаларының қаһарман-
дары болмыстан жеріген, «әлдебір дүние» аңсаған күрес адам-
дары. Бұлардың торығып, тыныштық таба алмауына, трагедияға
ұшырауына өз өмір сүрген қоғамы, дәуірі кінәлі. Мұндай көңіл-
күй қоғамға, өзі өмір сүрген кезеңіне көңілі толмаудан, қанағат
етпеуден туады. Өйткені, қанағаттанбау сезімі адамды рухани
тазарудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіріп, әрекет жасауға, алға
ұмтылуға мәжбүр етеді. Әдебиеттегі романтикалық бейнелердің
көпшілігі өмірден өз жолын, орнын таба алмай оқыс шешім, то-
сын әрекетке барады. Көркемдік шешім – қайғылы халмен ұшта-
сады. Өз ортасына қарсы
қойылған олар елден ерекшелеу, әрі
жалғыз, қасіретті тұлғалар болды. Н.Гофман, Байрон, А.Мюссе,
А.Виньи, М.Лермонтов т.б. қаламгерлер кейіпкерлері осындай
қасиеттерімен дараланады. Романтиктер өз туындыларында
кейіпкердің ішкі әлеміне психологиялық талдау жасады. Олар
жеке тұлғаның қарама-қайшылығы мол ішкі рухани әлеміне бас-
ты назар аударды. Бұл турасында ғалым Р.Нұрғалиевтің сөзімен
айтсақ: «Романтикалық қаһарман – бір бұлқыныстың, бір шабыт-
тың, бөлінбейтін, жарылмайтын бір-ақ ойдың адамы. Көбіне
мұндай қаһарман өз ортасына қарсы, сол ортаның моральдық
институттарына кереғар»
1
.
З.Қабдолов «Сөз өнерінде»: «Көне
грек әдебиетіндегі
Прометей, орыс әдебиетіндегі Данко істеген әрекеттің қай-қай-
сысы да ақиқат өмірде қолдан келетін нәрсе емес, бірақ ұғымға
сыйымды; болған нәрсе емес, бірақ соншалық нанымды. Мұның
өзі бір жағынан, романтикалық образдың жасалу ерекшелігін
аңғартса, екінші жағынан, оның жан тебірентер эстетикалық
қуатын, орасан зор тәрбиелік құнын танытады»
2
-
дейді. Қазақ
әдебиетінде Мағауия Абайұлының «Меғдат-Қасым»
поэмасын-
дағы Қасымда, О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесіндегі Нұржанда,
«Атау-кере» повесіндегі Шалда, Д.Исабековтің «Қарғын» рома-
нындағы Жасында романтикалық кейіпкерлерге тән белгілер
кездеседі.
1
Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. Т.2. 209-б.
2
Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Жазушы, 1992. 355-б.