С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет56/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Мифтік аңыз-әңгімелер, фольклорлық дәстүр қазақ әде-
биеті үшін қашанда сарқылмас бастау болды. Сол себепті көркем 
әдебиеттің даму тәжірибесінде мифтік сюжеттерді, аңыз-әңгі-
мелерді әдеби шығармада қажетіне қарай пайдалану ежелден бар 
үрдіс. Шығыстың, қазақтың поэтикалық ойлау жүйесінде сөз 
зергерлерінің мифологиялық бастаулардан тірек іздеуі жиі 
байқалады. Аңыздардың жалпыадамзаттық мазмұны мен терең 
философиялық астарын алғаш ашқандардың бірі – Абай. Оның 
«Ескендір», «Масғұт» атты романтикалық поэмаларында алғаш 
рет мифологеманы батыл қолданады. Әрине, мифологизмнің 
терең бастауы ауыз әдебиетінің, халық поэзиясының терең қой-
науларында жатыр.
ХХ ғасырда қазақ әдеби процесінің дамуында діни-мифо-
логиялық мотивтердің ықпалы зор болғанымен, оның дамуы 
біркелкі жүрген жоқ. Мифологиялық желі ХХ ғасыр басындағы 
әдебиетте жақсы көріне бастады да, 1930-60 жылдар аралығында 
әдебиетте үстемдік еткен идеологиялық себептердің салдарынан 
үзіліп қалды, кейіннен 1970 жылдардан бастап қазақ прозасын-
дағы осы сабақтастық қайта жалғасты. Аңыздық желі, мифоло-
гиялық сюжеттер, мотив пен образдар ірі суреткерлер шығарма-
ларында жиі қолданылып, көркемдік ізденістердің күрделі про-
цесі жүрді.
Шын мәнінде, қазақ прозасында мифопоэтикалық ойлау 
жүйесінің алғашқы формалары, сюжетті фольклорлық мотивтер-
мен көмкеру С. Сейфуллин, С. Ерубаев, М. Әуезов, М.Жұмабаев, 
Ж. Аймауытов шығармаларында айқын көрінді. Болмысты 
бейнелеудің тәсілі ретінде мифопоэтикалық архетип-терді 
қолдану – М. Әуезов поэтикасы ерекшеліктерінің бірі. Сюжетті 
фольклорлық мотивтермен әдіптеу 1940-50 жылдар прозасында 
көрініс берді, алайда ол қосымша этнографиялық ма-териал 


157 
деңгейінде қолданылып, сюжетті қосымша желілермен 
күрделендірген жоқ.
Қазақ көркем сөз өнерінің хас шебері М. Әуезовтің алғаш-
қы туындыларындағы эпикалық метафоризм 1960-70 жылдары 
Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, М. Мағауин, Д. Досжанов, О. Бөкеев, 
С. Санбаевтың прозалық туындыларында ежелгі фольклорлық-
мифологиялық мәдениетпен сабақтастығын, байланысын жалғас-
тыра қайта жаңғырды. Қазақ прозасындағы мифологизм 
М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов т.б. қаламгерлер туынды-
ларынан нәр ала көктеп, көркемдік көкжиегін кеңейтті, қазіргі 
қазақ әдебиетіндегі мифопоэтикалық формаларды қолдану дәс-
түрі күрделене түсті. 1960-70 жылдардан бастап қазақ сурет-
керлері фольклорлық мұраларға, сол арқылы мифопоэтикалық 
архетиптерге жиі назар салатын, алайда әлеуметтік-тарихи кон-
тексттің сан алуан болуына байланысты ол да түрлі сипат алып 
отырды. 
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының құрылы-
мында фольклорлық және мифопоэтикалық мотивтер кездеседі. 
Миф пен аңыз роман-эпопеяның көркемдік құрылымында
сюжетті көмкеруші қызметінде, эпикалық фонды жасау тәсілі 
ретінде қолданылады, негізінен, ол кейіпкердің, Абайдың поэти-
калық ойлау жүйесін сипаттайды. Осының өзі Абай туралы 
бірінші кітабы жарияланған ұлы суреткердің соңына жаулары-
ның шырақ алып түсуіне мұрындық болды. 
Аңыздар мен мифтерді көркем туындыда әдеби тәсіл 
ретінде қолдану 1970 жылдардан бастап күшті қарқын алды. Осы 
кезеңде мифологема өз дәуірінің тақырыбын идеялық-образдық 
тұрғыдан шешу құралы ретінде батыл қолданады. ХХ ғасырдың 
екінші жартысында, әсіресе 1960-70 жылдардан бастап қазақ 
прозасында мифтік аңыз-әңгімелерге, тәмсілдерге деген ықылас, 
фантастикаға, философиялық пайымдауларға, қиял-ғажайыпқа 
деген құштарлық осы дәуір әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін 
белгіледі. 
Миф алғашқы танымдық форма деп танылуымен қатар, 
оның көркемдік тініндегі қиял байлығы мен ой шеберлігі 
суреткерлерді таң қалдырмай қоймайды. Мифтің көмегімен әде-
биеттанушылар әдеби тектер мен әдеби процестің заңдылық-


158 
тарын түсіндіріп қана қоймай, жеке әдеби шығармалардың ерек-
шеліктерін тануға ұмтылуда. Ол өз ауқымына өнердің, діннің, 
ғылымның бірлігін жинақтады, олар өз кезегінде өнердің салала-
рына жіктелді – музыка, би, архитектура, әдебиет, соңғысы өз ке-
зегінде түрлер мен тектерге: ақынның жеке «Менін» бейнелей-
тін лирикалық поэзияға, баяндауға құрылған эпикаға және құ-
рылымы тек оқиға мен диалогтарға негізделген драмаға (траге-
дия, комедия) жіктелді. Бұдан өзге эпикалық жанрлық түрлерге: 
ертегілер, аңыз-әңгімелер, новелла, әңгіме, очерк т.б. жатады. 
Поэма (грекше poiema – жасаймын, тудырамын) – өмір құ-
былыстарын кеңінен қамтитын, баяндауға немесе лирикалық сю-
жетке құрылған, көлемі үлкен, өлеңмен жазылған шығарма. 
Поэма - қазақ әдебиетінде өркендеген, қалыптасқан, дамыған 
жанр. Фольклордағы эпос үлгілері: батырлық, ғашықтық жыр-
лар, жыр-толғаулар, Абай дәуіріндегі шығыстық сюжеттерге не-
гізделген дастандар - осы жанрға жол салған қайнар-көздер. 
Ш.Құдайбердиевтің 
«
Қалқаман-Мамыр», 
«Еңлік-Кебек», 
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», 
І.Жансүгіровтің, С.Сейфуллиннің поэмалары ұлттық характер 
қалыптастырып, қазақ әдебиетінің көркемдік қазынасын байыт-
ты. Қазіргі қазақ әдебиетінде поэма-диалог (Ж.Әбдірашевтің 
«Келешекпен кездесу», Ж.Нәжімеденовтің «Алдар көсе немесе 
диалогтар»), публицистикалық поэма (Ж.Әбдірашевтің «Дәуір 
дабылы»), поэма-монолог (Ж.Әбдірашевтың «Ертегім менің – 
ертегім»), М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер 
жады космоформуласы» роман-поэмалары т.б. осы сияқты жаңа 
жанрлық түрлері бар. 
Повесть - әңгімеден анағұрлым көлемді, романнан кіші 
келіп, мазмұны терең, бас қаһарманмен байланысты өмір шын-
дығы кеңірек суреттелетін орта көлемді эпикалық үлгі. «Ол – 
көркем прозаның кіші формасынан үлкен эпикалық формасына 
қарай өтетін кезеңді түр»
1
. Романдағыдай шиеленіскен сюжет, 
көп кейіпкерлер кездесе қоймайды. Композициялық құрылымы 
жинақы, сюжет желісі бір арнада баяндауға құрылады. ХХ ға-
сырдың 20-шы жылдарынан бастап бұл жанрды М.Әуезов, 
1
Әзиев Ә. Қазақ повесі. Алматы: Мектеп, 1989. 16-б.


159 
Ғ.Мүсірепов, 
Ж.Аймауытов 
дамытса, 
қазіргі 
прозада 
Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Т.Әбдіков, Д.Исабеков, С.Санбаев, 
С.Мұратбеков, М.Мағауин т.б. жаңа ізденістермен көркейтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет