203
білген қазақ топырағына механикалық түрде
ауысқан жоқ, ол
«
өзімізге» айналып, ассимиляцияланды, ұлттық әдебиетіміздің
бір бөлігіне айналды. Қазіргі қазақ әдеби процесінің ерекшелігі,
әдебиеттанушылармыз атап өткендей,
сан алуан эстетикалық
жүйелердің: романтизмнің, реализмнің, модернистік ағымдар-
дың
өзара қатар, параллель, тіпті синхронды дамуында жатыр.
Бұл жүйелердің өзара әрекетке түсуі олардың элементтерінің өз-
ара кірігуіне алғышарттар жасады және соған сәйкес өз алдына
жеке эстетикалық бағыттың әрқайсысын зерттеуде күрделілік
туғызады.
Жаһандану дәуірінде қазіргі әдебиеттану ғылымы әдеби
байланыстар мен әдеби ықпал объектісін кең ауқымда қарас-
тырады.
Ол тек тақырыпқа, образдарға, сарынға, сюжеттік желіге
ғана қатысты емес, сонымен қатар көркемдік идеяларды, түрлік
ізденістерді, жанрлар мен олардың жүйесін, шығармашылық бағ-
дарламаларды да қамтиды. Халықаралық байланыстар әдеби
процесте шартты түрде дербес болғанымен,
өз кезегінде әдеби
шығармашылыққа да белсенді әсер етіп отырады.
Әдеби
процеске
ең
алдымен
әлеуметтік-тарихи
құбылыстар әсер ете отырып, екі түрлі фактор басты бағыт
береді:
ұлттық-
мәдени дәстүр мен
жалпы
адамзаттық, әлемдік
мәдениеттің әсері. Ұлттық топырақтан сусындап,
ұлттық
дәстүрден қол үзбеу және әлемнің көркемдік даму тәжірибесін өз
мүддесі тұрғысынан игеру - әрбір ұлт әдебиетінің жемісті
дамуының басты шарттарының бірі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: