С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет53/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Он бір буынды өлең. Бас бунағы үш буыннан да, төрттен де 
келе беретін әйгілі қара өлең өлшемі. Қазақ өлеңі көбінесе он бір 
буынды болып келеді. 
Он буынды өлең. Мақал-мәтел, ақыл-нақылдарда жиі ұшы-
райды. Қ.Аманжоловтың «Дариға, сол қызы» он буынды өлең 
үлгісінде жазылған: Сапырды дауыл,/ тебіренді теңіз. 
Тоғыз буынды өлеңде әр бунақ үш буыннан тұрады: 
Жолдағы /төбелер /жоғалды, 
Көк орман /күзетті/ арнаны. 
Сарқырап / өмірге / жол алды /, 
Халықтың / қашанғы / арманы. (Х.Ерғалиев) 
Сегіз буынды өлеңнің тамаша үлгілері ауыз әдебиетінде 
бар. Сонымен қатар ол қазіргі қазақ поэзиясында да жиі қол-


149 
данылады. Мысалы, М.Мақатаевтың біраз өлеңдері осы үлгіде 
жазылған.
Айтатын саған/ /сырым бұл/
Ертеңім менің/ /бұлыңғыр/.
Әлсіреп, дымым/ /құрып жүр/ 
Жеті буынды өлең - байырғы қазақ жырының негізгі 
өлшемі. 
Алты буынды өлең.
/ Жүргенге/ жол жақсы /
/
Қалғанға / үй жақсы / 
/Мен сәлем / жазамын /
/
Қарағым / қалқама/ 
/
Қайғыңнан / азамын /
/Барушы / айтамын /. 
Аралас буынды өлең. «Сегіз аяқ», «Қатыны мен Масақбай», 
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. 
Өлең сөздің, поэзияның басты шарттарының бірі – ұйқас. 
Ұйқас - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара 
ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас поэзияның негізгі элементі, ажы-
рамас бірлігі болып табылады. Ұйқас өлеңдегі дыбыспен, ырғақ-
пен, лексикамен, интонациямен, синтаксиспен, тармақпен байла-
нысты. Өлеңде ой мен бейнеліліктің егіз үйлесімі ырғақ пен 
ұйқас арқылы жүзеге асады. Ұйқас сөздің мәні мен мағынасын 
арттырып, өлеңнің есте жақсы сақталу үшін, адам жанына не-
ғұрлым терең, әсерлі жету үшін керек. Академик Қ.Жұмалиев қа-
зақ поэзиясында ұйқас түрлерінің мол екендігін айта келіп, ең 
өнімді ұйқастарды төмендегіше жіктейді: 1) қара өлең ұйқасы, 2) 
шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс 
ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқас-
тар
1
.
Ұйқас – жекелеген дауысты немесе дауыссыз дыбыстар-
дың жай қайталануы ғана емес, кейде бір, көбінесе бірнеше 
буындардың үйлесімді қайталануы, үндесуі. З.Ахметовтің 
сөзімен айтсақ, «өлең ұйқасы бір-бірімен қиыстырылған сөздер-
дегі бір не бірнеше өзара сәйкес буынның дыбыс үндестігінен 
1
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1960. 183-б.


150 
туады»
1

Силлабикалық өлең жүйесіне негізделген қазақ өлеңін-
де бір-бірімен ұйқасатын, үндесетін сөздердің буындары да бір-
біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Ұйқас тек ұйқас үшін ғана 
алынбай, өлеңнің пішініне емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет