С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет66/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Сентиментализм – әдеби бағыт ретінде Англияда 1720 
жылдары дамыды. Ағартушы рационализмге қарсы шықты. 
Сентименталистер сезімді ақылдан, табиғатты өркениеттен 
жоғары қойды. Осыдан сентиментализмге терең лиризм тән. 
Автор мен кейіпкерлердің ішкі әлемін ашуда пейзаж негізгі 
көркемдік құралдардың бірі ретінде көрінді. Сентиментализмде 
жетекші жанрлар поэзияда - элегия, лирика, поэма, прозада – 
роман, драмада мещандық, психологиялық драма, «жылауық ко-
медия» үстемдік етті. Бұл бағыттың жетістігі – шығармаларда та-
биғатты суреттеуге, жеке тұлғаның ішкі әлеміне, психология-
сына, сезімдеріне көп мән беріліп, соның нәтижесінде әдебиет 
лиризммен байыды.
Поэзия жанрында сентиментализмнің негізін салған - 
Джеймс Томсон (1710-1748). Томсон - ақ өлеңмен жазылған 
«Жыл мезгілдері» поэмасының авторы. Сонымен қатар сенти-
менталистік поэзияның өкілдері - Эдуард Юнгтің, Томас 
Грейдің, прозада – Лоренс Стерннің есімдерін атауға болады.
Лоренс Стерн (1713-1768) – ағылшын және еуропалық 
сентиментализмнің 
өкілі, 
«Сентименталдық 
саяхат», 
«Джентельмен Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері», 
«Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» шығармалары-
ның авторы. «Франция мен Италияға сентименталдық саяхат» 
(1768) жиһанкез Йориктің атынан баяндалады. Л.Стерн жол жаз-
баларында күнделік сияқты суреттеудің жаңа тәсілін жасайды: 
өмірдің объективті жағы ғана сипатталмай, оған кейіпкердің 
субъективті көзқарасы, сезім күйлері, сапардан алған әсері жазу-
шының өзіне тән юмормен егжей-тегжей, тізіле суреттеледі. 
Л.Стерн - әлем әдебиетіне аса зор әсер еткен ағылшын жазушы-
ларының бірі. 
Ресейдегі сентиментализм бағытын ұстанған Жуковский
Карамзин шығармаларында қарапайым адамдардың көңіл-күйі, 
қуанышы мен мұң-қайғысы, яғни күнделікті тыныс-тіршілігі 
бейнеленеді.


188 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет