С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет2/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

 
ISBN 978-601-224-511-0 
УДК 821.512.122-0 
ББК 83.3 (5Каз)
© Жанұзақова Қ.Т., 2015 
© «
Қыздар университеті» баспасы, 2015 



КІРІСПЕ 
 
Әдебиеттану – әлемдік әдеби үдеріс пен әдебиет дамуының 
ерекшеліктері мен заңдылықтарын, көркем шығарманың күрделі 
табиғатын, болмыс-бітімін зерттейтін маңызды ғылым салала-
рының бірі. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқытуда әдебиеттің 
қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшеліктерін ашуға, 
көркем мәтінді талдаудың ғылыми ұстанымдарын теориялық 
тұрғыдан пайымдауға мән беріледі.
«
Әдебиеттануға 
кіріспе» 
пәні 
бойынша 
А.Байтұрсынұлының 
«
Әдебиет 
танытқыш» 
еңбегі, 
Е.Ысмайыловтың 
«
Әдебиет 
теориясының 
мәселелері»,
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», З.Қабдоловтың «Әдебиет 
теориясының негіздері» (кейіннен «Сөз өнері» деген атпен қайта 
басылды) оқулығы, З.Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы», т.б.
басты кітаптардың қызметін атқарып келді.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі кезеңде 
З.Ахметовтің басшылығымен «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі» 
(1998), 
С.Мақпыровтың «Әдебиеттануға кіріспе» (1991) хресто-
матиялық және «Адамтану өнері» (2009) атты оқу құралдары
К.Ахметовтің «Әдебиеттануға кіріспе» (2004), Х.Н.Садықовтың 
«Введение в литературоведение» (2005), Т.Есембековтің «Көр-
кем мәтінді талдау негіздері» (2009), А.Исмақованың «Алаш 
әдебиеттануы» (2009), Г.Пірәлиеваның «ХХ ғасырдағы қазақ 
әдебиеттануы» (2010), Н.Жуанышбеков, А.Темірболаттың 
«
Теория литературы» (2009) еңбектері жарық көрді. 
Пән бойынша орыс әдебиеттану ғылымында оқулықтар 
молынан жазылды, ал қазақ тіліндегі теориялық оқу құралдары 
мен ұжымдық оқулықтардың жарияланып, жарық көруі - күн 
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Ұсынылған оқу құралы «Әдебиеттануға кіріспе» курсының 
типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Оның мақсаты - әде-
биеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары, қалып-
тасу тарихы туралы дерек беру; жалпы өнердің, әдебиеттің та-
биғаты туралы түсінік қалыптастыру; көркем шығарманы тал-
даудың ұстанымдары және әдістерімен, негізгі теориялық ұғым-



дармен таныстыру; әдеби дамудың қыр-сыры мен ортақ заңды-
лықтарын айқындау, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік әдіс, 
әдеби ағым-бағыттар ұғымдарымен таныстыру; әдеби мектептер 
туралы жалпы дерек беру болмақ.
Оқу құралы, ең алдымен, еліміздің жоғары оқу орындары-
ның филология факультеттерінде оқитын студенттерге арналған. 
Әр бөлімге студенттердің өзіндік білімін жетілдіру мен тексеру 
мақсатында өздік жұмыстар, тапсырмалар мен бақылау сұрақ-
тары, теориялық материалдар және пайдаланатын әдебиеттер ті-
зімі берілген. Оқу құралында пән бойынша қосымша 
материалдар, тест сұрақтары ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет